Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға адал еңбектің
ұғымын түсіндіру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
-
Оқушыларға еңбектің адам
өміріндегі мәнін әңгімелей отырып, еңбекқорлылық қасиеті туралы
түсінік беру;
-
Еңбекқорлыққа баулу арқылы,
оқушылардың бойынан жауапкершілік қасиетін
дамыту;
-
Оқушыларды еңбекке,
қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
|
Ресурстар: (құралдар,
мәлімметтер)
Оқулық, дәптер, АКТ,
үнтаспа
|
Сабақ
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі
5 «Т» ережесі –
тәртіп, талап, тазалық, тыныштық,
татулық
Оқуышлармен дауыстап
қайталап, сабақ үстінде ережені
сақтау.
|
Ескерту
|
-
Дәйексөз
«Еңбек - қуаныш,
жалқаулық - айырылмас азап»
Абай
Құнанбаев
Талқылауға
арналға сұрақтар.
Абай Құнанбаев 1845-19045ж) -ұлы ақын,ойшыл өзінің
өлеңдерін бала кезінен бастап жазған. Абайдың түрлі поэмалары
этикалық-философиялық еңбегі Қара сөздері 1898жылдары жазылған.
Қара сөздерінде қазақ халқының болмысын зерделеген.Абай қоғамға
адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге
шақырып, білім ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға мән
берген.
|
Дәйексөзді үлдар, қыздар
хормен айтып шығады. Талықға
салады.
|
-
Оқиғаны
әңгімелеу
«Атымтай
Жомарт»
Ы.Алтынсарин
Атымтай Жомарт өзi
есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм
киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң
жақын, таныстары сұрады дейдi:– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз
бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз,
сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша
отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.Жомарт айтты
дейдi:– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан
дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен
көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай,
кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар
бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп,
кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен
тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып
тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады
екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi
орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал
берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, –
дедi.
Талқылауға
арналған сұрақтар:
-
Атымтай Жомартқа
таныстары қандай сұрақ
қойды?
-
Атымтай оларға не
деп жауап берді?
-
Еңбек бізді қандай
қасиеттерге жетелейді?
-
Өз еңбегіңнің жемісін көрген
кезде қандай күйде болдың?(Әңгімелеп
бер)
|
Ой
толғау
Ойланайық
пікірлесейік
|
-
Шығармашылық іс-
әрекет, топтық жұмыс
“Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарының тіленбей” деп бекер айтылмаған. Осы мақалды
басшылыққа ала отырып төмендегі берілген әңгімені жалғастырып
жаз.
“Адал еңбек
ол....”
Жобалық
іс-әрекет
Жоба жоспарын және
жобаның дайындық барысын дәптердегі жоба күнделігіне
көрсет.
|
Тапсырманы дәптерге
орындап, ортаға салып оқу.
Жоба күнделігі дәптеріне
орындау.
|
-
Үй
тапсырмасы
Оқулықтағы №14 сабақ, 57-58
беттегі “Күн күлше” мәтінін түсініп оқып
келу.
|
|
-
Сабақтың соңғы
тыныштық сәті
Адал еңбек адамды қуанышты
сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа
жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына сыйлы, қайырымды болады.
Әрқашан өз ісімізге адал болып, жауапкершілікпен еңбектің тәтті
дәмін сезіне білейік. Сабағымыздан игерген қасиеттерді
жүректеріңізге сақтап алыңыздар.Бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!
Назарларыңызға рахмет! Сау
болыңыздар!
|
Оқушылардың сабақтан меңгерген
білімін, білік дағдыларын бекіту.
Тынығу.
|