Ашық сабақ "Электр қауіпсіздігі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Электр қауіпсіздігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары және конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай облысының Білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын






«Келісілген»

Колледж әдіскері

________ А.Б. Куандыкова

«____»____________2022ж.

«Бекітілген»

Оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарымен

________М.Т. Молдагалиева

«____»____________2022ж.






«Еңбек қорғау» пәні бойынша

Ашық сабақ


Тақырыбы: Электр қауіпсіздігі






Дайындаған: Елюбаева А.С.

Автомобильді механикалық пәндер (циклды) комиссиясымен құпталды

Комиссия төрағасы _______ Исаев Ж.А.

Хаттама № « » ______ 2022ж.














Семей қаласы 2022/2023 оқу жылы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін мұғалімге арналған сабақ жоспары № 12

Электр қауіпсіздігі.

(сабақтың тақырыбы)


Еңбекті қорғау ” пәні бойынша

КМ 02 Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындау

(пәннің/модульдің атауы)


Дайындаған мұғалім ____Елюбаева Айжан Сарсенгазыевна__________
«__26__» ______01_______ 20_23_ года

      1. Негізгі ақпарат

      Курс, топ: II курс 22ТРк

      Сабақтың түрі: Аралас

2. Сабақтың мақсаты:

- білімділік: білім алушыларды тоқтан зақымдану себептерімен, техника ережелерімен таныстыру, өндірісте электр қуатымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік; электр тогының адам ағзасына әсерімен және ток соғу кезіндегі алғашқы көмек шараларымен таныстыру

- дамытушылық: ой-өрісін дамытуға, жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, ақпарат көзімен жұмыс істей алуына, алған білімдерін топтастыра алуына мүмкіндік жасау

- тәрбиелік:саналы түрде тәртіпті және мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға жағдайды қамтамасыз ету, жұмыс барысында тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жағдайларды жасау, оқу барысында керекті дербес дағдыларға үйрету, сабаққа деген назары мен ынтасын көтеру, ұжымда жұмыс істей алуға үйрету..-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

3. Сабақтың жабдықталуы: мультимедия, презентация

Пәндер байланысы: Автокөліктердің электр жабдықтары, алғашқы медициналық көмек, өндірістік оқыту, ағылшын тілі

Қолданылатың технология:CLIL технологиясын қолдану, Арнайы пәндерді оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын зерттеу және қолдану

Сабақ типі:аралас

Сабақ көрнекіліктері: презентация, үлестірме материал

Әдебиеттер:Жаданов Н. «Еңбек қорғау»

Сабақ құрылымы:

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

І

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

ІІ

Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру

5 мин

III

Үй жұмысын тексеру

15 мин

ІV

Жаңа тақырыппен таныстыру

45 мин

V

Бекіту

15 мин

Үй тапсырмасы

3 мин

VІІ

Сабақ қорытындысын шығару

5мин

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, сабаққа қатысушыларды тексеру, киім үлгісін тексеру, журнал толтыру


ІІ Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбын видеоматериал арқылы оқушылар өздігінен табады: https://youtu.be/3LX2Rm_KF2g , оқушыларды сабақ барысымен таныстыру. Сабақтың мақсаты: жаңа тақырыпты оқу барысында оқушылар міндетті: электр қауіпсіздігі, электр жабдықтарымен жұмыс жасаған уақытты техникақауіпсіздік ережаларімен танысу, алғашқы көмек туралы ақпарат алу. Бірақ, ең алдымен өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берейік.


III Үй жұмысын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру «Барабан әдісі» арқылы жүзеге асады. Барабанда оқушылар тізімі жазыған, барабанды айналдыру арқылы оқушылар кезекпен сұраққа жауап береді. Сұрақтар тізімі:

  1. Қауіпсіздік техникасы деген не?

  2. Өндірістегі техника қауіпсізді жөніндегі нұсқаулықтарды ата

  3. Еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізілетін бағдарлама қандай құжаттарға негізделіп жасалады?

  4. Кіріспе нұсқаулық деген не?

  5. Бастапқы нұсқаулық қай кезде оқылады?

  6. Қайта оқылатын нұсқаулық деген не?

  7. Жоспардың тыс нұсқаулық қай уақытта оқылады?

  8. Мақсатты нұсқаулық деген не?

  9. Нұсқаулық сөзінің ағылшынша баламасы қандай?

  10. Safety precautions деген не?

ІV Жаңа тақырыппен таныстыру:


Ең алдымен бүгінгі сабақта қолданатын терминдермен танысайық :

  1. Элект қауіпсіздігі - Electrical safety

  2. Электрлік күйік - Electric burn

  3. Электр тоғы - Electric current

  4. Элект жабдық - Electrical equipment

  5. Кернеу - voltage

Электр қауіпсіздігі-адамдарды электр тогының,электр доғасының,электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру –техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.

Жалпы электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді:

  • 1. Электр қауіптілігі жоқ бөлмелер

  • 2. Қауіпсіздігі жоғары бөлмелер

  • 3. Қауіпсіздігі өте жоғары бөлмелер

1-ші топқа жататын бөлмелер-едендері ток өткізбейтін және ток өткізетін темір бұйымдары жоқ бөлмелер,бұган әкімшілік бөлімшелер,тұрмыстық үйлер жатады.

2-ші және 3-ші топқа жататын бөлмелер-құрғақ,салқын,шаң тозаңы көп бөлмелер.Бұл бөлмелерге насосты станциялар,транспортты станциялар,электр станциялары жатады.

Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:

  • 1. Жалпы қорғаныс бұйымдары

  • 2. Жеке қорғаныс бұйымдары

Жалпы қорғаныс бұйымдарына: қорғаныс штанглері,электр тогын,кернеуін өлшейтін приборлар,қолғаптар,төсеніштер,қоршау бұйымдары

Жеке қорғаныс бұйымдарына : очки , каска ,противогаз, белбеу жатады.

Электр тоғының адам организміне әсері

Адам ток ұрғанда Термиялық. Электролиттік, Биологиялық әсер етеді:

Тоқтын термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.

Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.

Биологиялықәсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.                                                  

Күйік төрт дәрежеде сипаталады:

I - терінің қызаруы;
II - түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы;
III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы;
IV – клекткалардың өлуі.

Организмнің жарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетінің көмегімен сипатталады.

Жеке қорғаныс құралдары:

 Бұл электр құралдарымен жұмыс жасайтын қызыметкерлердің электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдарын айтамыз.

 Олар 3 түрге бөлінеді.

1. Изоляциялау құралдары.

2. Қорғау құралдары.

3. Көмекші құралдары.

Алғашқы көмек көрсету. 2-4 оқушыны тақтаға шығару арқылы көрнекілік құралдарын пайдаланып, алғашқы көмек көрсету амалдарын түсіндіру

 Ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек.

Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .

Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.

Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).

Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет.

Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.

V Бекіту:

«Ұяшық әдісі» арқылы сұрақтарға жауап беру


  1. Электр тогынан қорғану жолдары қандай?

  2. Электр тогы адам ағзасына қалай әсер етеді?

  3. Электр қондырғыларын жерге тұйықтаудың қандай пайдасы бар?

  4. Бағыттаушы белгілер дегеніміз не?

  5. Электрлік тоғы сөзінің ағылшынша баламасы қандай?

  6. Жарақаттанудың неше түры бар?

  7. Күйік неше дәрежеде сипаталады?

  8. Организмнің жарақаттану ауырлығы?

  9. Тоқ өту жолдары?

  10. Электрлік жарақатының себептері?

  11. Электр тоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдары?

  12. Алғашқы көмек көрсету қандай?

VІ Үй тапсырмасы:

Конспектіні мазмұндау, қазақша-ағылшынша сөздерді жаттау.


VІІСабақ қорытындысын шығару

Пәннің жалпы мақсаттарын қайталау, оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді атап өту.



Пән оқытушысының қолы: _______________________А.С. Елюбаева




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі