Ашық сабақ Дүниетану Жүйке жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Дүниетану Жүйке жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

Уақыты: 18.10.17

Кабинет:111

Тексерілді:

Сабақтың атауы

Жүйке жүйесі

Мақсаты

Білімділік: . Организмнің барлық жүйелерін еске түсіре отырып, жүйке жүйесі мүшелерімен және оның ішінде ми, жұлын, жүйке және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің бөлімдерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтижелер: жүйке жүйесін, адам организмі мүшелерін, олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан, өзін - өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен;
Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.

Психологиялық ахуал

Тренинг


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалімнің нұсқауын орындап, жаттығу барысында өз алған әсерлерімен бөліседі .


Үй тапсырмасын сұрау








Оқушылар алдынөала үй тобына бөлінген. «Галереялық ой шарлау әдісі» бойынша үй тапсырмасын сұрау.

1-топ: «Адам ағзасы жайлы қызықты мәліметтер; 2-топ: Не үшін керек? Егер ...; 3-топ:Ежелгі адам мен қазіргі адамды салыстыру; 4-топ: Сарамандық жұмыс жасау.

Әр топқа үйге берілген мәтін мазмұны бойынша тапсырмалар беру.

1-топ: «Ребусты шеш» Шешуі: «Асқорыту»

Суреттің көмегімен түсінік айту

2-топ: «Адасқан әріптер»

1.Са урыоқт — (Ас қорыту)

2.Кітркеоқ разтта — (Қоректік заттар)

3.Менрефретт- (Ферменттер)

4.Зурынә — (Нәруыз)

5.Міскөру — (Көмірсу)

6.Мйа — (Май)

7.Инматив — (Витамин)

8.Дыреналим ратзат — (Минералды заттар)

9.Тікмісөкід  тқама — (Өсімдікті тамақ)

3-топ: «Рас па?» стратегиясы. Шарты: егер тұжырым дұрыс болса, онда «+», ал тұжырым қате болса «-» таңбасын қояды.

1. Адам жанды табиғаттың бір бөлігі екендігі рас па?
2. Тері ішкі органдарды зақымданудан сақтайтыны рас па?
3. Қаңқа адам денесінің тек қана тірегі екендігі рас па?
4. Мұрынның жұмысы тек қана иістерді ажырату екендігі рас па?
5. Тіл ең көп қозғалатын бұлшық еттердің бірі екендігі рас па?
6. Тыныс алғанда өкпе кеңейіп, тыныс шығарған кезде өкпенің жиырылатыны рас па?
7. Тағам асқазанда 15 минут қана болатыны рас па?
8. Мидың бас сүйекте болатыны рас па?
9. Бүйрек организмдегі қажетсіз және зиянды заттарды бөліп шығаратыны рас па?
10. Адам организмі – мүшелер мен ағзалардан тұратыны рас па?
4-топ: : Сәйкесін тап

1.Ферменттер                а)организмдегі негізгі құрылыс материалы

2.Нәруыздар                  ә)организмдегі негізгі энергия көзі

3.Көмірсулар                 б)нәруыз текті зат

4.Майлар                        в)өсімдікті, жануартекті тамақ өнімдері

5.Витаминдер                г)әрі құрылыс материалы,әрі энергия көзі

6.Тағамның құрамы     д)организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы

Жауаптары:

1-б, 2-а, 3-ә, 4-г, 5-д, 6-в.

Қызығушылықты ояту

Көңіл-күй суреттері көрсетіледі: ашулану, қуану, күлу, жылау т.б. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Видио-ролик : «Жүйке жүйесі»

Сөздік жұмыс: рецептор  — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі; Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42 - 45см, салмағы 34 - 38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Оқулықпен жұмыс. Әр топтан бір оқушы берілген мәтіннің белгілі бір бөлігін оқып түсінгенін айтып береді.

Сергіту сәті

Көңілді күн

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Әр команда өз тобының атын қорғайды . (ми, жұлын, жүйке, бұйрық)

Эксперт парағы (әр оқушыға таратылады және жауаптарын тақтамен тексереді)

Берілген тесті белгілеп, жауабын барлығы бірге тексереді.
Тест.
1. Біздің организмді не басқарып, реттеп отырады?
а) ми ә) жұлын б) жүйке
2. Ми қай жерде орналасқан?
а) омыртқа түтігінде 
ә) бас сүйекте 
б) қол сүйектерінде
3. жүйке жүйесіндегі ерекше рөлді не атқарады?
а) жүйке ә) жұлын 
б) ми мен жұлын 
4. Жұлын қай жерде орналасқан?
а) омыртқа түтігінде 
ә) бас сүйекте 
б) қол сүйектерінде
5. Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмас үшін не істеу керек?
а) көп ұйықтау 
ә) дұрыс тамақтану 
б) спортпен айналаспау

Бекіту

Денсаулық әлеміне саяхат

Үйге тапсырма

Оқулықтағы мидың, жүйке жүйесінің жұмысы туралы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Спорт, шынығу туралы мақалдар және сезім мүшелері туралы жұмбақтар дайындау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасына балл қойылып отырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
522
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі