400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ даярлық тобына

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың саусақ маторикасын,зейінің дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілген күні: 15.11.18

Тәрбиеші: Г.Д.Қабылдина

«Ақбота» ортаңғы топ

Вариативтік компонет: Лего құрастырғыш

Тақырыбы: «Көп қабатты үйлер»

Мақсаты : Көп қабатты үйлер мен ғимараттар туралы балалардың білімдерін кеңейтіп, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрастыруға, құрылыс материалын таңдай отырып көп қабатты үй құрастыра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ,видео,ойын техналаогиясы

Билингвалдық компонент: үй-дом,үйлер-дома, көп қабатты-много этажный, құрылысшы-строитель, шеге- гвоздь,ара –пила, балға - молоток

Сөздік жұмыс: шатыр, үйдің іргетасы,

Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материалдарының жиынтығы, үйдің үлгісі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

I. Ұйымдастырушылық кезеңі

Жұмбақ жасыру

1.Төрт қарны бар,
Бір аузы бар.(Үй)

Балалар неліктен үй деп ойлайсыңдар?

2. Жүруге аяғымен ерінеді,

Адамға қашан болса пайдасы бар,

Бір мезгіл жарық болып көрінеді. (Терезе)

Терезе екенің қайдан білдіңдер балалар?

3.Адам кірсе ашылады,

Сыртқа шықса жабылады. (Есік)

Неліктен есік деп ойлайсыңдар?


Слайд қарау

Суретпен жұмыс:

-Балаларға суретті көрсетіп ,талдау жасау.

-Балалар сендер мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Үйлер қандай екен?

Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма беріледі.

Алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсету.Бір қабатты үйге төрт текше,екі үшбұрыш керек және оны қалай қою керек . Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер қажет болады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес орналастыру керек,екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпіш қойылады,оның үстіне екі жасыл түсті текше қойып, сары кірпішті орналастырып, оның үстіне көк түсті үшбұрыштарды қоямыз, сонда көп қабатты үй дайын болады


Құрылысшылар үй салып жатқан суретке қарап әңгіме құрау.

— Құрылысшылар не істеп жатыр?

— Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр...

— Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты. Неше қабатты үй, қане, санайықшы.

Қабатын, есігін, терезесін санау.

Тәрбиеші: Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?

Балалар: Адамдар тұру үшін.

 Біздің еліміз көп ұлтты. Міне, осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған. Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай өте тату тұрады. Бір-біріне амандасады, көмектеседі, т.б. мысалдар айту (имандылық тәрбиесі).

Тәрбиеші: Балалар, осы зәулім үйлерді кімдер салады?


Ал, кез келген адам үй сала бере ме? Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді.


Бәріміз "Құрылысшы" деген тақпақты есімізге түсірейікші.

Қолда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйген
Құрылысшы боламын.


II. Негізгі бөлім.

Енді, балалар, біз осы суреттегідей көп қабатты үйді құрастырып көрейік.

Ол үшін бәріміз бүгін құрылысшылар боламыз. "Құрылысшы" ойынын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Құрылысшының заттары»

Мақсаты: Үйді құрастыру үшін керек заттарды дұрыс таңдап, атауларын білу.

Ойын шартын түсіндіру. Бұрын құрастырған үйлерді еске түсіреді. Ең алдымен неден бастау керектігін, үйлердің қандай бөліктері бар екенін сұрайды. Балалар үйді іргетасынан бастап тұрғызу керектігін, қабырғаларын, есігін, терезелерін орналастыру жайын, т.б. өз ойларын айтады. Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін беліседі.

қай жерге құрылыс салу қажеттігі белгіленеді;

— қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды;

— неше қабатты етіп тұрғызуға болатының ойластырылады;

— үйдің іргетасынан бастап, қабырғалары, терезелері, есіктері жасауды балалар кезектесіп орындайды;

— Құрылысшы: Қай бригада тұрғызған көп қабатты үйлер әдемі болар екен", — деп өзі бағыт беріп түсіндіріп, бақылау жасайды;

— кейбір балаларға көмектесіп, іс-әрекетке бағыттап, еңбек нәтижесін мадақтайды;

— балалардың тұрғызған көп қабатты үйлері салыстырылып, бір-бірінің құрылыстарын талдау жасап бағалайды.

Саусақ жаттығуы

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым әкем

Балан үйрек анам

Ортан терек ағам

Шылдыр шүмек мен

Тіттей бөбек сен

Бір үйде біз нещеуміз

Бір үйде біз бесеуміз


Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Енді, балалар, біз осы суреттегідей көп қабатты үйді құрастырып көрейік.

Ол үшін бәріміз бүгін құрылысшылар боламыз.

Мен көп қабатты үйдің үлгісін көрсетемін.

Балалар конструктордан үй құрастырады.

Балалар жұмысқа кіріседі.

Балалар алдарындағы конструктордан көп қабатты үй құрастырады.

III. Қорытынды.

Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Балалар үйді кімдер салады екен?

Құрылысшылар қандай үйлер салады?

Конструктордан нені құрастырдық?

Жақсы жұмыстарды мадақтау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қыркүйек
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі