Ашық сабақ. Денеге қалай күтім жасау керек? 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Денеге қалай күтім жасау керек? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
денсаулықты сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау; • денсаулықты сақтаудағы тіске күтім жасаудың маңызын түсіну; • бақылау жасау жоспарын құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



Күні:05.12.2017.

Мұғалімнің аты-жөні: Суюндикова Г.А.

Сынып: 2Ә

Пән: жаратылыстану


Қатысқандар: 20

Қатыспағандарсаны: 0


Сабақ тақырыбы




2 бөлім Менің мектебім Тірі табиғат. Адам


Тақырып:Денеге қалай күтім жасау керек?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.3.4 денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның рөлін анықтау

2.2.3.5 денсаулықты сақтауда тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: денсаулықты сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

Көптеген оқушылар: денсаулықты сақтаудағы тіске күтім жасаудың маңызын түсіну;

Кейбір оқушылар: бақылау жасау жоспарын құрастыру

Жетістік критерилері

денсаулықты сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;

денсаулықты сақтаудағы тіске күтім жасаудың маңызын түсіну;

бақылау жасау жоспарын құрастыру.

Сөздік қор

тазалық;

тіс;

тісжегі.


Құндылықтарды

дамыту

Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.

Пәнаралық

байланыс

Математика қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлар әлемінің көптүрлілігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру.

Топқа бөлу. «Түрлі түсті қыстырғыштар»

(Ұ) Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз







Сабақ ортасы



Үй тапсырмасын бекіту.

ОМ таныстыру.

  • денеге қалай күтім жасау керектігін білесің;

  • тістің не үшін қажет екенін түсінесің.

Денеге күтім жасау

-Жеке гигиена дегеніміз не?

-Өз денеңе қалай күтім жасайсың?

-Қолды қашан жуу керек?

-Неге?

-Сен қолыңды қалай жуасың?

-Суреттерге қара. Адам өз денесіне тағы қалай күтім жасайды?

(Ж)

Суреттерге қарап отырып, адам өз денесін үнемі таза ұстау үшін өзіне қалай күтім жасау керектігі жөнінде әңгіме құрастыр.

Дене тазалығын сақтау қажет. Тазалықсақтау дегеніміз –үнемі жуыну, суға түсу,аяқты, басты, қолдыжуып отыру, тырнақ алу, тіс тазалау. Қолды тамақ ішер алдында,дәретханаға барғаннан

кейін, көшеден келгенде жууды естен

шығармау керек.

(Т) Әр топқа тістегі тесіктің неден пайда болатыны туралы ойлануларын тапсырма ұсыну

Шамадан тыс көп тәтті және ұн тағамдарын жеуден тістер тез бұзылады

-Қышқыл қайда пайда болады?

(Тістің бет жағында.)

-Адам қашан тіс ауруын сезіне бастайды?

(Қышқыл тісті біртіндеп бүлдіре отырып, жүйке талшықтарына жетеді.)

-Тісті емдейтін дәрігерді қалай атайды? (Тіс дәрігері.

-Тісжегі пайда болмау үшін не істеу қажет? (Ауызды шайып, тісті тазарту қажет, шамадан тыс көп тәтті тамақ пен ұн тағамдарын жемеу керек.)

Тіс пастасын көп пайдаланбау және тіс щёткасына қатты салмақ салмау керектігі жөнінде түсіндіру. Тісті үш минуттан кем тазартпау қажет. Тісті жуып болған соң, щётканы жуып, пастаның аузын қатты жауып қою керек. Тіс щёткасын үш айда бір рет ауыстырып отыру керек. Тіс пастасын өз жасыңа лайық таңдап алу қажет.

Тіс сау болуы үшін:

тәтті және ұннан жасалған тамақтарды көп

жемеуді;

тамақтан кейін ауызды шаюды;

күніне үш минуттан екі рет тісті тазалауды;

жылына екі рет тіс дәрігеріне көрінуді естен шығармау керек.

Тіс – адамның дене мүшесі. Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, ит тіс, азу тістер болып бөлінеді.

Күрек тістер – тамақты тістеп, бөлуге арналған алдыңғы тістер.

Ит тістер – бөлінген тамақты үзіп алып, ауызда ұстап тұру үшін қажет үшкір тістер.

Азу тістер асты ұсақтап шайнау үшін керек.

Ауыз қуысында тіршілік ететін бактериялардың әсерінен тіс кіреукесі (эмалі) бұзылады. Олар тісті зақымдайтын қышқыл бөліп шығарады.

Ауыз қуысына күнделікті күтім жасау қажет. Әр тамақтанған сайын тіс арасындағы қуыста қалып қойған тағам қалдықтарынан арылу үшін ауызды шайып отыру қажет.

«Пайдалы кеңестер» видеосын көрсету.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

(Т)

1-топ: Суреттерден адамның жеке бас тазалығына қажет заттарды тауып қиып алып, баланың жанына жапсыру.

2-топ:Тістің атауларын жазып, олардың атқаратын қызметін жазу.

3-топ:Айнаға қарап, тістерінің қандай екенін, олардың пішінін және мөлшерін салыстыру.

4-топ:Тісті күтуге арналған ереже құрастыру.

Дәптермен жұмыс.

1.Неліктен тістер әртүрлі болады?

2.Тіс күтімі.

3. Тазалықты сақтау қажет.

Зертте! Сенің тістерің қандай? Олардың пішінін және мөлшерін салыстыр.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әр оқушыға айна мен қалам қажет болады.

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар

Айнаның көмегімен өздерінің тістеріне қарайды.

Мүмкіндігінше, қойын дәптеріне пішіні мен мөлшері жағынан ерекшеленетін тістердің суретін салады.

Ауыз қуысындағы тістің түрлерін санайды.

Тістердің қаттылығын тексеру үшін ақырындап қарындашпен тықылдатады.

Мүмкіндігінше, үстіңгі және астыңғы жақтағы тістерді санайды.

Нәтижесін қойын дәптеріне жазып алады.


Оқулық:

тісті тазалау реті бейнеленген плакат;

айна.

Интернет-ресурстар:

қолды жуу керектігін баяндайтын бейнекөрініс.



Сабақтың соңы



Сабақты қорыту.

Есте сақта!

Тістің пішіні және мөлшері олардың қызметіне

байланысты. Денеге күтім жасағандай, оларға да

күтім жасау керек..

Қатты көгөністер мен жемістерді жеу пайдалы. Бұл тісті бүлінуден сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау.

-Оқушылардан қалыптастырушы бағалау жүргізіп, кері байланыс беру.

Кері байланыс:




Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

«Сенің тістерің қандай? Олардың пішінін және мөлшерін салыстыр.»

тапсырмасыдифференциациялық тапсырма ретінде ұсынылады.


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Зерттеу жұмысының барысында бас сүйегінің кестесін немесе макетін көрсету, оны оқушылардың өздері салған суреттерімен салыстыруға тапсырма беру. Сабаққа байланысты деректік материалдарды қолдана отырып, тістің әрбір түрінің атын оқу, оның ерекшеліктеріне тоқталып өту. Тістердің әрқайсысының қызметтері туралы айтып берулерін сұрау. Әзіл түрінде ауызға түскен түйір нанның «жүру сапарын» айту (Алдымен нанды күрек тістер үзіп алады, кіші азу тістер бөлшектейді, алдыңғы ит тістер бөліктерге бөледі, ең соңында үлкен азу тістері асықпай шайнайды.) Бұл жұмыс оқушылардың тістердің атқаратын қызметтеріне байланысты түрлері мен мөлшерінің әр қилы болатынын түсінгенін көрсетеді.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
1576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі