|
Пән: дүниетану Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің үйім |
||||
|
Оқу мақсаты |
Баспана түрлерімен танысу; «жайлылық» ұғымын түсіну; өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: баспана түрлерімен танысу; Оқушылардың басым бөлігі: «Жайлылық» ұғымын түсіну; Кейбір оқушылар: өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy. |
||||
|
Ресурстар: |
«Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық) презентация, киіз үй суреттері, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үй құрастыруға геометриялық фигуралар түріндегі үлестірме парақшалар, киіз үй макеті. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ұлттық мәдениетті құрметтеу, жақындарына, туыстарына, қамқор болу, тұрмыстағы ұқыптылық сияқты құндылықтар дамиды. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, математика |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация |
||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Баспана, мекенжай. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Армысың, Әлем! Армысың, жарық күн! Армысың, менің достарым! Армысыз, ұлағатты Ұстаздар! – Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, мен сіздерге сәттілік тілеймін! БАРЛЫҚ ІСТЕ СІЗДЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН! РАХМЕТ! |
Жұптасу
|
|||
|
|
-Менің қолымдағы не? (Геометриялық фигуралар) Атаңдар: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек 1-топ: төртбұрыш 2-топ: үшбұрыш 3-топ: шаршы 4-топ: дөңгелек 2. Қане, есімізге түсірейік, қандай тақырып өттік? (Менің отбасым. Отбасындағы дәстүрлер) -Өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтарым бар. -Бұлар қандай фигуралар? (Жазық фигуралар) Ендеше, осы жазық фигураларда суреттер, сұрақтар бар. Соларға жауап беріп, оларды тақтаға жапсырамыз. Төртбұрыш (үй):Отбасындағы дәстүрлерді атаңдар. (әр отбасының өз дәтүрлері бар. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді) Үшбұрыш(шатыр):Отбасы дегеніміз......... (қорғанымыз, әрқашан бірігу, үлкен ағаш,ең жақын адамдар) Шаршы (терезе): Отбасыңмен атап өтетін мереке. (туған күн) Дөңгелек (есік): Отбасы мүшелерін ата. Геометриялық фигуралардан не құрастырдық? (Үй) -Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус» деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір сүретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені. Бүгін сен:
|
|
|||
|
Сабақтың ортасы |
Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аудару. -Мына үйлер туралы не айта аласыңдар? қандай үй түрлерін білесіңдер? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтыру. Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде елді мекеннің табиғи жағдайы есепке алынады. Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).
Хата Вигвам Хоган
Типи Пальясо Изба -Үйде өздеріңнің үйлеріңнің суретін салып келуді тапсырған болатынмын. Әр оқушы өз үйін сипаттайды. Оларды тақтаға іледі. Мәтінді оқыту. - Киіз үйді қайдан көрдіңдер?. Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б. Бейне кілем төсеген Далада тұр киіз үй Аумай аппақ кеседен. Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілік еткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған. Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты кереге мен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді. Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады. Сен білесің бе? Оқушыларға мәтінді оқып беру. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіру. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал ететінін білуі қажет. |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Презентация
Кесе
«Киіз үй» презентация |
|||
|
Сергіту сәті |
Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық. Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||
|
Қызықты тапсырма
Аяқталуы
|
1-топ:
2-топ:
3-топ:
4-топ: - Балаға көмектес. - Бала неліктен өз портфелін таба алмай жатыр?. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіру. Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жылы әрі ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі. |
Оқулық, дәптерлер.
Жұмыс дәптері |
|||
|
Сабақтың соңы |
Сен не білдің? «Блум» түймедағы Сұрақтарға жауап бер
Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырма
Шаңырақ – бұл ....(отбасының белгісі).... Киіз үйдің негізін ...(ағаш қаңқа).. құрайды Киіз үйдің терезесі ...(түндік)... |
смайликтер |
|||
|
Бағалау
|
Оқушылар – үйлердің көптеген түрлері болатынын; – қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін; – үй ішіндегі жайлылық туралы; – үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді; Оқушылар – ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды; – өз бөлмесін сипаттауды; – өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді. Бағалау Өзін - өзі бағалау Күн көзіне сәулелерді жапсыру. Ұзын сәуле - өте жақсы, орташа сәуле -жақсы, қысқа сәуле - қанағат.
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау.
|
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, математика Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті Ұлттық мәдениетті құрметтеу |
|||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Дүниетану "Менің үйім" 1-сынып

шағым қалдыра аласыз