Материалдар / Ашық сабақ "Динамика тарауын қорытындылау" маршруттық карта 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Динамика тарауын қорытындылау" маршруттық карта 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Маршруттық карта оқушының өз бетінше жұмыстануы үшін. Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылап, өздеріне анализ жасау үшін қолданылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2018
847
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы:

Күні

Тақырыбы


Практикалық жұмыс

Сапалық және мәтінді есептерді шығару.

Мақсаты


Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу,қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

А. Динамика тарауы бойынша алынған білімді жүйелейді.

В. Берілген тапсырмаларды орындайды.

С. Оқушылардың берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар


Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


5 мин

  • «Өрмекші тор» әдісі арқылы оқушы қызығушылығын оят

Оқушылар шеңбер құрады

Тұсаукесер


5 мин

Оқушыларды жұпқа «Стикердегі диолог» әдісі арқылы бөлу


Оқушалар жұпқа бөлінеді.


Негізгі бөлім






5 мин




10 мин








10 мин




















5 мин

















































1 тапсырма:

«Формулалар сыры» берілген латын әріптерінен формулалар құру.


2 тапсырма: Сәйкестікті тап







3 тапсырма:

2 тапсырма жауаптарын пайдаланып дәптеріңе есепте:


  1. Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?

  2. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

  3. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

  4. 1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 1 т машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз

  5. Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?


4 тапсырма: Тестті дәптеріңе орында:

1. Берілген шамалардың қайсысы скаляр шама болып табылады?

А) үдеу Б) күш В) уақыт Г) жылдамдық

2. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын көрсететін физикалық шама?

А) орын ауыстыру Б) жылдамдық В) үдеу Г) күш

3. Траектория дегеніміз не?

А) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

Б) дененің жүрген жолы

В) дененің кеңістіктегі жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызық

4. Массасы 15 кг жүкті 0,3 м/с2 үдеумен көтеру үшін қажет күш (g = 10 )

A) 0,45 Н. B) 5 Н. C) 45 Н. D) 50 Н. E) 154,5 Н.

5. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

А) Галилей Б) Ньютон С) Архимед

6. Дене массасының көлемге қатынасы

A) Ауырлық күш. B) Қысым. C) Салмақ. D) Тығыздық. E) Ұзындық .

7. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы

A) 8 кг. B) 0,8 кг. C) 50 кг. D) 25 кг. E) 10 кг.

8. Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш

A) 7,5 Н. B) 300 Н. C) 0,3 Н. D) 75 Н. E) 0,03 Н.

9. Өзара әсерлескен, массалары екі есе артқан екі дененің тартылу күші

A) 2 есе артады. B) 2 есе кемиді. C) 4 есе артады. D) 4 есе кемиді. E) өзгереді.


Формулалар құрып, түсіндіреді



Сәйкестікті тауып қарындашпен белгілейді



































Т естті орындайды






Қорытынды





2 мин


3 мин


Бағалау.


Рефлексия

«Сөйлетін стикер»

Екі жұлдыз, 1 ұсыныс




Қолдарыңдағы стикерлерге бүгінгі сабақтағы өзінің 2 жетістігін және 1 қателігін жазады



  1. Стикердегі диалог: (бағалау басбармақпен)


Инерциялық санақ жүйесі

денеге басқа даналар әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі.

Динамика

денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.

Күш

денелердің әсерлесу мөлшері.

Ауырлық күші (формуласы)

F=ma

Серпімділік күші

дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.

Үйкеліс күші

денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Ньютонның ІІ заңы (формуласы)

а=F/m

Ньютонның ІІІ заңы (формуласы)

F1=-F2

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

6,67*10-11 Н*м2/кг2


гравитациялық тұрақты.


  1. Берілген әріптерді біріктіріп формулалар жинау. (клей, әріптер, фломастер, А3 форматы)

Бағалау: смайликпен



-












«Физикалық диктант»

1. Сандық мәнімен және _______________ сипатталатын физикалық шама ___________ деп аталады.

2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал ______________ кері пропорционал.

3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан _________, ал бағыты______________.

4. Әлемдегі денелердің бір-біріне ___________ бүкіл әлемдік ________ деп аталады.

5. Денелердің _________ тартылу күшін _____________ күші деп атайды.


1. Сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама күш деп аталады.

2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал массаға кері пропорционал.

3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан тең, ал бағыты қарама-қарасы.

4. Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіл әлемдік тартылыс деп аталады.

5. Денелердің Жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.




Треки жалпы орта білім беретінқазақ мектебі











Ашық сабақ


Динамика негіздері тарауына есептер шығару











Физика пәні мұғалімі: Куниров Алмаз Тулегенович








2017 – 2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!