Сәлемдесу. «Бәрі
өз қолыңда»
Ынтымағы қалыптасқан
жайлы атмосфера қалыптастыру үшін «Темірдей берік бол!Алтындай асыл
бол!Қорғасындай салмақты бол!Сынаптай көлемді бол!Цезийдей жұмсақ
бол!Литийдей жеңіл бол!......ойыны арқылы бір-біріне ыстық лебіз
айтады.Ұстаздың сөзі: Бір данышпан болған екен.Сол данышпанды сынау
мақсатында қолында көбелек ұстап тұрған кісі былай дейді: Менің
қолымдағы көбелектің өлі немесе тірі екендігін айта аласыз
ба?,-дегенде данышпан оның өлі немесе тірі болуы өзіңізге
байланысты деген екен.Бүгінгі сабағымыздың қалай өтетіні өзімізге
байланысты, қымбатты оқушылар, -дейді
мұғалім.
3 түрлі түс ленталар
арқылы бөлінеді.Топтар аттары жазылған қағаздар топбасшыларына
беріледі. 3топқа бөлемін. Рольдерге бөлісіп алады. 1 топ: «Сілтілік
металдар» 2 топ: «Сілтілік –жер металдары» 3 топ:
«d-элементтер»
«Менен сұрақ –
сіздерден жауап»арқылы сұрақтар
қою
1.ІІА тоба
элементтерін неліктен сілтілік жер металдары деп
атаған?
2.Жер қыртысында
таралуы жөнінен кальций нешінші орынды
алады?
3 Жер қыртысында
таралуы жөнінен магний нешінші орынды
алады?
4.Ғаныш қай жерде
кездеседі?
5.Сілтілік металдар
нешінші топта орналасқан?
6.І А топ
элементтері неліктен сілтілік металдар деп
аталады?
7.. Сөндірілген
ізбестің формуласы қандай?
8.Сөндірілмеген
ізбестің
формуласы
қандай?
9.
Бор,әктас,мәрмәрдің формуласы
қандай?
10.Сілтілік
металдарды ата.
11.Сілтілік
металдарды не үшін керосин астында
сақтайды?
12.Сілтілік және
сілтілік жер металдарын қандай жолмен
аламыз?
13.Адам қолында
балқитын металл?
14.Балқу
температурасы ең жоғары металл?
15.Тығыздығы 5-тен
төмен металдар қалай аталады?
16. Тығыздығы 5- тен
жоғары металдар қалай аталады?
17.Ең қатты
металл?
18.Ең ауыр
металл?
Ғаламтордан
алынған материалдар
Металдар
патшалығы жайында ертегі Металдар
патшалығы
Ерте заманда «Металдар патшалығы» болыпты. Олар жарықта күн
сәулесімен шағылысып, түнде ай нұрымен сәулеленген сұлу шаһарда
өмір сүрген. Патшалықты ақылды, салмақты, әрі көріктілігімен
ерекшеленетін «Алтын» басқарыпты. Алтынды барлық металдар жақсы
көргенмен мыс қана ұнатпапты. Мыс алтынның ақылдылығын, сұлулығын
іштей қызғанады. «Мен де сұлумын, ол сары болса, мен қызыл -
сарымын, тіпті алтыннан да көріктімін, мен неге патша болмаймын?»
деген ойлар мысқа маза бермей, бір күні қастандық жасапты.
«Металдар» патшалығы түнгі ұйқыға кеткенде патша сарайына ұрланып
кірген Мыс Алтынды өте сақтықпен шаһар сыртына алып шығып, жерді
терең етіп қазып көміп тастайды. Сөйтіп, өзі ешкімге білдірмей
Алтынның орнына барып жайғасады.
Күн артынан күн өте береді. Мыс таңертең тұрғаннан кейін күнге
қарап бетін ысып әлекке түседі. Күн ысыған сайын қошқыл тартып,
жүдей түседі.
Бір күні бұл өзгерісті Алтынның жылдам әрі ақылды уәзірі Сынап
байқап қалады. Сынап металдарды жинап алып былай дейді: «Мына патша
біздің бұрынғы падишамызға ұқсамайды, бұл менің білуімше залым Мыс.
Біздің патшамызға қастық жасап, өзі оның орнына патша болмақшы.
Бәріміз мұның көзін жояйық. Алтынды тапқызайық»,- дейді.
Металдардың бәрі бірауыздан Сынаптың айтқанына келіседі. Жиналып
келіп Мысқа: «Біздің патшамыз қайда, сен оны қайда жасырдың? Сен
Алтын емес екеніңді мойында. Біз саған бәрібір Алтынды
тапқызамыз!»- деп есін шығарады. Бұлардың айтқанын өркөкірек Мыс
тыңдағысы да келмейді. Әбден ашуланған металдар Мысты жанып жатқан
отқа тастап жібереді. Мыс табан астында тотығып, беті қошқылданып
шыға келеді. «Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген халық мақалы
осындайдан қалса керек. Амалсыз Мыс өзінің істегенін металдар
алдында мойындайды. Алтынды шаһар сыртындағы көмген жерінен
шығарады. Жер астында қанша жатса да, Алтын бұрынғыдан да нұрлана
түседі. «Алтынды тот баспайды» деген сөз осыдан шығыпты.
Мыс болса өзінің қателігінен көп опық жеп, өз ісіне өкінеді. «Енді
мен осылай өмір бойы қап - қара болып қаламын ба?»- деп жылап
жібереді.
Ежелден ақылды Алтын кек сақтамай, Мысты кешіреді. Мысты сутек
толтырған ыстық моншаға шомылдыртады. Содан Мыс баяғы қалпына
келеді.
“Кубизм” стратегиясы.
3 топтан кубик
лақтыру арқылы жауаптар алынады.
Металдар
түрлері
-
2.Салыстыр.Химиялық
қасиеттері.
-
3.
Ұсын.Тайқазан.Металл
ақша
-
4.Дәлелде.Металлургия
-
5.Талда. Тайқазандағы 7 металды
ата
-
6.Ой-толғау.Металл ақша қай металдан
жасалған?
Жұмбақтар мен
мақал-мәтелдер.Полиглот
1.Қыздырып соқсаң
иленеді,
Балға мен төстен
именеді (темір-железо-феррум)
2.Кескен болсам
кесілмейді,
Кесілсе де
бөлінбейді(сынап-ртуть-гидраргирум)
3.Жазылуым бойынша
оқысаң элементпін.
Ал керісінше оқысаң
өткізгішпін.
Ойлаңдаршы, сонда
мен кіммін? (мыс-сым-медь-купрум)
Мақал-мәтелдер
1.Арыстанға.....шынжыр ар
емес
(темір-железо-феррум)
2.Ақыл.....сандық,
адамына қарай
ашылар
(алтын-золото-аурум)
3.................
менің ардақтым
........................
салмақтым
(алтындай,қорғасындай)
«Сөздер
банкасы»
Берілген
қосылыстардың аттарын атаңдар.
Рольдік ойын “Мысты күміске
айналдыру
|