Материалдар / Ашық сабақ ЭЛЕКТР ТIЗБЕГIНЕ ӨТКIЗГIШТЕРДI ТIЗБЕКТЕЙ, ПАРАЛЛЕЛЬ, АРАЛАС ҚОСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ ЭЛЕКТР ТIЗБЕГIНЕ ӨТКIЗГIШТЕРДI ТIЗБЕКТЕЙ, ПАРАЛЛЕЛЬ, АРАЛАС ҚОСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары. 10 сыныпқа арналған ЭЛЕКТР ТIЗБЕГIНЕ ӨТКIЗГIШТЕРДI ТIЗБЕКТЕЙ, ПАРАЛЛЕЛЬ, АРАЛАС ҚОСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ тақырыбына арналған. Материалды 8 сынып физикасына қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
722
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс










Физика пәні бойынша

Ашық сабақ


Тақырыбы: ЭЛЕКТР ТIЗБЕГIНЕ ӨТКIЗГIШТЕРДI ТIЗБЕКТЕЙ, ПАРАЛЛЕЛЬ, АРАЛАС ҚОСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ.





Дайындаған: Заманбекова Ж.К.












2018/2019 оқу жылы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ


Сабақ жоспары № 27

Пән аты: физика

Оқытушы: Заманбекова Ж.К.

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Электр тiзбегiне өткiзгiштердi тiзбектей, параллель, аралас қосу және олардың белгілері.

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды оқып үйрену.

  • дамытушылық: оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылап, оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, талдау жасау, саралау қабілеттерін дамыту.

  • тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың жабдықталуы: плакаттар, сарамандық құралдар (кедергісі белгілі резисторлар, электр шамдары, кілт, амперметр, вольтметр, тоқ көзі жалғағыш сымдар), MS Power Point бағдарламасында жасалынған презентация, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: электроника негізіндегі электротехника

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технология, ойын және деңгейлік диференциациялау технологияларының элементтері


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Оқушылар білімін айқындау, үй тапсырмасы бойынша.

  • Жаңа материалдар оқып үйрену.

Бүгінгі біздің сабақ “ Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ” тақырыбына арналған. Сабақ барысында осы екі әдіспен жалғанғанда  тізбектің бойындағы  жалпы Ток күші I Кернеу U Кедергі    R   өзгерісімен яғни математикалық өрнегімен танысып практика жүзінде қолдануды үйренеміз.

  • Жаңа сабақты бекіту

  • Үйге тапсырма беру

  • Қорытындылау


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Физикалық шамалардың белгіленуі мен өлшем бірліктері. (интерактивті тақта көмегімен)

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші



Кернеу



Кедергі



Меншікті кедергі



Заряд



Уақыт



Электр қозғаушы күш (ЭҚК)



Ішкі кедергі



Көлденең қимасының ауданы



Өткізгіштің ұзындығы




  1. Деңгейлік сұрақтар

«5» Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең 

«5» Тізбектін бөлігі үшін Ом заңы

«5»  Толық тізбек үшін Ом заңы

«4» Ом заңы?

«4» Ток күші деп нені айтады?

«4» Электр тогы дегеніміз не?

 «3» Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

«3» Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

«3» Тоқ күшін өлшейтін құрал?

ІV. Жаңа тақырып:

Тақырыпты түсіндіру. (MS Power Point бағдарламасында жасалынған презентацияның көмегімен түсіндіру)

Қарапайым электр тізбегі тұрмыста, техникада күрделі микросхема яғни дейін кездеседі. Электр тізбегінің құрамды бөліктерін біз білеміз, олар тоқ көзі, ажыратып қосқыш тұтынушы құралдар және өткізгіш, жалғағыш сымдар. Өткізгіштер не электр тұтынушы құралдар бір ғана өткізгіштен құралмай, түрлі – түрлі бірнешеу болуы мүмкін. Осы өткізгіштерді жалғаудың екі әдісі бар.  Олар тізбектей, параллель . Ал қазір бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңыздар.


Өткізгіштерді тізбектей қосу:

Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Тізбектей жалғанғанда тізбектің кез келген бөлігінен ағып өтетін тоқ бірдей , олай болса

I1 =I2 = Iж


Кернеу әр өткізгіште түрліше болуы мүмкін.  Кедергісі  көп болса кернеуді көп кернеуді есептейміз.

Uж = U1 + U2


Кедергісі  - тізбектен қосылғанда жалпы кедергі тізбектің жеке бөліктеріндегі  кедергілердің қосындысына тең болады.

Rж= R1+ R2


Кернеу мен кедергі арасындағы қатынас:

U1/U2 = R1/R2


Өткізгіштерді параллель қосу:

Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

Параллель жалғанғанда  тоқ тармақталадаы, тоқ күші есептеу үшін Ом заңына сүйенеміз.

 

І1= U/R1        І2= U/R2


Жалпы тоқ жеке өткізгіштегі  тоқ қосындысына тең.

Iж = I1 + I2


Кернеу параллель жалғанғанда бірдей болады, бірінші өткізгіште кернеуде екінші өткізгіштегі кернеуге тең.

U1= U2= Uж


Кедергі өткізгіштің кедергілерінің кері шамасының қосындысына тең болады.


1/R = 1/R1 + 1/R2 => R = R1*R2/R1+R2


Ток күші мен кедергілер арасындағы қатынас:

I1/I2=R2/R1

V. Жаңа сабақты бекіту

      1. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылармен бірге есепті талдап шығару.

  1. Алған білімдерін бекіту үшін оқушыларға өздігінен шығаруға есептер беру. (бір есепті бірнеше оқушыға шығарту яғни «конструктор», «есепші» сайлаймыз )

  • «Конструктор»  - тізбектің құрамды бөліктерін олардың  қалай жалғанғанын түсіндіріп береді.

  • «Есепші» - резисторлардың кедергілері бойынша тізбектей және паралель жалғанғандағы жалпы кедергілерін есептейді.

  1. Балама тест орындату

Балама тесті (иә, жоқ)

  1. Өткізгіштерді тізбектей қосқан кезде тоқ күштері өзара тең болады.(иә)

  2. Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.(жоқ)

  3. Өткізгіштерді параллель қосқан кезде кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады. (жоқ)

  4. R= R1+R2+……Rn –n өткізгіштерді параллель қосу формуласы . (жоқ)

  5. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі      вольт . (жоқ)

  6. Кедергінің өлшем бірлігі ампер. (жоқ)

  7. Өткізгіштерді тізбектей қосқан кезде кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады. (иә)

  8. Өткізгіштерді параллель қосқан кезде кернеу өзара тең болады. (иә)

  9. Өткізгіштерді параллель қосқан кезде тоқ оның жеке бөліктеріндегі тоқтардың қосындысына тең болады. (иә)

  10. Амперметр тізбекке тек параллель жалғанады.


VІ. Үй тапсырмасын беру. 9-тарау. 231-237 беттер. Оқу, мазмұндау, есептерді шығару.


VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау



Физика пәнінің оқытушысы: Заманбекова Ж.К.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!