«Күншуақ» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.02.2020жыл
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология негіздері Тақырыбы: «Экология еліне саяхат». «Көңілді тапқырлар сайысы»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың экология, табиғат туралы түсініктерін кеңейту.Жануарлар әлемі, құстар туралы білімдерін бекіту.Табиғат байлықтарын сақтау үшін адамдар жүріс-тұрыстарының ережелерін түсінуге үйрету.
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін,танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға және құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта,»Не артық?» ойынына слайд, құстар бейнеленген суреттер,жақсы,жаман істер бейнеленген суреттер,әртүрлі жем тағамдары,көкөністер,жеміс,сергіту сәті слайд.
|
Оқу іс- әрекеті |
Педагогтің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз Біз әдепті баламыз. «Көңілді тапқырлар сайысына» 2 топ қатысады:» Құстар» және» Қар» топтары. .Қар тобының жетекшісі:Саида,Құстар тобының жетекшісі:Анель. Тосын сый: Есік қағылып,сандық әкеледі: Табиғат-ананың хатын оқу: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен сендерді Экология еліне саяхатқа шақырамын.Менің тапсырмаларымды орындап,сандықтағы сыйлықты алыңдар. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылдар жасап,өлең жолдарын қайталайды. |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
-Балалар Табиғат-ананың Экология еліне саяхатқа барамыз ба? -Ендеше бәрің көздеріңді жұмыңдар, ал енді ашыңдар! -Міне балалар біз Экология еліне саяхатқа келдік. -Балалар мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? –Ендеше біз қысқы табиғатқа саяхатқа келдік. Табиғат-ананың 1-ші тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақ: -Табиғат, табиғатты қорғау туралы қандай тақпақ білесіңдер? Ортада шырша тұр.Шыршаға ішіне жем салынған жемсауыт ілінген.Әр тапсырманы орындағаннан кейін «Құстар» тобының басшысы шыршаға құс іледі,ал «Қар» тобының басшысы қар іледі. -Балалар Табиғат-ананың 1-ші тапсырмасын дұрыс орындадыңдар! Анель шыршаға құс іледі,Саида қар іледі. Келесі аялдама:Жануарлар елді мекеніне келдік! Табиғат-ананың 2-ші тапсырмасы: «Не артық?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты:Суреттегі жануарларға қарап, осының қайсысы артық?,Неге ол артық деп ойлайсың?Қалғандары қандай жануарлар?сұрақтарына жауап береді. -Балалар Табиғат-ананың 2-ші тапсырмасын дұрыс орындадыңдар! Анель шыршаға құс іледі,Саида қар іледі.
Келесі аялдама:»Құстар» елді мекеніне келдік. Табиғат-ананың 3-ші тапсырмасы: Дидактикалық ойын: »Құстарды таны». Балалар мына үстелге қараңдаршы: қыстап қалатын құстар мен жыл құстары араласып кетіпті. Сендермен осы құстарды танып, бөліп алуымыз керек. «Құстар» тобының балалары сендер қыстап қалған құстарды,ал « Қар» тобының балалары сендер жылы жаққа ұшып кеткен құстарды танып, бөліп аласыңдар
-Құстар тобы сендер қандай құстарды бөліп алдыңдар? -Қар тобы сендер қандай құстарды бөліп алдыңдар? Балалар Табиғат-ананың 3-ші тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар! Анель шыршаға құс іледі, Саида қар іледі. -Балалар шаршаған боларсыңдар сергіту жаттығуын жасайық! Сергіту сәті: «Қарлығаш» (Интерактивті тақтадан)
Келесі аялдама: Табиғатты қорғайық! Табиғат-ананың 4-ші тапсырмасы: «Болады!, Болмайды»! ойыны.
Ойын шарты:»Құстар тобының балалары сендер жақсы іске «болады» сөзін қосып сөйлем құрап айтасыңдар, ал «Қар» тобының балалары сендер тыйым белгісі тұрған жаман іске «болмайды»! сөзін қосып сөйлем құрап айтасыңдар.
-Балалар Табиғат-ананың 4-ші тапсырмасын дұрыс орындадыңдар! Анель шыршаға құс іледі, Саида қар іледі.
