ЕМТИХАНДАҒЫ
ІС-ӘРЕКЕТ
Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру,
танымдық қабілеттерді
ынталандыру.
-
Сәлемдесу
Қатысушылар
өздерінің көршілеріне материалдық емес бір нәрсе береді. Бұл
аспандағы жұлдыз, күннің шуағы, сәттілік, дарын т.б. болуы мүмкін.
Яғни, қалтаға салып алатын емес, өзімен бірге жанында алып кетуге
болатын нәрсе.
-
Сергіту. «Санағыш»
Қатысушыларға
бір таңсық санамақ ойнау ұсынылады. Қатысушалар өздерінің тұрған
реті бойынша сандарды айту керек. Рет саны 4 немесе құрамында 4
саны бар реттік санды айтатын қатысушы қол шапалақтап айтып,
кезекті жібереді. Егер кімде-кім қателесетін болса ойыннан
шығады.
-
Шағын дәріс. «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау
керек?»
Киетін
киім ыңғайлы, жайлы
түстен тігілген болуы керек. Емтихан кезінде қарым-қатынасқа
түсетін адамдардың теріс эмоциясын қалыптастырып алмау үшін киімде
өте жарқырап тұрған, тым ашық түсті киім кимеуге тырысыңыз. Өз
шамаң жайлы әрдайым есіңізде болсын, артық болмайды!
Ал,
емтиханнан кейін
не қаласаңыз да болады.
Емтихан кезіндегі және оған дейінгі іс-әрекет
жайлы кеңестер
-
Емтиханнан бір күн бұрын ешнәрсе істемеуге
тырысыңыз. Егер бір нәрсені оқуға үлгермесеңіз, оқып аламын деп
тырыспаңыз. Демалыңыз, көңіл
көтеріңіз және алдағы емтихан жайлы ұмытуға
тырысыңыз.
-
Емтихан алдында
міндетті түрде жақсылап ұйықтап
алыңыз.
-
Міне сен сынып
бөлмесінің алдындасың.
Сабаңа
түс! Бірнеше
рет: «Мен сабырлымын! Мен сабырлымын!» деп айтыңыз. Алдыңғы
қатардағы тапсырушылармен бірге кіріңіз. Соңына қарай емтиханды
тапсыруға қорқып тұрған сыныптастарыңмен қала берсең өзіңді де
қысым, сенімсіздік, қорқыныш сезімдері басып
кетеді.
-
Өзіңнің
эмоцияларыңды ретке келтіріп, өз ойыңды
жинақта.
-
Сыныпқа бәрі
ойдағыдай болады деп сенімді түрде
кір.
-
Арқаңды тіктеп,
жайлы отырып ал. Өзіңді бәрінен де жоғары, ақылды деп ойлап, сенде
бәрі ойыңдағыдай болатынына сен. «Мен сабырлымын, мен сабырлымын!»
деген сөзді асықпай қайталап айт. Ойыңды жоққа шығарудың керегі жоқ
ол шектен тыс қысым пайда болуына әкеліп
соқтырады.
Соңында қолыңды жұдырыққа қыс.
-
Қысымды алып
тастау үшін мына қосымша жаттығуларды
жаса:
- ыңғайлы
отыр;
- мұрын арқылы
терең демал (4-6 секунд);
- деміңді тоқтат
(2-3 секунд).
-
Тест жұмысын орындаудың ережелерін артынан
артық сұрақ қоймас үшін мұқият тыңдап ал. Саған бланкты қалай
толтыру керек екенін, қандай әріптермен жазу керек екенін, мектеп
нөмірін қалай кодтау керек екенін т.б. барлығын
түсіндіреді.
-
Өз-өзіңді жинақтап, жан-жағыңдағыларды ұмытуға
тырыс. Сен үшін тек сағат, тест жұмысын орындауға берілген
регламенттік уақыт және бланк пен тапсырмалар ғана маңызды.
Тапсырманы соңына дейін оқып шық. Тапсырманың басын оқып, қалғанын
өзім түсініп аламын деп
асықпа.
-
Барлық сұрақтарға қарап шығып, өзің жауабына
күманданбайтын сұрақтан бастап белгіле. Сол кезде жұмысты орындау
үшін бір қалыпқа түсесің. Кез келген тестте өзің жауабын білетін
сұрақтар болады. Тек сен ойыңды
жинақтауың керек.
-
Жаңа тапсырманы
орындайтын кезде алдыңғы тапсырманы ұмыт. Тест жұмысында бір-бірмен
байланысты сұрақтар болмайды.
-
Сызып тастау әдісін пайдалан. Кезегімен сәйкес
келмейтін жауаптарды сызып
таста.
-
Егер жауабыңа сенімсіз болып, таңдау жасай
алмасаң, ішкі сезіміңе сүйеніп жауаптың біреуін
таңда.
-
Ең болмағанда бір көз жүгіртіп, кеткен
кемшіліктерді жөндеу үшін, өзіңнің жұмысыңды тексеруге міндетті
түрде уақыт қалдыр.
-
Барлық сұраққа жауап беруге тырыс, бірақ
есіңде болсын, тәжірибеде бұл дәлелденбеген. Тесттік
тапсырмалардағы қиындық ең жоғары деңгейге есептелген. Сондықтан,
жақсы баға алу үшін 70% тапсырманы орындаған
жеткілікті.
Жауап беру кезіндегі
іс-әрекет
Егер емтихан қабылдаушы қызуқанды болып, сенің
жауабың жай, кідірісі көп болса, онда оны таңқалдыра алмайсың. Ал,
егер емтихан қабылдаушы байсалды, бірқалыпты адам болса, онда сен
қатты дауыспен, жанды мимикамен ол адамда қанағаттанбаушылық
сезімін тудырасың. Өз шамаң жайлы
әрдайым есіңде болсын, артық
нәрсе
болмайды!
-
Шағын топтағы
пікіралысу
Қатысушылар 4
кіші топтарға бөлінеді. Топтың ішінен басшысын, спикерді, уақыт
төрешісін, хатшысын сайлап алады.
Топ басшысының
қызметі: топтың талқылап жатқан тақырыптан ауытқып
кетпеуін, «амандасу» қағидасын сақталуын қадағалау, қатысушыларды
марапаттау.
Хатшының
қызметі: идеяларды, талғамшылдық
ұсыныстарды, ұқыпты жазу; кілт сөздерді және топтың мүшелерiнiң
сөйлемдерін пайдалану.
Спикердің
қызметі: топ ұсынған ұсыныстарды және
идеяларды ашық, қысқа және ықшам түрде
баяндау.
Уақыт төрешісінің
қызметі: пікіралысуға берілген уақытқа
қарап отыру. Жүргізуші топтарға «амандасу» қағидасының
түсініктемесін, оның принципін
түсіндіреді.
-
Мүмкіндігінше көптеген идеяларды
туындатыңыздар;
-
Барлық идеялар жазылып отырады;
-
Ешқандай идея жоққа
шығарылмайды;
-
Ешқандай идея талқыланбайды, оларға бөлек уақыт
болады;
Қажетті материалдар:
4 ватман қағазы, фломастерлер
Нұсқау: Біздің пікірталас клубымызға қош келдіңіздер!
Жұмыс жүргізу үшін сіздерге 4 кіші топтарға бөлінуді ұсынамын.
Топтарды құру кезінде келесі тәсіл бойынша: «таңертең – күндіз –
кеш – түн» болып бөлінуді ұсынамын.
Сіздерге пікіралысуға тапсырмалар
беремін.
1-топқа
тапсырма: емтиханға қалай дайындалу
керек?
2-топқа
тапсырма: ҰБТ-ға дайындалу үшін жұмыс
орнын қалай ұйымдастыруға болады?
3-топқа
тапсырма: емтихан алдындағы күнді қалай
ұйымдастыруға болады?
4-топқа
тапсырма: емтиханды сәтті тапсыру үшін
не істеу керек?
Пікіралысуға
тапсырмалар
1-топқа
тапсырма: емтихан кезіндегі іс-әрекеттің
жағымды және жағымсыз жақтары.
2-топқа
тапсырма: емтихан кезінде қалай өз-өзіне
келуге болады.
3-топқа
тапсырма: емтихан кезіндегі
сәтсіздіктерден қалай құтылуға болады.
4-топқа
тапсырма: емтихан кезінде мұғалімді
өзіңе қалай қаратуға болады.
«Амандасу» қағидасын және топ ережесін сақтай
отырып, өнімді жұмыс істеуге тырысыңыз.
Пікірталас үшін 2 минут уақыт беріледі. Содан
кейін спикерден талқыланған сұрақтар бойынша сұрыпталған топтық
идеяларды ортаға салуды өтінеді.
-
Медитативті-релаксациялық жаттығу «Тыныштықтың
ғибадатханасы»
Өзіңді қаланың адамдары көп
бір шулы көшесінде келе жатырмын деп елестетіңіз... Аяқтарыңызды
жай басып келе жатқандай сезініңіз... Көшеде кетіп бара жатқан
басқа адамдардың бет-әлпетіне, дене бітіміне көңіл аударыңыз...
Мүмкін біреулері көңілді, біреулері сабырлы...тағы біреулері бір
нәрсені уайымдағандай... Қандай әуен естіп тұрғандайсыз?.. оны
тыңдап көріңізші... Дүкендердің сөрелеріне назар аударыңызшы... Ол
жерлерден не көріп тұрсыз... Айналаңызда бір жерлерге асығыс кетіп
бара жатқан адамдар көп... Мүмкін осы адамдардың ішінен өзіңізге
таныс жүзді кездестіріп қалатын шығарсыз... Сіз ол адамға барып
амандасуыңызға болады. Мүмкін қасынан өтіп кетерсіз... Тоқтаңыз да
ойланыңыз, бұл шулы көшеден не сезіндіңіз?.. Енді бұрылыстан
бұрылып, басқа көшемен қыдырыңыз... Бұл көше жаңағы көшеге
қарағанда тыныштау. Әрі қарай жүрген сайын адамдар да азая
береді... Шамалы жер жүргеннен кейін алдыңызда архитектуралық
жағынан ерекше, басқа ғимараттарға ұқсамайтын үлкен ғимарат
тұрғанын байқадыңыз. Онда «Тыныштық храмы» деп үлкен етіп жазып
қойған екен... Сіз түсіндіңізба, бұл храмда ешқандай дыбыс
естілмейді және бұл храмның ішінде ешқашан ешкім сөйлемеген. Сіз
жақындап келіп, ауыр ағаштан жасалған есікті ұстайсыз. Есікті ашып,
ішіне кіресіз. Сол кезде сізді бірден терең тыныштыққа тап
боласыз... осы храмда... тыныштықта бола тұрыңыз... осында біршама
өзіңіз қалағанша уақытыңызды өткізуіңізге болады... Храмнан
шыққыңыз келсе есікті итеріп ашып, сыртқа шығыңыз. Енді өзіңізді
қалай сезінесіз? «Тыныштық храмына» апаратын жолды есіңізде
сақтаңыз. Қалаған кезіңізде ол жаққа қайта баруыңызға
болады.
-
Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой
бөліседі.
Кеңсахара орта мектебі
Тақырыбы:
Өткізген: Калжанова Л.Ж
2017-2018 оқу
жылы