Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ дүниетану "Біз қалай тамақтанамыз?" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ дүниетану "Біз қалай тамақтанамыз?" 1 сынып сабағының жоспары жас мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Тағам және сусындар

Біз қалай тамақтанамыз?

Мектеп: №8

Күні :


Мұғалімнің есімі: Рахимбердиева Калима Аманбаевна

СЫНЫП: 1сынып

Қатысқандар саны: 23


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:


көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру




Сабақ мақсаты:

  • Барлық оқушылар: ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың

  • тамақтану ерекшелігі туралы біледі.


  • Оқушылардың басым бөлігі:тағам және сусын түрлерін біліп, ажыратады.

  • Кейбір оқушылар: бұрынғы мен қазіргі кезеңді елестету тәсілдері арқылы ойлап , мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаты:

Тағам және сусын адамның тіршілік етуі үшін қажет.Олар күш береді Және шөлді қандырады.Көгөніс , жеміс және ет тағамдарын күнделікті пайдаланған дұрыс.

Тірек сөздер:

тағам – еда – food;

сусын – напиток – drink.



Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру


Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар:

Сабақтың басы:



















Сабақтың ортасы:



Ширату:

Оқушыларды қызықтыру үшін үстелдің үстіне тағам түрлері салынған дорбаны қоямыз. Оқушылар сіздің сабаққа не әкелгеніңізді табуы тиіс. Егер оқушылар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір оқушыны тақтаға шығарамыз. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады.

«Тағам және сусын» тақырыбын анықтайды..


Суреттерді салыстыр.

Оқушылар бұл тапсырмада оқулықта берілген 70- бет 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты,

ал екінші оқушы айырмашылықты табады. Оқушылардың білімін деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтыру:

Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды.

Адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін. Тағамды арнайы дайындаудың адамдар үшін қандай пайдасы болды? Біріншіден,

адамдар тамақтану үдерісіне аз уақыт жұмсады, себебі отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді

Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Топтық жұмыс:Тағам және сусын.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің атауы (алма, шұжық, сәбіз, айран және т.б.) жазылған үлестірме парақшаларды тарату.

«Жеміс-жидектер», «Ет өнімдері», «Сүт өнімдері», «Ұн өнімдері» атауларын іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша «сөйлейтін қабырғада» ілінген атауларға сәйкес жылдам 4 топқа бөлінеді.

Олардан оқулық тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Көп оқушылардан жауап алу үшін екі топқа әртүрлі тағам түрлерінің тізбесі бар парақтарды таратыңыз. Олар қалаған тағам түрлерін қарындашпен қоршап көрсетуі тиіс. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.

Орындап көр.

Бұл тапсырманы рөлдік ойын түрінде өткізсе болады. Сынып оқушыларын үш топқа бөліңіз. Әр топ Ресей, Англия және Қазақстан өкілдері болады. Оларға бір-біріне қонаққа баратынын ескертіп қойыңыз, сондықтан «үй иелері» қонақтың тілінде сөйлесуі қажет. Оқушылардың міндеті – дастархан жайып, қонақ шақыру. Оқушыларға «Отбасылық дәстүр»

тақырыбында танысқан ұлттық қонақжайлық дәстүрі мен үлкендерге құрмет туралы естеріне салыңыз. Қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айту қажет екенін сұраңыз.

Жауабы: «Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын және т.б.»

Әр топтан бір оқушы қонақтар үшін дайындалған тағамдар мен сусындар туралы түсіндіреді. Бұл тағамдарды ермексаздан жасауға болады. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.

Сен білесің бе?

Бұл айдарда қазақтың қасиетті сусыны қымыз туралы айтылады. Алдымен оқушылардан өздері білетін ұлттық тағам мен сусын түрлерін атауын сұраңыз. Олар қымызды атауы мүмкін.

Білімдерін толықтырыңыз: Қымыз – емдік сусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар.












Оқулық
































Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар





«Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары,





«Орындап көр» тапсырмасына арналған ермексаз.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар




Саралау:Көркем еңбек:«Орындап көр» айдарында оқушылар ермексаздан әртүрлі тағамдар жасайды.






Жаратылыс тану:

Оқушылар дұрыс тамақтану мәзірін құрастырады




































Сабақтың соңы:

Жұмыс дәптері:№47 жұмыс

Тағам түрлері.Оқушылар алғашқы адам мен қазіргі адамдарына тиісті тағамдарды сәйкестендіреді.

48 жұмысМенің таңғы асым. Оқушылар тақырып бойынша білімдерін бекітеді: таңғы асқа ішетін сусын мен тағамның атауларын жазады.

49 жұмыс Отбасылық ас мәзірі.Оқушы отбасының 1 күнгі тамақтану ас мәзірін жазады.Ол сағатқа ұқсас арнайы диаграммада орындалады.

Жұптық жұмыс:Бос орындарға өзіңізге ұнайтын тағамдардың суретін салыңыз. Олардың атауын жазыңыз

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Денсаулыққа пайдалы емес тағамдардың суретін белгілеңіз.  Тамақтану режимін сақтау туралы әңгімелеңіз.

Дескриптор:

Білім алушы - тамақтану режимі туралы әңгімелейді;

- өзіне ұнайтын тағамдардың суретін салады және атауларын жазады;

- пайдалы емес тағамдарды анықтайды; - тамақтану режимін сақтаудың маңызы туралы әңгімелейді.

«Жалғастыр» ойыны:

Оқушылардың біреуі «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздерді атайды, мысалы; «шырын», келесі оқушы бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді атайды, мысалы, «нан».

Сөйлемді толықтыр:


––Ежелгі адамдар ....................(жемістермен, тамырлармен, шикі етпен) тамақтанды.

–– .......................... (қымыз) бие сүтінен жасалған емдік сусын.


–– Тағам алуан түрлі және .......................... (пайдалы) болуы тиіс.













Жұмыс дәптері-49-51 бет.





Бағалау


Оқушылар


–– ежелгі адамдар қалай тамақтанғаны; –– ұлттық тағамдар мен сусындар туралы білді.

Оқушылар


–– ежелгі және қазіргі заманғы тамақтану ерекшеліктерін салыстыруды;


–– тағам мен сусын түрлерін ажыратуды; –– алған ақпарат негізінде өз пікірін білдіруді;

–– этика ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуді үйренді.


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі