Ашық сабақ "Дені саудың-жаны сау" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Дені саудың-жаны сау" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылыарды тазалықа әрі спортпен жұғұлдануға өзінің денсаулығына нем құрамай казіргі вирустан сақтануға көп көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы






Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы: «Денсаулық-зор байлық»

Сыныбы: 2 «А»

Сынып жетекшісі: Г.Байсариева



Таныстым

ДТІЖО: Г.Туреханова

Күні : 18.11.2020ж

Сабақтың тақырыбы: Дені саудың-жаны сау

Сабақтың мақсаты: Денсаулық және дене тәрбиесі, оның адам өмірендегі маңызы туралы түсінік беру; оқушылардыңдың өз денсаулығын дұрыс қалыптастыра білуге үйрету және салауатты өмір салтына баулу.Пандемия туралы түсінік беру.

Білімділік: Денсалықтың қыр-сырларымен таныстырып, зиянды іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Алған білімін пысықтап, мәлімет түрінде алған білімдерін мысалдар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық: Алған мағлұмат-білімдерін тапсырмалар арқылы нақтылай түсу, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, топпен, жұппен жасалатын жаттығуларды орындау арқылы әр оқушының қарым-қатынаста алғырлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз денсаулығын сақтауға, өмір сұрудің салауатты түрін ұстануға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау.

Көрнекі құралдар: слайдтар, суреттер, карточкалар, тірек сызбалар, арнайы виде ороликтер

Тақтаға денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер ілінеді:

1) Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

2) Таңертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

3) Денсаулық — зор байлық.

4) Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

5) Тазалық — саулық негізі,

Саулық — байлық негізі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу;

Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру;

Суретпен жұмыс: Ой шоғырландыру әдісі

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл

гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулықДенсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты сақтық шараларын сақтауымыз қажет.

«Дәрігермен сұхбат» айдары


Пандемия деген не?

Пандемия – жаңа ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы. Гректің "пандемос" деген сөзінен шыққан. Қазақшасы – "барлық адамға тиесілі". Мамандар бұл терминді ауру әлемнің түкпір-түкпіріне таралған жағдайда қолданады.

Covid-19 қандай вирус?



Covid-2019 – жұқпалы жолмен тарайтын коронавирустың жаңа түрі. Коронавирустың негізгі белгілері респираторлық ауруларға ұқсайды:

дене қызуының көтерілуі;

шаршау;

құрғақ жөтел.

Кейде болуы мүмкін белгілер:

мұрынның бітелуі;

тұмаурату;

фарингит;

диарея.

Кейде ауру симптомдары білінбейді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел мен тыныс алу қиындағанда дереу медицина көмегіне жүгіну қажет. ДДСҰ мәліметінше, вирусты жұқтырған науқастардың 80 пайызы жазылуда.

Вирус қалай таралады?

Covid-2019 жұқтырған науқас жөтеліп, түшкірген кездегі мұрын мен ауыздан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Тамшылар заттарға жұғып, ауаға тарайды. Оларға жанасқан соң, вирус көзге, мұрын мен ауызға түседі. Сол себепті найқас адамнан бір метрден астам қашықтықта алшақ жүру керек. Вирустың өмір сүру әзірге ұзақтығы анықталмады.

Коронавирустың алдын алу жолдары қандай?

Ең алдымен, әр адам санитарлық гигиена талаптарын сақтауға міндетті. Көпшілік тамақтанатын жерлерге, қоғамдық орындарға, базарларға барудан бас тартқан жөн.




Қолды жиі-жиі сабындап жуыңыз, арнайы антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз. Үйіңізді (жұмыс орныңызды) таза ұстауға тырысыңыз: жиі-жиі сумен жуып, ауаны тазартып отырыңыз.

Түшкіргенде, жөтелген кезде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік сулықтармен жабыңыз. Ортақ тұрмыстық құралдарды пайдаланбаңыз.

Коронавирус белгілері неше күнде білінуі мүмкін?

Вирус жұққан күннен бастап 14 күннен 28 күнге дейін.

Аурудың алдын алу үшін қандай дәрумендерді ішкен дұрыс?

Арнайы дәрумен қабылдаудың қажет жоқ. Қазір дұрыс тамақтанып, жеміс-көкөніс жеген дұрыс. Қоғамдық жерлерден тамақтанбай, үйдің тамағын жеу қажет.

Нақыл сөздер.
Адамның денсаулығы туралы айтылған нақыл сөздердің маңызы зор.
- Денсаулық – зор байлық.
- Дені саудың – жаны сау.
- Батпайтын ас – жеген кісінің өзін жейді.
- Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

Топтық жұмыс: 1-топ

Қима қағаздармен жұмыс



2-топ: Әріптерден сөз құрау



Қорытынды

Қазақтың «Әуелгі байлық — ден саулық,Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық» деген нақыл сөзінде үлкен мән жатыр. Әр отбасы мүшесі өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Себебі, денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Денсаулық деген қазынаны ешқандай  дүние алмастыра алмайды. Ең алдымен сапалы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық аса қажет. Ал сол денсаулықты сақтау, оны қорғау – өз қолымызда, яғни өз еншімізге тиген үлес. Денсаулықтың қадірін ерте кезден білген халқымыз оны сақтау мен күтудің ерекше емдік түрлерін білген. Сонымен қоса ер жетіп келе жатқан ұл-қызық өнер мен түрлі физикалық ойын тұрлеріне баулыған. Өнерді жан рахаты деп білсе, ойынды тән рахаты, сонымен қоса нағыз денсаулықтың кепілі екендігін ескерген. Дұрыс тамақтануға да ерекше мән беріп, табиғи өнімдердің адам денсаулығы үшін пайдасының көлкөсір екендігінен хабардар болған, әрі сол пайдалы өнімдермен күнделікті тамақтанып отырған. Дәл бүгінгі уақытта дені сау ұрпақ-болашақ кепілі. Себебі, қоғамдағы ең белсенді адам – дені сау адам, ең алғыр адам да дені сау адамнан, өнімді жұмыс пен берекелі еңбектің де ең негізгі өкілі дені сау адам екендігін ұмытпауымыз керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2020
1359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі