Ашық сабақ Еңбек ер атандырады. 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Еңбек ер атандырады. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек ер атандырады. Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру,еңбекқор болуға баулу.Қоршаған ортадан алған білімдерін өмірде,күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту., мамандық түрлерімен және мамандық иелереінің атқаратын қызметінен түсінік беру.Адамгершілікке ,еңбек сүйгіштікке,жолдастыққа ұйымшылдыққа баулу, көмек беру сияқты қасиеттерін арттыру және ортадағы қарым-қатынасын, нығайту,өзіндік тазалыққа еңбектене білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Түркістан облысы Ордабасы ауданы

«Достық» жалпы орта мектебі










«Еңбек ер атандырады»


Ашық тәрбие сағаты









Өткізген: Манашева Гулмира

8 «А»сынып





2020-2021 оқу жылы



Тақырыбы: Еңбек ер атандырады.

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру,еңбекқор болуға баулу.Қоршаған ортадан алған білімдерін өмірде,күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту., мамандық түрлерімен және мамандық иелереінің атқаратын қызметінен түсінік беру.Адамгершілікке ,еңбек сүйгіштікке,жолдастыққа ұйымшылдыққа баулу, көмек беру сияқты қасиеттерін арттыру және ортадағы қарым-қатынасын, нығайту,өзіндік тазалыққа еңбектене білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығы артып,еңбекқор тәрбиеленеді, қоршаған ортадан алған білімдерін өмірде,күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйренеді..Логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады.. Сөздік қорын байытады., мамандық түрлерімен және мамандық иелереінің атқаратын қызметінен түсінік алады.Адамгершілікке ,еңбек сүйгіштікке,жолдастыққа ,ұйымшылдыққа және көмек беру сияқты қасиеттерін арттырып ,ортадағы қарым-қатынасты нығайтады ,өзіндік тазалыққа еңбектене білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі аралас сабақ .Әдіс-тәсілі : түсіндіру, әңгімелеу, іздену.Көрнекіліктер: суреттер, А-4парағы,еңбек құралдары.

Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау.

Мұғалім:

    -Саламатсыздар ма, оқушылар? Оқушылар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Ендеше, барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері

            Сәттілік біздер тілейік,

            Мен саған, сен маған.

            Күндей күліп жүрейік

            Күннің нұрын төгейік

            Мен саған, сен маған.



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-«Еңбек ер атандырады» Оқушыларға тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойып әңгіме жүргізу.Мына сауалдар арқылы өз ойымызды айтып әңгімелесейік.

-Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?

Ой қозғау.

Қане баріміз экранға назар аударайық. Видео «Әке мен бала».

-Не көрдіңіздер?

-Қалай ойлайсыңдар, әкесі баласына неге ондай істер жасауға мәжбүрледі?

-Сендер әкесінің орнында болсаңдар, не айтар едіңіздер?

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып -қағып, киіндіріп жүріпті.  Ақыры кәрілік жеңіп,сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

-Shape1 Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол –жалқау.

Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:

-Кешке дейін бір жерде бола тұр, - дейді ол баласына.

-Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң                                     

«Shape2 Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе бер  депті.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды.  Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.

Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап,-деп ақыл айтыпты. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

-Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,- депті.

Бұған ұлы шыдай алмай,шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым.Сіз

оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті,- депті.

 

-Не көрдік?

-Әңгіме кімдер туралы?

-Анасы не ұшін осындай әрекетке барды?

-Әкесі баласын қалай сынады?

-Ал сендер жалқаусыңдар ма?

Жалғасын тап:

Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның ... ( екінші анасы )

Еңбек – ата, ... ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан )


 


.

Сергіту сәті.Сөз жалғастыру Мезгілге байланысты еңбек ету

VІ. Қорытынды

Рефлекция. Көрініс Көрсетіп сұраққа жауап алу.

Шығармашылық тапсырма.(Сурет бойынша әңгіме құрау)

Қол өнер.Бақ-бақ гүлін жасату.

Мен не істей аламын? Шығармашылық жұмыс жасау



Тексерілді: ________________________




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2021
2023
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі