Ашық сабақ «Д.Досжан «Жібек жолы» романы үзінді » 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Д.Досжан «Жібек жолы» романы үзінді » 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Мәтіндегі тірек сөздер арқылы мазмұнды түсіну; 2. Жетекші сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтау; 3. Диалогке қатыса отырып, өзара түсінісу, ойларын толықтыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 8-бөлім. Қазақстан және Ұлы Жібек жолы

Мұғалімнің аты-жөні: Есенбекова Г.К.

Мектеп: «Мұхтар негізгі орта мектебі» КММ

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Д.Досжан «Жібек жолы» романы үзінді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;

6.2.5.1. коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру;

Сабақ мақсаты

  1. Мәтіндегі тірек сөздер арқылы мазмұнды түсіну;

  2. Жетекші сұрақтар арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтау;

  3. Диалогке қатыса отырып, өзара түсінісу, ойларын толықтыру;

Бағалау критерийі

  • мәтіннен тірек сөздерді табады;

  • сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • диалогке қатысады, өзара ой бөліседі;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор: құдірет, ежелгі, таусылмас, жібек, жәрмеңке, базар, барқыт, сәуегей, байлыққа белшеден бату, сауда, қорған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Ұлы Жібек жолы» туралы не білесің?

  2. «Ұлы Жібек жолының» бойында қандай қалалар болған?

  3. Ондағы басты тауарлар не болды?

Құндылықтарға баулу

- тарих, мәдениет, тілдің біртұтастығы;

- шығармашылық сын тұрғысынан ойлану;

- құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталған тапсырмалар арқылы іске асырылады;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

Пәнаралық байланыс

Сабақтағы тапсырмалар АКТ, мәтін мазмұны тарих пәнімен байланысты


Алдыңғы білім

Оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтай алады, берілген сұрақтарды дұрыс түсініп,лайықты жауап береді,шағын диалогке қатыса алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

5 мин.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

- Сәлем достым! (амандасады)

- Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

- Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

- Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

- Сен келдің! (қолдарын жаяды)

- Жақсы болды!(құшақтайды


Кері байланыс

«Серпілген доп» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.


Ынталандыру: қол соғу



Топтастыру: түрлі-түсті таяқшалар арқылы

І топ - Қызыл.

ІІ топ -Жасыл

ІІІ топ - Сары

IV топ - Көк

Мұғалім оқушылардың жаңа сабақта қандай дағдыларды дамыту жұмыстарымен айналысатындықтарын және сабақ тақырыбын хабарлайды.


Тренинг жазылған парақшалар




Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Оқу құралы. А.Қ. Әлімов/ «НЗМ» ДББҰ ПШО, Астана 2014 78-84 б.


Түрлі-түсті таяқшалар

Сабақтың ортасы

28 мин
























Тыңдалымалды жұмысы

С. «Сөздік гол» әдісі

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Керуен, Жібек жолы, Ұлы сөздерінің мағынасын ашу


Сөз

Мағынасы

Сөз тіркесі








Тыңдалым кезеңі

С. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


«Жібек жолы» романынан үзінді

Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» аталғаны түсінікті. «Ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан «Ұлы Жібек жолы» болып тарихқа енді.

Ұлы Жібек жолы – әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеуі жетістіктерінің бірі. Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен бастап, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы.

Жібек жолы б.з.д. ІІІ ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, ХҮІ-ғасырға дейін қызмет етті. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет пен дипломатиялық қарым-қатынас орнады.


Тыңдау кезінде

Ж. «Сүзгі» әдісі

Мәтінде кездесетін тірек сөздерді ірктеп отырыңыз.


«Сүзгіден өткізілетін» қатар:

Ұлы, әлемдік, өркениет, керуен жолы, сауда магистралі, мәдениет, дипломатиялық.


Бағалау критерийі: мәтіннен тірек сөздерді табады

Дескриптор:

  • сөздерден қажеттісін іріктейді;

  • іріктелген сөздерге мәтіннен мысал келтіреді;

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі бағалау.


Тыңдалымнан кейін

ЖЖ. «Сенімді және еркін жауап беру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтар:

  1. Неге «Ұлы Жібек Жолы» деп аталды?

  2. Ұлы Жібек Жолы қай жерлермен өтті?

  3. «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырда пайда болған?

  4. Бұл жолдың қандай маңызы болды?

  5. «Ұлы Жібек жолында» қандай мемлекеттер бір-бірімен сауда жасаған?


Нәтиже арқылы саралау:

А. Білу, түсіну деңгейіндегі нақты, ойлануға жетелемейтін ашық сұрақтарға жауап беруді таңдайды.

В. Қолдану, талдау, салыстыру деңгейінде ішінара ойды өрбітетін ашық сұрақтарға жауап береді.

С. Бұл оқушылар барлық ойлау деңгейіндегі сұрақтарға еркін жауап бере алады.


Бағалау критерийі: сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтінді қорытындылаушы 1 сөз тіркесін айтады;

ҚБ. Өзара бағалау. Түсіндірме


ТЖ. «Үш қадамдық сұхбат» әдісі

Шарты: біріншісі – сұрақ қояды, екіншісі – жауап береді, үшіншісі – жазып отырады.


Жағдаят: сен керуен бастаушысың, тауардың қандай түрлерін тасымалдар едің?


Бағалау критерийі: диалогке қатысады, өзара ой бөліседі;

Дескриптор:

- жағдаятқа қатысты пікірі білдіреді;

- ойды толықтыруда тірек сөздерді қолданады;

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша өзара бағалау жүзеге асырылады



Түсіндірмелі сөздік











Қосымова Г., Сатбекова А, Берденова К., Рахымжанов К.

Оқулық қазақ тілі мен әдебиет, Алматы –

Мектеп 2018

101 бет









































Сабақтың соңы

7 мин


Бекіту «Активатор 3:2:1» әдісі

  1. Білгеніңіз бойынша 3 сөйлем жаз.

  2. Жібек жолы мен қазіргі сауда түрлерін салыстырып екі сөйлем жаз.

  3. Түйінді бір сөйлем жаз.


Рефлексия «Шығу билеті»

  1. Мен ... үйрендім.

  2. Мен ... түсіндім.

  3. Маған ... қиын болды



Қосымша ақпарат

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақта оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді нәтиже арқылы саралауды жоспарлаймын. Саралау тапсырмасы сұрақтарға жауап алу. Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар білу, түсіну деңгейіндегі нақты, ойлануға жетелемейтін ашық сұрақтарға жауап беруді таңдайды. Орташа қолдау қажет оқушылар қолдану, талдау, салыстыру деңгейінде ішінара ойды өрбітетін ашық сұрақтарға жауап береді. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар барлық ойлау деңгейіндегі сұрақтарға еркін жауап бере алады.

Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына обьективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Қалыптастырушы бағалау сыныпты ынталандыру функциясы (қол соғу) арқылы, жеке жұмысты бағалау «Бағдаршам» әдісі, жұптық жұмыс «Өзара бағалау. Түсіндірме» әдісімен, топтық жұмыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Сабақ соңындағы «Шығу билеті» рефлексиясы келесі сабақты жоспарлауға негіз болады.

Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «Серпілген доп», «Сөздік гол», «Сүзгі», «Сенімді және еркін жауап беру», «Үш қадамдық сұхбат», «Активатор 3:2:1» сияқты оқытудың интербелсенді әдістеріне негізделіп құрылады. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.06.2018
4055
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі