Ашық сабақ d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып оқушыларына оқу бағдарламасына сәйкес сабақ жоспары. Сабақ қмж түрінде құрылып, барлық тақырып кең ауқымда қарастырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:

d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс.


Мұғалімнің аты-жөні: Жұмахметова Гүлім Алтынбекқызы

Күні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Білімділік: d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі мен мыс туралы жалпы сипаттама үйрету:

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ойлану, ойларын еркін жеткізу, есеп шығара білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, ұқыптылыққа , жан-жақты ізденіп, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Металдарға тән қасиеттерді,химиялық реакциялар түрлерін біледі,себептерін түсінеді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Металдардың түрлерін ажыратады,қасиеттерін анықтайды.Олардың қолданылуын біледі,есептерін шешеді.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Химиялық формулалар арқылы есептердің түрлерін топтастырады, химиялық қосылыстарын жинақтайды.

Бағалау критерийі

Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

қола,жез,мельхиор,малахит,қышқыл,оксид,тұз,гальваностеги ,т.б.

Ресурстар

Интерактивтік тақта, Д.И.Менделеевпериодтық кестесі, Н.Бекетовтың металдардың электрохимиялық кернеу қатары, ҚР географиялық картасы, слайдтар, постерлер,бояулар, мыс сымы,олардан жасалынған бұйымдар, есептеу құралдары, үлестірме қағаздар, қималар, қажетті реактивтер мен құрал - жабдықтар т.б.

Әдіс-тәсілдер

АҚТ, Интервью, Рефлексия пирамидасы, белгілер,виртуалды зертхана

Пәнаралық байланыс

Биология, физика,астрономия,тарих,география.


Алдыңғы оқу

Негізгі топша элементтеріне сарамандық жұмыс.(қайталау)

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың басы

2 минут






8 минут

Өткен тарауға шолу


Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

1. Психологиялық ахуал

Сабаққа дейін

Сабақтан кейін

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.


«Интервью» әдісі

1. Өткен сабақтарда қандай топтың элементтерін оқыдық?

I топтың негізгі топшасындағы натрий мен калий металын,олар-сілтілік металдар, ал II топтың негізгі топшасындағы кальций мен магний- сілтілік жер металдарын оқыдық.

2. I топ металдарының физикалық қасиеттері қандай?

Натрий және калий – күмістей ақ түсті сілтілік металдар, жаңадан кескенде жалтырайды. Ауада олар оңай тотығады және күңгірттенеді.Натрий және калиймен жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек. Оларды қолмен ұстауға болмайды, теріні күйдіреді. Қалдық тарын су құбырларына немесе қоқыс салатын кәрзеңкеге тастауға болмайды, өйткені тұтанып, жанып,тіпті жарылуы мүмкін.

3. II топ металдарының физикалық қасиеттері қандай?

Кальций – күмістей ақ түсті металл. Кальций ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды.

Магний – ақ түсті металл, ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады, сондықтан да мөлдір емес. Магний пластикалығы басым, жеңіл созылады, иіледі.

4. Судың жалпы кермектілігінің неше түрі бар?

Судың жалпы кермектілігі уақытша және тұрақты кермектілік деп бөлінеді.

5. Спорттық гимнастикада зіл темірін көтерген кезде қолдарына не жағады?

Магний оксиді – жеңіл, ақ түсті борпылдақ ұнтақ, суды оңай сіңіреді. Спортшының алақанына жағылған ұнтақ оны гимнастикалық снарядтан ұшып кетуден сақтайды. (әртүрлі формулалардың арасынан тауып көрсетеді.)

6. Өрт сөндірушілердің киімдері неге өртенбейді?

Табиғи магний силикаты – асбест – бұл табиғи талшықты минералды заттың сирек металы. Асбест атауы асбестос – өшпейтін, сөнбейтін деген ежелгі грек сөзінен алынған. Мақтадан,киізден және басқа органикалық материалдардан жасалған білтеден ерекшелігі – асбест жанбайды: оның құрамы 3МgО*2Н2О*2SіО2 (әртүрлі формулалардың арасынан тауып көрсетеді.)


Плакат және смайликтер






Микрофон

Сұрақтың жауабын білген оқушы жауап береді.

Сергіту сәті

2 мин






«Қызықты химия»

«Фараон жыланы» атты тәжірибе (Әділ жасап көрсетеді және тақтаға формуласын жазып көрсетеді)

Ең алдымен құрғақ спиртті жағады, содан соң үстіне кальций глюканаты таблеткаларын салады. Таблеткалар жанартаудан шыққан жылан сияқты жанады.


Құрғақ спирт, сіріңке, кальций глюканаты







Сабақтың ортасы

Жаңа білім

25 минут







1.Қарапайым аптекада сатылатын кальций глюканаты сияқты, ежелгі кезде адамдар қандай дәуірде өмір сүрген?(қола).

2.Қола деген элемент жоқ, бірақ қандай заттың құймасы? (мыс)

3. Тағы қандай құймалар білесіңдер? (жез)

4. Ал, жез қандай заттың құймасы? (мырыш)

Ал, ендеше оқушылар мыс пен мырыш периодтық кестеде қалай орналасқан?

Мыс – I топтың қосымша топшасында, мырыш – II топтың қосымша топшасында оранадлысқан.

Ендеше, бүгінгі жаңа тақырып «d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының

ерекшелігі. Мыс.»

Салыстыру кестесі

s-элменттердің айырмашалығы

Ұқсастығы

d-элементтердің айырмашылығы

1.Олардың сыртқы электрон қабатында бір немесе екі s-электроннан бар.


1.олардың сыртқы электрон қабатында 2s электрон (кейде 1s электрон) болады.

2.Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы (иондану энергиясы) сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.


2.Элементтер атомдарының сыртқы электрондары ядромен әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмен болады.

3.Электрондық қабаттарының саны және атомдарының радиустары да олардың атомдарының ядро заряды өскенде артады.


3.Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда ішкері екінші қабатқа түсіп , d-деңгейшені толтырады.Ауыспалы элементтердің периодтарында атомдық нөмңрң өскенде, сыртқы электрондық қабаттың құрылысы өзгермейді.


d-элементтер – периодтағы ауыспалы элементтер. Олардың барлығына металдық қасиет тін. Қосылыстарында әртүрлі тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Мыс периодтық жүйеде:

4-период, 5 — қатар, 1 — топ, қосымша топша, реттік нөмірі 29.



29 электрон, 29 протон, салыстырмалы атомдық массасы 63, 546.

4 электрондық қабат, 2)8)8)10)1, электрондық конфигурацияс

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1

Тотығу дәрежесі +1,+2, кейде +3; тотықсыздандырғыш болып табылады.

Оқушыларды маман иелеріне бөлемін

Физик: Мыстың физикалық қасиеттері.

Мыс – ашық қызғылт түсті жылтыр металл, жеңіл созылады. Балқу температурасы 10830С. Тығыздығы 8,9 г/см3 . Электр тогын (күмістен кейін) жақсы өткізеді.

Алынуы: СuO + H2SO4 → CuSO4 + H2O

CuSO4 + Fe Cu +FeSO4

Химиялық қасиеттері: (видеомен көрсетемін)

2 Cu + O2 → 2 CuO

CuSO4 + NaOH → Cu(OH)2 + Na2SO4

Cu(OH)2 → CuO + H2O

Геолог:

Қазақстанда ертеден өндіріле бастаған металдың бірі. Балқаш көлі маңындағы Тесіктас тауынан Қола дәуірі кезінде өндірілген кеніш табылды. XX ғасырдың 20- жылдарында Жезқазғандағы мыс кеніші өнім бере бастады. 50- жылдарда мыс кенін өндіретін үлкен өндіріс орындары салынды.Мыстың маңызды минералдары.Қазіргі уақытта 170 –тен астам мыс құрамды минералдар белгілі, олардың ішінде 10-15 –нің ғана практикалық маңызы бар.Халькопирит CuFeS2 (30% мыс), халькозин «мыс жылтыры» Cu2S (79,8% мыс), ковелин CuS (64,4%), малахит CuСО3* Cu(OH)2 (57,4%мыс), азурит 2CuCO3* Cu(OH)2 (55,5% мыс), куприт Cu2O (91,8 % мыс) жатады.

Географ:Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде, мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында өндіріледі.

Биолог: Мыстың биологиялық маңызы.

Өсімдік және жануарлар ағзасында мыстың мөлшері шикізатқа есептегенде 10-5%-дан 10-3% -ға дейін аралықта болады. Мыс өсімдіктерге де қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысатын маңызды микроэлементтердің бірі және өсімдіктердің азотты сіңіруіне әсер етеді.Адамның қанында шамамен 0,001 мг/л мөлшерде болады. Адам ағзасында мыс бауырда концентрленеді. Ол қан түзу процесіне қатысады, тотығу процесін күшейтетін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын, гемоглобин және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді. Адам ағзасында мыс мөлшері жетіспеуінен –қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т.б. пайда болады. Бірақ, оның артық мөлшері де зиянды. Көп мөлшері жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ұйқысыздыққа әкеледі. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы.

Есеп шығрау. Массасы 10,8 г алюминий сілті ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген сутек мыс (II) оксидінің қандай массасын тотықсыздандарыды?


Мыс сымы, d-элементтерінен жасалған құралдар,карта, картотека,слайд,видео,үлестірме қағаздар

Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

пирамида

Бағалау



Кері байланыс

1 минут

Оқушыларды өзім бағалаймын.





Әр оқушыға кері байланыс қағаздары

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2018
1904
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі