Ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау. 1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: дүниетану

Мектеп: №83 А. Байтұрсынов атындағы ж. о. м

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім Менің мектебім

Күні : 9.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Кадирова Баян Кинесбаевна

сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Дос болайық бәріміз!

Оқу мақсаты:

1.1.2.6 Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.

        1. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: «достық», «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінеді;


  • Оқушылардың басым бөлігі: адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы біледі;


  • Кейбір оқушылар: өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануды үйренеді.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар әр берілген тапсырмадан кейін, бір-бірін алдарындағы бағдаршам түсімен бағалап отырады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

қарым-қатынас – общение – communication;

әңгімелесуші – собеседник – talker;

диалог – диалог – dialogue.

Құндылықты дарыту:

Бүкіл адам баласын бауыр, дос тұтыту, көпшіл болу құндылығын дарыту.

Пәнаралық байланыстар:

өзін-өзі тану, математика.

АКТ қолдану дағдылары

-Жұмыс дәптері: Достарыммен көңілді, 15 жұмыс парағы 17 б.

-Смайликтер, мағыналы суреттер, қима қағаздар.

Бастапқы білім:


Бірнеше оқушыдан жауап аламын.

Мектеп ережелері дегеніміз не ?

Ережелер не үшін қажет?

Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут





-Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін Әли мен Аяның «ДОСТЫҚ» туралы видеосын көрсетемін;

-оқушылармен бірлесе сабақ мақсаттарын анықтаймын;

-Балалар осы видеоны көргенде қандай сезімде болдыңдар?

-Қалай ойлайсыздар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты қандай? (оқушылардың ойы тыңдалады)

- «достық», «қарым-қатынас ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсіну;

- адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білу;

- өмірде қарым қатынас ережесін қолдануға үйрену.

видеожазба

Сабақтың ортасы



Оқулықпен жұмыс:

1 тапсырма


1.Жеке орындау



2.Топта орындау



3.Әр топ таныстыруына

























2 тапсырма

Жұптық жұмыс

Ой шақыру














3 тапсырма

Оқулықпен жұмыс

4 тапсырма

Топтық жұмыс

Қорғауға әр топқа

Сергіту сәтін өткізу






5 тапсырма






Дәптермен жұмыс


Оқушылар дүниетану оқулығымыздың 26 бетін ашып, мына суретке назар аударайық.

  • Осы суреттер қатарына тағы кімді қосасыңдар?

  • Сен кіммен не үшін араласасың?

  • Осы суретті бір сөзбен айтқанда қалай айтуға болады?

Берілген уақыт ішінде осы сызба бойынша әрбір топ мүшесі жеке, кейін топта бірлесе талқылап ортаға шығып әңгімелейді.

Енді орнында отырған оқушылар осы шыққан оқушыларды қолымыздағы бағдаршам көмегімен бағалайық.

І топ ___________________________

ІІ топ __________________________

ІІІ топ __________________________

ІV топ __________________________

V топ ___________________________

Жарайсыңдар!

Сонымен оқушылар, қарым-қатынас - бұл адамның әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Жақсы қарым-қатынас адамдардың бір-бірін дұрыс түсінуіне, достасуына көмектеседі. Қане айтып көрейікші қарым-қатынастың басқа тілдегі аудармаларын білеміз ба?

қарым-қатынас – общение – communication;

әңгімелесуші – собеседник – talker;

диалог – диалог – dialogue.

Жұптық жұмыс.

Біздің келесі тапсырмамыз берілген уақыт ішінде жұбымызбен алдымызда жатқан адасқан әріптер карточкасынан бүгінгі тақырып талабына сай келетін сөздерді құрастырып, жазып шығыңыздар.

Р А Д О Т С - Д О С Т А Р

Я Д Р Ь З У - Д Р У З Ь Я

Олай болса жұпта жұмыс істеген оқушылар бір-бірімізге қарап, қолымыздағы бағдаршам көмегімен бір-бірімізді бағалайық.

  • ДОСТАР — деген сөздерді естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?

  • ДОС → адал, мейірімді, шыншыл, қайырымды, көмектеседі, ұқыпты, жанашыр, қамқор.

  • Достар тату, мейірімді болады /дружный, любезный/.

  • Достар бір-біріне көмектеседі.

  • Айтыңдаршы достар сөзінің ағылшын тілінде қалай айтылатынын білеміз ба?

Д О С Т А Р- Д Р У З Ь Я -F R I E N D S


Жарайсыңдар!

О қушылар оқулығымыздың 27 бетіндегі суретке қараңыздаршы.

-Суретте олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?

-Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсыңдар?

-Неліктен?

-Біздің сыныпта осындай жағдайлар болды ма?

-Сыныптастармен арақатынасымыз қандай?

Олай болса, төмендегі сыныптағы қарым-қатынас ережесін бізге Әділхан оқып берсін.

Сыныптағы қарым-қатынас ережесі

-Сұхбаттасыңның сөзін бөлме, аяғына дейін тыңда.

-«Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан.

-Адамды ренжітіп алатын сөздерді айтпа.

-Айтыңдаршы, адамды ренжітетін қандай сөздер білесіңдер?

-Осыдан былай осы сөздерді айтамыз ба?

Онда маған бүгіннен бастап ешкімді ренжітпеуге уәде бересіңдер ма?

Жарайсыңдар! онда уәде, уәде.

Сыныпта сыныптастарымызды ренжітпеу үшін сыныптағы қарым-қатынас ережелерін ойлап жазайықшы.

-Сыныпта мұғалімді мұқият тыңдау;

- Сыныпта айғайлап сөйлемеу;

-Сыныпта алысып, жүгірмеу;

-Сыныптастарыңды ренжітпеу, сыйлау.


Жарадыңдар, онда өз-өзімізді қолымыздағы бағдаршам көмегімен бағалайық.

Берілген уақыт ішінде әр топ өздеріне таратылған суреттер бойынша әңгіме құрастырып топ мүшелерінен біреуі қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын  қолдарындағы бағдаршам түстерімен өзара бағалайды.

Енді сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
- Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.
Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Оқушылар сендердің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерің қандай екенін білу үшін мен сендерге 3 дүңгіршектің ішінен өздеріңнің көңіл күйлеріңді білдіретін смайликтерді алуды ұсынамын.

Жарайсыңдар!

Біз өз көңіл күйімізді анықтадық. Енді бір –бірімізге қарадық та, дүниетану жұмыс дәптеріміздің 17 бетін ашып смайликтерге қарайықшы.

-Сыныптасыңның көңіл күйін қай смайликтер арқылы көрсетесіңдер?

-Таңдаған ұяшықтарыңды қалаған түстеріңмен бояңдар.

-Өз таңдауларын екі-үш оқушы түсіндіреді.

Орындап болсақ, өз-өзімізді қолымыздағы бағдаршаммен бағалайық.

Жарайсыңдар!

Оқулық: Дос болайық бәріміз,

26-27 б.б.







































қима қағаздар























мағыналы суреттер







Жұмыс дәптері: Достарыммен көңілді, 15 жұмыс парағы 17 б


Сабақтың соңы

- Балалар, бүгін біздің алға қойған мақсаттарымыз қандай еді?

-Біз өз мақсатымызға жеттік па?

-«достық», «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy;

-адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy;

-өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy.


Сабақ бойынша рефлекия




Балалар бүгінгі сабағымыз осымен мәресіне жетті. Мына тақтадағы көп мөлшердегі алақан, орташа мөлшердегі алақан, аз мөлшердеші қалағандар жиынын көріп тұрсыздар.

Кім бүгінгі сабақта «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім тамаша» - деген оқушылар көп мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.

Кім бүгінгі сабақта «Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым» -деген оқушылар орташа мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.


Кім бүгінгі сабақта «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ» - деген оқушылар аз мөлшерді алақан жиынына келіп тұрсын.

Сендерге рақмет!!!





Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспар

лайсыз?Қабілеті жоғары оқушылар

ға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы

Топтық жұмыс. Зерделеу және зерттеу әдісі.

Қима қағаздар арқылы әңгімелеу.

Қ.Б Смайликтермен ынталандыру.

«Бағдаршам» әдісі арқылы

Кері байланыс бере отырып бағалау

-қауіпсіздік ережелерін сақтау;

үшкірзаттармен ойнамау;

-қауіпсіздік шараларын ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалй өтті?Қандай кедер

гілер болды?Не сәтті өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсыр

малар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай

өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі