Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Д.Исабековтің "Әпке" драмасы 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ІІІ Махаббат және абырой

Мектеп: №7 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Саденова Жанар Сайлауқызы

Күні:

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Д.Исабековтің «Әпке» драмасы (Арман ПВ баспасы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы орындай алады:

Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқып, мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым көпшілігі орындай алады:

«Әпке» драмасының идеясы мен пафосын анықтайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Драманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, ойын ашық жеткізеді,қорытынды тұжырым жасайды.

Бағалау критерийі

  • Әдеби шығарманың идеясын анықтайды.

  • Идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігін,идеялық мазмұнын түсінеді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:драма,екі бөлімді драма,диалог,монолог,авторлық ремарка,драмадағы тартыс,шешім перде, прототип,реплика т.б

Диалог құру үшін қолданылатын тіркестер: менің ойымша...., мен..., ойлаймын..., драманың идеясына тоқталсам... т.б

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Адамдар санының өсуі немесе кемуінің қоғамдық маңызы барма?

-Демография ғылымының қоғам үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыңдар?


Ишара: қол қимыл мен бет-әлпетінің қозғалысы

Құндылықтарға баулу

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау,өзінің,өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау және отбасылық құндылықтар сіңіріледі

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану,өнер пәні,орыс тілі,

Алдыңғы оқу

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







І.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу.Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу.

Ә) Жаттығу-тренинг.Оқушылар шағын жұмыс топтарына бірігеді.

Б) Үй тапсырмасын сұрау. «Лездеме» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрап аламын.

ҚБ: мадақтау арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.





Стикерлер

Топ ережесі жазылған тақтайша және топ басшы

Оқулық


Сабақтың ортасы

30 минут









































































ІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.


Мұғалім шығарма жанры және автор туралы қысқаша ақпарат береді

Драма жанрының ерекшелігі «Пьеса тек сахнада ғана тіршілік етеді,сахнасыз драма – денсіз ем» Н.В.Гоголь


«Драмада адам өміріндегі ең маңызды,өнегелі дейтін,жұртқа қызықты жағдай ғана бейнелеуі керек» Д.Дидро.

«Әпке» драмасы 1977 жылы жазылып 1978 жылы сахналанған.Драматург ұзын саны 27 пьеса жазған,соның біразы шет елдер сахнасында қойылып келеді.

Ойлау дағдысының деңгейі: білу

1-тапсырма.«Әпке» драмасы туралы аудиожазба тыңдап,келесі сұрақтарға жауап беріңдер.(3.17мин.)

«Әпке» кім/кімдер туралы шығарма?

  • «Әпке» өзінің қоғамдағы актуалдығын жоғалтпаған екен.Оның себебі неде?

  • Жазушының «Әпкені» жазуына не түрткі болды?

Бар қызықты бауырлары үшін бас тартқан жан?

Қазақ қыздарының типтік бейнесі?

Дескриптор:

1.»Әпке» драмасының аудиожазбасын тыңдайды

2. Берілген сұрақтарға жауап береді

ҚБ: жұлдызшалар арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.



Ойлау дағдысының деңгейі: түсіну

2-тапсырма. Әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс.

Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар беріледі,мәтіндерді оқып,драма жанрына тән ерекшеліктерді анықтаңдар.

Дескриптор:

1. Әдеби-теориялық ұғымдар беріледі

2.Мәтіндерді оқып,драма жанрына тән ерекшеліктерді анықтайды

ҚБ:Смайлик арқылы бағалау



Ойлау дағдысының деңгейі:қолдану

3-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы шығарманың ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, пікірін дәлелдеңдер.

1.Пікір.Сұраққа байланысты пікірін бір сөйлемнен жеткізеді.

2.Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлемнен дәлелдейді.

3.Мысал. Пікірін ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, мысал келтіреді.

4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескриптор:

-Сұраққа байланысты пікірін бір сөйлеммен жеткізеді.

-Мәтіннен үзінді келтіре отырып, өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

-Пікірін ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, мысал келтіреді.

-Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

ҚБ:Мадақтау арқылы бағалау



Сабақ қорытындысы бойынша

Рефлексия. Сабақ қорытындысы бойынша

оқушылар үш рет шапалақтайды. Кімге? Неге? Не үшін?




Көрнекіліктер

















Тыңдалым материалы.


Аудиожазба





\











Таратпа материалдар,

кеспе қағаздар











Оқулықтағы мәтін


А3 форматты

Қағазы





















Слайд





. Сабақтың соңы

5 минут



Үйге тапсырма: «Әпке» туралы 200сөзден тұратын эссе жазу



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс: денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

  • Мейлінше қолдауды қажет ететін оқушылар Шығарманың мазмұнын түсінеді.Берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Қабілетті оқушылар Драманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып,өз көзқарасын білдіреді,

«Мадақтау, марапаттау», «Жұлдызша», «Эмоция», қалыптастырушы бағалауларды қолданып, балаларды ынталандырып отырамын.


АКТ қолдану барысында өмір және техника қауіпсіздігін сақтау.


.


Сергіту жаттығулары

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы Сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.10.2020
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12