400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Еңбек тәрбиесінің негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсарин"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин-еңбек тәрбиесінің негізін қалаушы»

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері, слайд,кітап көремесі.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Әдіс-тәсілдері: ой толғау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектебін ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Ыбырай атамыздың 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин-еңбек тәрбиесінің негізін қалаушы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.

Тәрбиеші: Қазақ халқының сауатсыздығы, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығы, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүруі Ыбырай атамыздың жанын ауыртты. Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілінің тазалығына зор мән берді. Ең бастысы, қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы. Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылды. Сондықтан, қазақ балаларына тұңғыш қазақ хрестоматиясын құрастырды. Мұндағы мақсаты қазақ балаларына қазақ тілінде білім беру, яғни, ана тілінде еркін оқып, сөйлей білуге үйрету еді. Міне, сан ғасыр бұрын аталарымыз армандаған күнге қол жеткіздік. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді. Ана тіліміз қазір кемелдену үстінде. Мемлекеттік тілімізде еркін сөйлеп, білім алудамыз. Ыбырай Алтынсарин «Егер де біздің қазақтар өз ана тіліне бөтен тіл араластырмастан аңғарып сөйлесе, қазақ тілі жаттық әрі анық болар еді!»-дейді.

Ән: «Менің атым әліппе» атты әнімен Настя,Айым,Каралинаны қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: /Ыбырай суретін слайд арқылы көрсету/ Ыбырай атамыздың өмірбаяны мен еңбек жолына шолу жасасақ.

Вика: Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты Ибраһим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған.

Камилла: Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып, Үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Атасы Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі.

Ульяна: Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады.Ол кезде Ыбырай тоғыз жаста болады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

Сезім: Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет, тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп оқиды. Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді алдына мақсат етіп қояды.

Вера: Ы.Алтынсарин өзінің ардақты борышы балаларды оқыту деп түсінеді. 1860 жылы Жайық жағасындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылды деген кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Ол жерде Ыбырайдың нағашылары Шеген әулеті тұрған. Торғайда жұмыс жасап жүргенде Шолақ деген құрметті адамның қызына үйленген.

Айым: Торғай мектебінде мұғалім болады. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, халықтың білімге ықыласын ояту үшін алғашқы балаларды өз үйінде оқытады.

Настя: Торғайдағы Ыбырай мектебі 1864 жылы қаңтарда ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады. Ыбырай Алтынсарин мектептегі оқу - тәрбие жұмысын мүлде жаңа үлгіде құрады. Сабақ ана тілінде - қазақ тілінде жүре тұрып, әр пән негіздерін үйретуді мақсат етеді.

Ульяна: Ыбырай оқушыларының ғылым мен мәдениетті игеруіне, рухани бай азамат болып шығуына қызмет етеді. 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың мектеп, білім беру саласын зерттеп, орыс ағартушыларының еңбектерін оқиды. Сол негізінде қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды жоспарлайды. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі - оқулық деп түсінеді.

Вика: Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеп, соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

Вася: Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, Ыбырай атамыз артынан өлмес, өшпес мұра қалдырды. Олар: /слайд бойынша көрсету/

Тәрбиеші:Осы орайда біз әңгімелеріне тоқталсақ. Ыбырай атамыздың әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Енді әңгімелері бізді қандай жақсы қасиеттерге үйрететініне тоқталсақ. Ыбырай әңгімелерінің басты тақырыбы – еңбек. Еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Әке мен бала», «Атымтай Жомарт» және т.б. Енді сіздердің назарларыңызға ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің әңгімесіне дайындалған «Әке мен бала» көрінісін ұсынамыз.

Көрініс: «Әке мен бала» әңгімесінен көрініс.

Тәрбиеші: Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз өлеңдерінде Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырады. Сондай өлеңдерінің бірі- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі. Кезек өлеңдерінде

Тәрбиеші: Ыбырай шығармаларындағы нақыл сөздерге кезек берсек.

Сезім: Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Вера: Байлық – қанағат пен еңбекте.

Ульяна: Аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң – көптен құр қаласың.

Вика: Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа қалдырады.

Камилла: Әр нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде.

Вася: Өнер, білім — бәрі де оқуменен табылған.

Айым: Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.

Настя: Жақсы ой мен жақсы сөз – жақсы істерге жетелейді.

Каралина: «Кел, балалар, оқылық!»

Тәрбиеші: Терең ойлар айтылатын ұлағатты сөздерді, жай адамдар айта бермейді. Оны көбіне ұлы тұлғалар, халқына үлгі бола білген ұлағаттылар айтады. Ыбырай да бүкіл қазақ даласына үлгі бола білген адам. Қазақ даласындағы білімнің көзін ашқан адамның айтып кеткен нақыл сөздері сіздерге өнеге болады деп сенемін. Келесі кезекті көрініске берсек.

Көрініс: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

Қорытынды: Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы тәрбиеленушілерімізді әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, үлкендерді сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі