Сабақ
жоспары
Күні: 15.12.2015
ж
Сынып: 7
«а»
Сабақтың
тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының
айырымына есептер шығару.
Сабақтың
мақсаттары:
1. Екі өрнектің квадраттарының
айырымының формуласын көпмүшелерді ықшамдауда, бөлшектерді
қысқартуда пайдаланып есептер шығаруға
машықтандыру;
2. Әрбір жеке тұлғаның
логикалық ойлау қабілеттерін, қызығушылық іскерліктерін және
математикалық тілде сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру;
3. Алған білімдерін дұрыс
қолдана білуге, сабаққа белсенді қатысуға, жинақтылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа білімді бекіту
сабағы
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, практикалық
жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер,
таблица,таратпа материалдар, бағалау
парағы.
Пәнаралық
байланыс: Информатика,
геометрия.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру (1
мин)
Психологиялық тренинг. «Шаттық
шеңбері» арқылы сабақты бастайық.
Балалар, енді қолымызды ұстап
алақан жылуы арқылы бір — бірімізге жылы лебіздер айтып,
сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де, (өзімді
көрсетемін)
Қуанасын сен де, (жанындағы
досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір
біріміздің қолымыздан ұстаймыз.)
Арайлап атқан күнге
(қолдарымызды жоғары көтереміз).
II. Топқа
бөлу (1
мин)
О
қушылар келіп геометриялық фигуралардан өздеріне ұнаған
фигураны таңдап алады.
Тіктөртбұрыш фигурасын
таңдаған оқушылар «Бірмүше» тобына, үшбұрыш фигурасын таңдаған
оқушылар «Көпмүше» тобына, ал шеңберді таңдаған оқушылар «ұқсас
мүше» тобына жиналады.
Енді әр топ оқушылары топ
басшысын тағайындап, өз топтарының аттарына түсінік
береді.
III. Үй тапсырмасын
тексеру (3
мин)
№367,
№378
Слайтта есептердің дұрыс
шығарылуы болады, соған қарап оқушылар үйге берілген тапсырманы
тексереді.
IV. «Миға шабуыл»
стратегиясы. (5
мин)
3 топқа 3 тапсырма беру
арқылы, өткен тақырыпты қайталау.
1. Екі өрнектің айырмасы мен
қосындысының көбейтіндісін табудың ережесін
айтыңдар.
2. (а-в)(а+в)=а²-в² формуланы
дәлелдеңдер.
3. (с-5)(с+5) көбейтуді
орындаңдар
V. Математикалық
диктант (5
мин)
1. 16 мен х-тің квадратының
айырымы
2. 9а-ның квадраты мен 25в-ның
квадратының айырымы.
3. а+2 мен а-2-нің
көбейтіндісі
4. 1-3в мен 1+3в-ның
көбейтіндісі
5. х-у пен х+у-тің
көбейтіндісі
Жұппен дәптерлерін алмасып
тексереді. Дұрыс жауабы интерактивті тақтада
тексеріледі.
Дұрыс
жауабы:
1.
16-х²=(4-x)(4+x)
2.
9а²-25в²=(3а-5в)(3а+5в)
3.
(а+2)(а-2)=а²-4
4.
(1-3в)(1+3в)=1-9в²
5.
(х-у)(х+у)=х²-у²
VI. Оқулықпен жұмыс. Топтық
жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. (8
мин)
I-топ II-топ
III-топ
№370(1) №371(3)
№372(2)
№379(3) №379(2)
№379(4)
VII. Сергіту
сәті (2
мин)
1. Үстел үстінде үш стакан шие
тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Ж: 3
стақан
2. Допты лақтырғанда, доп сол
ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру
керек?
Ж:
жоғары
3. Айдынның Асқардан бойы
ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Ж:
Жанат
4. Көшеде екі әкесі, екі
баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Ж: 3
VIII. Шығармашылық жұмыс.
Топ басшылары (5
мин)
I-топ
Натурал n-нің кез-келген
мәнінде өрнегінің мәні 8-ге
бөлінетінін дәлелдеңдер.
II-топ
Натурал n-нің кез-келген
мәнінде өрнегінің мәні 8-ге
бөлінетінін дәлелдеңдер.
III-топ
Натурал n-нің кез-келген
мәнінде өрнегінің мәні 11-ге
бөлінетінін дәлелдеңдер.
IX. Тест
жұмысы (5
мин)
I –
нұсқа
1. Көбейткіштерге жіктеңдер:
25а2-16b2
А) (5а-4b)(5а+4b);
Б)(25а-16b)(25а+16b);
В)(5а-4b)(5а-4b).
2. Көбейтуді орындаңдар:
(2х-4у)(2х+4у)
А)
2х2-4у2
; Б)
4х2-16у²;
В)
4х2+16у².
3. Өрнекті
ықшамдаңдар:
А) 5; Б)
;
В) .
4. Теңдеуді шеш:
х2-225=0
А)
х1=25,
х2= -25; Б)
х1=15,
х2= -15; В)
х1=225,
х2=-225.
5.
Есептеңдер:
А) 9; Б)
; В)
6.
II
–
нұсқа
1. Көбейткіштерге жіктеңдер:
9х2-49у2
А) (9х-49у)(9х+49у); Б)
(3х-7у)(3х-7у); В)(3х-7у)(3х+7у).
2. Көбейтуді орындаңдар:
(5а-2в)(5а+2в)
А) 5а² -2в²; Б)
25а2+4в²;
В)
25а²-4в².
3. Өрнекті
ықшамдаңдар:
А)
; Б) 14; В) 1
.
4. Теңдеуді шеш:
у2-81=0
А)
х1=9,
х2= -9; Б)
х1=81,
х2= -81; В)
х1=27,
х2=-27.
5.
Есептеңдер:
А) 47 ; Б) 25;
В) .
Өзін өзі бағалау. Тақта
бойынша тексереді.
Бағалау: 5 дұрыс –
«5»
4 дұрыс –
«4»
3 дұрыс –
«3»
1 және 2 дұрыс –
«2»
X. Үйге
тапсырма (1
мин)
№370(3-8), №371(5-8),
№372(1-4)
XI.
Бағалау (3
мин)
XII. Рефлексия. Кері
байланыс. (3
мин)
Не білдім? Не ұнады? Не
қызықты болды? Не білгім келеді?
XIII.
Қорытынды. (3
мин)