Материалдар / ашық сабақ дүниетану

ашық сабақ дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған ашық сабақ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

Сабақ №13

Пәні: Дүниетану

11.02.2014ж

Сыдыкова Жанат


Сынып 2 «Ж»

Қатысқандар саны 25

Қатыспағандар саны

2


Сабақтың тақырыбы:

Ауа. Ауаның қасиеті

Сабақ негізделген оқу мақсаты


Ауаның қасиеттері және құрамы туралы білім қалыптастыру. Ауаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар (саны) ауа, ауның қасиетін біледі, түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі тәжірибеге көз жеткізіп, талдай алады.

Кейбір оқушылар ауаның негізгі қасиетін ажыратады.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары

Тест тапсырмаларын орындату.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер

Түсіндіру, топтастыру, көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, тәжірибе жұмысы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар,

көрнекіліктер



Ой шақыру

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Психологиялық дайындық.

Қазір бізге қай сабақ?

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін үйреткен,

Дүниетану сабағы.


Қоршаған орта табиғат,

Жануар,өсімдік,адамзат.

Сүю,қорғау-парасат,

Білейік мұны жамағат.

2.Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақтардан алған білімдерін қайталау.

Жылдың неше мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білеміз?

Жақын арада қандай мереке келе жатыр?

Жұмбақ жасыру.

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)

Шырша қандай ағаш?

Ол қайда өседі?

Олай болса, балалар мына тұрған шырша жәй шырша емес, өзі де, ілулі тұрған ойыншықтары да сиқырлы екен!Ойыншықтарында тест сұрақтары жазылған екен. Әр топққ екі тест сұрақтарынан беріледі. Топ мүшелері сұрақтарды таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.

1-топ. 1. Адамға шөлдегенде не қажет?

А. Тамақ Ә. Су Б. Жарық

2. Тұсбағар деген не?

А. Көқжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.

Ә. Бейтаныс тұстарды анықтайтын арнаулы құрал.

Б. Дәрігер құралы

2-топ. 1. Дүниетану пәні нені үйретеді?

А. Сандар туралы Ә. Сөздер туралы Б. Табиғат туралы

2. Тұсбағардың неше тілі болады?

А. 3 Ә. 2 Б. 5

3-топ. 1. Сурет деген не?

А. Көзімізге көрінетін зат. Ә. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі Б. Алыстан көрінетін бейне

2. Тұсбағарды пайдаланғанда қандай жерге қою керек?

А. Қисық Ә. Түзу Б. Тегіс

4-топ. 1. Сұлба деген не?

А. Кішкентай кез келген бейне

Ә. Көлемі кішірейтілген зат

Б. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі

2. Көкжиек деген не?

А. Көзің жеткен жерге дейін қарау

Ә. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік

Б. Аспан мен жердің астасқан жері

5-топ. 1. Масштаб деген не?

А. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін зат

Ә. Үлкен затты көру

Б. Бір заттың көлемі

2. Тірі ағзаларды ата.

А. Өсімдік,жапырақ, ағаш

Ә. Кітап, қалам, өшіргіш

Б. Нан, су, тамақ

3. Жаңа сабаққа дайындық.

Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайларды қандай жағдайларды білеміз?

Ауа, су тамақ,жарық, жылу.

Осы аталған ең қажетті бес жағдайға байланысты оқушыларды топқа бөлу. Топ басшылары келіп, қағаздардан топтың атын таңдап алады. Әр топқа жұмбақтар таратып беремін. Өздері жұмбақтың шешуін табады.

1-топ. Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(Ауа)

2- топ. Өмірде одан мол ештеңе болмайды.

Құшақтасаң құшағың еш толмайды. (Ауа)

3-топ. Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

4-топ. Бір сиқыршы бар екен,

Көзге көрінбейтін.

Қолға ұстатпайтын,

Не екенін кім біледі?

5-топ. Өзі бірақ көрінбейді,

Бір тұтас бөлінбейді.

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан желінбейтін.(Ауа)

Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріп, салыстырып айтқызу.

Тамақ пен ауаны. Су мен ауаны. Жарық пен ауаны. Жылу мен ауаны дәлелдеп айту. Адам өміріне ең қажеттісі ауа екенін дәлелдеп шығады.

Сергіту сәті. «Шырша жыры».




Мағынаны тану



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ауа. Ауаның қасиеті.

Тақырып электронды оқулықтан көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, тақырыпты жазу.

Ауа райы туралы видео сюжет көрсету.

Тәжірибелер жасау.

Оқулықпен жұмыс. Әр топ мәтінді өз беттерінше оқиды.

Ауаның ластануына байланысты видео сюжет көрсету.

Сабақты бекіту.

Ауа сөзін оқушылар топтастырады. Ауа-түссіз, мөлдір, көзге көрінбейді, сығылады, серпіледі, жануды қолдайды.

Оқушыларға Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?

парақшаларын таратып беру.



Қорытынды


Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мазмұнын әңгімелеу. «Ауаның маңызы» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағаларын қою.






Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, музыка.

АКТ-мен байланыс















  1. Тақырыпқа байланысты электронды оқулықты пайдаланғаным.

  2. Тәжірибе жұмыстарын жасағаным.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі.

2. Сабақтағы көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуы.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


1. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырма беріп, көңіл бөлмегенім. Топтағы оқушылар да оларға онша көңіл бөлмегені.

2. Келесі сабақтарымда сабаққа қатыспай отырған оқушыларға міндетті түрде қызығушылығын оятатындай тапсырмалар дайындаймын.




«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Сыдыкова Жанат Комекбаевна























ЖИ арқылы жасау
05 Қаңтар 2018
484
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі