Ашық сабақ "Дәрілік өсімдіктер" 7сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Дәрілік өсімдіктер" 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға техникалық, талшықты және дәрілік өсімдіктердің, қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы жайында түсінік беру 2.Тәрбиелік: Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге, өз ауласына мәдени өсімдіктерді өсіріп күтіп – баптауға бағыт беру 3. Дамытушылық: Оқушыларға техникалық,талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктердің пайдасы және зияны жайында білімдерін толықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Техникалық, талшықты, дақылдар мен дәрілік өсімдіктер

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға техникалық, талшықты және дәрілік өсімдіктердің, қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы жайында түсінік беру

2.Тәрбиелік: Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге, өз ауласына мәдени өсімдіктерді өсіріп күтіп – баптауға бағыт беру

3. Дамытушылық: Оқушыларға техникалық,талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктердің пайдасы және зияны жайында білімдерін толықтыру

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер


I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау


Берілген сөйлемді аяқта

1. Реңі ажарсыз, көгілдір ұсақ гүлді, сүректі бөлме гүлі - ..................... (бейқалақай)

2. Шаршыгүлділер тұқымдас бір, екі және көп жылдық өте бағалы көкеністік дақыл - .................(орамжапырақ)

3. Жарық сүйеді .............................. (гүлді орамжапырақ)

4. Бейқалақайдың ғылыми атауы - ................., ................ (плектрантус, фрутикозус)

5. Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік – шығысында ........... ,........... ,........... өсіріледі. (Алма, алмұрт, алхоры)

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Техникалық дақылдар дегеніміз – кез келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер.Талшықты өсімдіктер де Техникалық дақылға жатады.Техникалық дақылдардан қант,крахмал,май,илік заттар,өзге де қажетті заттар алынады.

Үпілмәлік

Бұйдакендір

Жалбызтікен

Көпжылдық сүттіген тұқымдас техникалық дақыл. Ол биіктігі 10 метрге дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы

жеуге жағымсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Сабағының

талшықтарынан арқан есіп,қап тоқылады. Оның отаны – Шығыс

Африка. Қазақстанда бір түрі – кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған бір жылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 см-ге дейін жетеді. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-140С-де өнеді. Өсімдік кезеңі 110-150 күн.

Құлқайыр тұқымдасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі – сары түсті. Жемісі – 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3-5 ұсақ тұқымдары болады. Отаны – Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында мұғалжар да өседі. Торғай қолтұғында, Балқаш Алакөл ойысында Іле, Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді. Ол топырақта ылғалдықтың жетімсіздігіне төзе алмайды. Адам өмірінде дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам өсімдіктердің 500-дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Айыр, долана, қарғакөз, жүзжылдық және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармалогиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана алу мақсатында өсіріледі.

Құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150см-ге дейін бойлап өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым қыркүйек айларында гүлдейді. Жалбызтікеннің тамыры – дәрілік шикізат,оның құрамында 37-ға дейін крахмал, 10,2-ға дейін қант. Сондай-ақ пектин, май, витаминдер бар. Халықтық медицинада іш жүргізу, дизентерия, асқазан жарасын емдауге, тіс түбінен еттері босап, алқыш бездері ауырғанда, ауызды, тамақты шаюға қолданылады. Емдік дәрі дайындауға қажетті өсімдік тамырын наурыз және қыркүйек - қазан алған тиімді. Емге пайдалану үшін тамырдан тұнба дайындалады.


IV. Жаңа сабақты бекіту

Кім тапқыр ?

1. Техникалық дақылдар дегеніміз не?

2. Қазақстанда бұйдакендір қай аумақтарда өседі?

3. Бұйдакендір қандай өсімдік? Ол қандай мақсатта қолданылады?

4. Дәрілік өсімдіктер тобына қандай өсімдіктер жатады?

V. Үй тапсырмасы:

1. § 39. Техникалық, талшықты дақылдар мен дәрілік өсімдіктер

2. Өсімдіктер туралы қазақтың мақал – мәтелдерін жинастырып, дәптерге жазыңдар

3. Өздерің отырған өңірде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы хабарлама жазыңдар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі