Материалдар / Ашық сабақ: Екі тігісті жеңді өңдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Екі тігісті жеңді өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Екі тігісті жеңді өңдеу Сабақтың мақсаты: Жеңдің киімдегі маңызы, түрлері туралы таныстыру екі тігісті жеңдердң өңдеу, жеңнің дұрыс технологиялық жүйелілік сақтауымен орындалуына үйрету және қауіпсіздік техникасы; еңбекқорлық, ұқыптылық, өз өзіне талап етушілікті тәрбиелеу. а)Білімділік: Екі тігісті жеңді өңдеу жөнінде білімдерін жан-жақты тексеру, оқу белсенділігін арттыру, техникалық жағдайларды сақтай отырып екі тігісті қондырма өңдеуді үйрету. ә)Дамытушылығы: Әр оқушының танымдылық, кәсіби икемділігін дамыту, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау жүйесіне қозғау салу. б)Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға, өзін-өзі бақылай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2022
878
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАҚАРМАСЫНЫҢ

«Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК



                                                                                                  Бекітемін

                                                                                                            Д. Қонаев атындағы аграрлық- техникалық

                                                                                                       колледжд директоры

                                                                                                           __________ И.Исмаилов

                                                                                                                «_____» ______ 2022 ж.


Ашық сабақ



П

Пәні: Тігін өндірісінің технологиясы

Курс: ІІІ

Тобы: №9-191 Тігінші

Тақырып: Екі тігісті жеңді өңдеу

Арнайы пән оқытушысы: Наралиева Н.О



2021ж



Ашық сабақ жоспары

Пәні: Тігін өндірісінің технологиясы

Сабақ өтетін уақыты: 04.12.2021ж

Сабақ өтетін орын: «Тігін шеберханасы» оқу бөлмесі №212

Сабақтың тақырыбы: Екі тігісті жеңді өңдеу

Сабақтың мақсаты: Жеңдің киімдегі маңызы, түрлері туралы таныстыру екі тігісті жеңдердң өңдеу, жеңнің дұрыс технологиялық жүйелілік сақтауымен орындалуына үйрету және қауіпсіздік техникасы; еңбекқорлық, ұқыптылық, өз өзіне талап етушілікті тәрбиелеу.

а)Білімділік: Екі тігісті жеңді өңдеу жөнінде білімдерін жан-жақты тексеру, оқу белсенділігін арттыру, техникалық жағдайларды сақтай отырып екі тігісті қондырма өңдеуді үйрету.

ә)Дамытушылығы: Әр оқушының танымдылық, кәсіби икемділігін дамыту, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.

Ойлау жүйесіне қозғау салу.

б)Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке, зейін қоюға, өзін-өзі бақылай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқушылардың танымдық іс әрекетінің белседілік дәрежесі бойынша: түсіндіру – көрнекілікті 

Пәнаралық байланыс: Технология, жабдық, материалтану, құрастыру, өндірістік оқыту, инфарматика.

Сабақтың көрнекілігі: Интеративтік тақта, сүреттер, жең үлгілері, көргезмелер.

Пайдаланатын жабдықтар: Оқушылар үшін –ине, жіп, қайшы, бор, см. таспа, жең сүреті
Мұғалім үшін - интерактивті тақта, нұсқау карталары, ББҮ парақтары, түйрегіштер, жең үлгілері, суреттері, жең түрлері, тігін машинасы.

Пайдаланған әдебиеттер: М.Нұржасарова, К.Кучарбаева, А.Рустемова «Киім дайындау технологиясы»; К.кучарбаева, ТАмреева, Г.Чмекеева «Киім пішу мен тігу» (дидактиклық материал).Б.Сатыбалдинова, М.Сәлімбаева «Тігін өндірісінң технолоиясы»

Күтілетін нәтиже: Оқушылар екі тігісті жеңді өңдеу туралы білім қалыптастыруы керек. Жеңді өңдеу және практикалық тұрғыда үйренулері қажет. 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі 

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақтар» қою арқылы тексереміз

1. Қиғашталған бағыттың мөлшері өңір қайырмасы енінің қанша болу керек

2.Жалғаманың ұзындығы қанша см ден кем болмауы керек?

3.Тігістерден ілмектерге дейінгі қашықтық қанша см-ден аспау керек?

4. Егер бұйым селдір матадан пішілген болса, оң жақ өңір қайырмасы қандай пішілуі керек?

III. Жаңа сабақ

Жең түбінің жоғарғы және төменгі бөліктері мөлшерінің өзгеруіне байланысты қондырма жең әртүрлі пішімді бола алады. Жеңнің түрлері өте көп, атап айтсақ, реглан жең, фонарик, бүкпелі жең, екі тігісті жең, ашық және жабық тігісті жеңдер. Бүгінгі тақырыпқа сәйкес жеңнің екі түрі ашық және жабық жең. Жеңнің ашық түрі көйлекте, блузкада, яғни, жұқа киімдерде болады. Ал, жабық түрі пиджак, пальто сыртқы киімдерге қондырылады. Енді осы жеңнің бір-бірінен айырмашылығы неде? Қондырылу және тігілу жолдары қандай? Әрине екеуі екі түрлі жағдайда қондырылады. Жеңнің ашық түрі бір бөлшек - иық тігісін жабық тігіспен артқа қарай жатқыза үтіктейміз. Алдыңғы және артқы бойды ашып, жеңді ортаңғы белгісін иық сызығына қойып, алдыңғы қолтық ойындысынан бастап, артқы қолтық ойындысына дейін 1 см етіп тігіп шығамыз. Жең киімнің негізгі бөлігі. Дұрыс қиылып тігілген жең сыртқы түрі мен қолданылуы қолайлы болуы керек. Жеңнің ұзын және қысқа түрі бар.Ұзын жеңнің төменгі бөлігі жабық манжетті немесе түймелі болады.Қысқа жең түрлері төменгі жағы кең желпілдеп тұратын қысқа жең ,төменгі жағы  тар болып келетін қысқа жең.

Жеңнің ашық түрі

Жеңнің жабық түрі

Тұтас жең Реглан жең Қондырма жең

Жеңдерді әр түрлі өңдеуге болады.Олар:

  • Қайырып тігу

  • Резеңкелі немесе баулы

  • Түймелі манжет

  • Түймесіз манжет

Жең түрлері


Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең болмайды. Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі формалар бұл  жең түптері бедерлі  тігіспен немесе көмкерілген толықтырылады. Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде пішіледі. Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы болады. Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екігк бөлінеді. Жең  дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш тақтайға саламыз. Жеңнің астарын жең аузына тігеміз. Бұл астарда үстіңгі және асиыңғы жеңге салынып пішіледі. Осылай пішілген жеңді , алдымен жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты  тігісітерді беттестіріп,бормен белгілеп дәлме –дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер бұл екім арасында бүкпесі бар киім болса  жарманың түзу тігіспен

тігеміз,жең асты күспеге салып  тігеміз.

Жұмыстың атауы

Операцияның өңделуінің техникалық шарттары

Орындалу суреті

1.Жеңдердің басты бөлшектері

1 - жеңнің үстіңгі бөлігі

2 - жеңнің астыңғы бөлігі

3 - жеңнің етек қиығының созылып кетпеу үшін арналған желімді аралық.

 

2.Үстіңгі жеңдердің алдыңғы қиықтарының соза үтіктелуі

 

Екі жеңді оң беттерімен бір-біріне қаратып, алдыңғы қиықтарын 3 см арақашықтығында соза үтіктеу керек

3.Дұрыс соза үтіктелуін тексеру

 

Алдыңғы жеңнің қайыру сызығымен бүктеп анықтайды

4.Алдыңғы қиықтарды сырып тігу

 

Үстіңгі және астыңғы бөліктердің оң

беттерін беттестіріп, үстіңгі жең жағынан алдыңғы қиықтарын

1 см сырып тігеді

5.Алдыңғы тігістерді айыра үтіктеу және етегін қатырмалау

Алдыңғы тігістерді айыра үтіктейді және жең аузын созылудан, желінуден сақтау мақсатында желімді матаны қолдананып етегін қатырмалайды, оның ені 4-6 см болады

6.Астарды өңдеу

Алдыңғы сызықтарды бір-бірімен сырып тігеді, тігістерді үстіңгі астарға қарай жатқыза үтіктейді.

7.Астарды жеңмен біріктіру

 

Дайын астарды басты жеңнің етек қиықтарымен 1 см

қосып тігеді

8.Жеңнің шынтақ қиықтарын өңдеу

Жең мен жең астарын үстіңгі және астыңғы бөліктерін оң беттерімен беттестіріп, үстіңгі жең бетінен 1 см бір тігіспен сырып тігеді.

9.Жеңнің шынтақ қиықтарын үтіктеу

 

Жеңнің арасына арнайы қол жастықшасын салып тігістерді айыра үтіктейді.

10.Жең етегін қайыра көктеу және

тігістерін бекіту

 

Жеңді оң бетіне аударып, етегін қайыру сызығымен бүгіп көктейді және үстіңгі мен астыңғы жең тігістерін жасырын қол тігістермен бекітеді.

 

11.Шынтақ тігістерінің бекітілуі

Жеңді және астарды теріс бетіне аударып, шынтақ тігістерін бір бірімен келтіріп, жең түбінен 10-12 см, ал етегінен 7-8 см аралығында бекітіледі

 

12.Астарды жеңмен бастыра көктеу

Жеңді оң бетіне аударып астар мен жеңнің тігістерін келтіріп, етек қиығынан 7-8 см аралығында, ал жеңнің түп қиығына 10-12 см қиғаш қол тігістермен бастыра көктейді.

 

13.Астарды келтіріп қию және дайын жеңді үтіктеу.

Астар мен жеңнің тігістерін келтіріп, түп қиығынан үстіңгі бөлігінен 1-1,5 см, астыңғы бөлігінен 2-2,5 см қалдырып келтіріп қияды.

 

Екі тігісті жең үлгілері


Үлгілердң көктеу тігіспен тігіп, тігін машинасымен жүргізу





Жең үшін қайырып көктеу

негізгі үлгіге, астарды қосу

Ақауларды жою және үтіктеу

Рисунок 2

Екі тігісті жайын күйі теріс жағын аудару керек

Екі тігісті жеңіміз дайын

V. Жаңа сабақты бекіту.

  • Екі тігісті жең екі бөліктен тұрады. Олар:

(Жеңнің үстінгі және төменгі бөлігі)

  • Жылжыту сызығы мен қиықтың арақашықтығын не деп атайды?

(Жылжыту ені)

  • Жеңдерді әр түрлі өңдеуге болады. Олар:

  • Қайырып тігу

  • Резеңкелі немесе баулы

  • Түймелі манжет

  • Түймесіз манжет



1) Жең киімнің қандай бөлігі?

а)тұтас

ә)негізгі

б)қосымша

2) Жеңнің қандай түрлері бар?

а)ұзын

ә)қысқа

б)ұзын және қысқа

3) Жең қандай киімдерге салынады?

а)жейде

ә)көйлек

б)иықты бұйымдарға салынады

VI. Сонғы кезең

1.Өндірістік сабағын қорытындылау

«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, екі тігісті жеңді өңдеуді үйрендік»

2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту

3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау

4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау

5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау

6. Үй жұмысын тапсырма б

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!