Келесі аялдама: «Жақсы істер» елді мекені. Табиғат-ананың 5-ші тапсырмасы: Құстарға қамқорлық жасау туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар бүгін біз сендермен «Қысқы құстарға жем берейік!» қамқорлық акциясын ұйымдастырамыз. –Балалар құстар не жейді?
Балалар екі үстелде әртүрлі көкөністер,жеміс және жем тағамдары қойылған. Сендерге тапсырма: Құстар жейтін жем тағамдарын танып, бөліп алыңдар.
Балалар сендер бөліп алған әртүрлі жемдерді араластырып,аралас жем дайындап алып, далаға серуенге шыққанда,ойын алаңында ілулі тұрған жемсауытқа саламыз.Қыстап қалған құстар келіп жем жейді.Осылайша біз қысқы құстарға қамқорлық жасаймыз. Балалар Табиғат-ананың 5-ші тапсырмасын өте дұрыс орындадыңдар!
«Құстар» тобының балалары шыршаға ілген құстарыңды санаңдар. Ал енді «Қар» тобының балалары шыршаға ілген қарларыңды санаңдар. Балалар шыршадағы қардың саны:5, құстардың саны да 5. Ендеше бүгінгі сайыста екі топтың балалары бірдей тең ұпай жинады.Екі топта бірдей жеңіске жетті. –Жарайсыңдар, балалар! -Жеңістерің құтты болсын! Балалар енді сандықты ашып, Табиғат-ананың сыйлығын алыңдар! Табиғат-ананың сөзі: Екі топтың балалары да тапсырмаларды өте жақсы орындап, өздеріңнің білімдеріңмен, тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер!Қысқы құстарға көмектестіңдер.Сендер табиғат жанашырысыңдар, нағыз жас экологсыңдар! Сендерге сыйлыққа «Жас эколог» алқасын және жеміс бағымдағы алма ағашымның өнімі алмамды сыйлаймын. |
-Йә -Қыс Ағаштар,шырша. «Құстар» тобынан Анель: Табиғат біздің анамыз, Табиғатқабаламыз. Табиғатты құрметтеп, Қол соғайық бәріміз. «Қар» тобынан Саида: Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз. Табиғатқа қамқор боп, Сүйіспеншілікпен қараймыз. «Құстар тобының балалары:1,2,3,4 сурет бойынша топпен жауап береді. «Қар» тобының балалары:5,6,7,8 сурет бойынша топпен жауап береді. «Құстар» тобының балалары қысқы құстарды танып, бөліп алады. «Қар» тобының балалары жылы жаққа ұшып кетке құстарды танып, бөліп алады. -Қысқы құстарды. -Жылы жаққа ұшып кеткен құстарды. Балалар интерактивті тақтадан қарап тұрып, өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды «Құстар тобының балалары фланеллограф тақтаға әрбір бала бір сурет іліп,»Болады!» сөзін қосып сөйлем құрап айтты. «Қар» тобының балалары «Болмайды!»сөзін қосып,сөйлем құрап айтты. Құстар тобынан Адия: Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып,қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! «Қар»тобынан Інжу: Жылы жаққа ұшпайтын, Біздің жақта қыстайтын. Құстар жүрсе жуықта, Жем шашуды ұмытпа!
-Жем,бидай, нан қоқымы.
Екі топтың балалары жем тағамдарын танып,бөліп алды.
Балалар қуана келіседі.
Анель шыршаға құс іледі,Саида қар іледі. -1,2,3,4,5 құс -1,2,3,4,5 қар.
Балалар қуаныш сезімін білдіреді.
Балаларға «Жас эколог» алқасы тағылды. |
|
Рефлексиялық кезең |
-Балалар біз қайда бардық? -Кімнің тапсырмаларын орындадық? -Қысқы құстарға қандай көмек көрсеттік? |
-Орманға,табиғатқа. -Табиғат-ананың. -Құстарға жем бердік. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жануарлардың қайсысы артық екенін таба біледі,құстарды ажырата біледі,сөйлем құрап айта біледі,тақпақ айта біледі;
Игереді: Сұрақтарға жауап беріп,тапсырмаларды ынтамен орындауды;.
Меңгереді: табиғат ережесін сақтап,оны қорғауды,қысқы құстарға қамқор бола білуді;
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: "Экология еліне саяхат" көңілді тапқырлар сайысы

шағым қалдыра аласыз