Ашық сабақ Электромагниттік тербелістер 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Электромагниттік тербелістер 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Электромагниттік тербелістердің не екенін ұғындыру; - Осциллографпен таныстыру; - Томсон формуласын тиімді қолдандыру; - Формуланы түрлендіріп білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Мерзімі


Сынып

9

Пәні

Физика

Тақырыбы

Электромагниттік тербелістер

Мақсаты

- Электромагниттік тербелістердің не екенін ұғындыру;

- Осциллографпен таныстыру;

- Томсон формуласын тиімді қолдандыру;

- Формуланы түрлендіріп білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

- берілген сұрақтарға жауап бере алады;

- электромагниттік тербелістердің не екенін біледі;

- формуланы түрлендіріп, дұрыс қолданады;

- өткен тақырыпты еске түсіріп, есепті шығара алады.

Табыс критериі

- электромагниттік тербелістердің не екенін білемін;

- формуланы түрлендіре білемін;

- есептеуде формуланы қолдана аламын.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі

Аралас

Тақырыпты ашуға байланысты тәсілдер

Блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі

слайд, үлестірмелі қағаздар, мозайкалар

Пән аралық байланыс

Алгебра, биология

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Қызығушылықты ояту

Өзінің сабаққа көңіл-күйін, белсенділігін таниды

Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)

Білу

"Сұрақты ұстап ал!" әдісі



22-жаттығу, 23-жаттығу

Мұғалімнен допты қағып алу арқылы сұраққа жауап береді, сұраққа жауап берген оқушы өз сұрағын келесі оқушыға жолдайды

Топқа бөлу

"Мозайка" әдісі

1. "Математикалық маятник"

2. "Серіппелі маятник"

3. "Осциллограф" топтарға бірігеді

Жаңа сабақ (10 мин)

Түсіну

"Постер" әдісі

1-топ. "Тербелмелі контур"

2-топ. "Электромагниттік тербелістер. Осциллограф"

3-топ. "Томсон формуласы"


"Түртіп алу" стратегиясы

Топпен жұмыс жасайды, постерге түсіреді, қорғайды.



Топтар постер қорғап жатырғанда керектілерін келесі топ түртіп алып отырады.

Сабақты пысықтау

(15 мин)

Қолдану

1. Тербелмелі контур электрсыйымдылығы 100 пФ және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы еркін электр тербелістердің жиілігі мен периодын анықтаңдар.

Жауабы: 6,28·10-6 с, 159кГц

2. Контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды 10-4 с. Контур катушкасының индуктивтігін табыңдар. Конденсатордың электрсыйымдылығы 0,5 мкФ.

Жауабы: 5·10-4 Гн

3. Индуктивтігі 1,3 мГн катушкасын қолданып, жиілігі 2,5 МГц тербелмелі контурды құрастыру керек. Конденсатор сыйымдылығы қандай болады?

Жауабы: 3,1 пФ

Сынып берілген есептерді шығарады. Шығара алмаған оқушы тақтаға шығып орындайды, талдайды.

Бағалау

"Бүгінгі тақырыптан өзіңе не алдың?"

Әр оқушы бүгінгі тақырып маңыздылығына баға береді

Сабақты бекіту

(5 мин)

Талдау

«Қар атысу» әдісі

Берілген мәтінге байланысты әр оқушы сұрақтар дайындайды, оны бір параққа жазады. Қағазды жұмарлап бір-біріне лақтырып ойнайды. Белгі берілгенде бір парақты алып отырады да, сол сұраққа жауап береді

Бағалау кезеңі

(3 мин)

Жауап берулеріне қарай бағалау.

Сабақ барысында жауап берулеріне қарай бағаланады.

Кері байланыс

(2 мин)

"Ауа райы" рефлексия





Бүгінгі тақырыпты толық түсінсе күнді; тақырыпты түсініп, формуланы қолдануда қиындық келтірсе - кұн мен бұлт; мүлдем түсінбесе бұлтты көтереді.

Үйге тапсырма

(1 мин)

Үй тапсырмасын жариялау

1. Оқулықтан: §29;

24-жаттығу №1, 2, 3.

2. ОЖСБ есептері

1. Жіп ұзындығы 3,5 м математикалық маятникке ілінген массасы 7 кг дененің тербеліс периоды осы дененің серіппелі маятникке ілінгендегі тербеліс периодына тең болу үшін, серіппенің қатаңдығы қандай болу керек? (20 Н/м)

2. Тербеліс периоды 2 с математикалық маятниктің ұзындығы неге тең? (1 м)

Күнделіктеріне, дәптерлеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2021
981
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі