Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Ер Төстік" әңгімесі бойынша. "Ер Төстік" бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ ретінде құрылған.Мұғалімдерге керегі болар деп салып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:29.09.2016

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі. Ертөстік бейнесі.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын пысықтау: 1.Ер Төстік ертегісі туралы түсінік

2. ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу. Мағынаны ажырату Ертегінің кейіпкері
Көп қой оның серіктері.
Ең мықтысы сегіз ұлдың -
Ерназардың Ер Төстігі.
Ой шақыру 2 топ оқиғаның дамуына жоспар құрады

Ертегінің композициялық құрылымына жоспар 1.Басталуы. Шаңырақтың күлдіреуішінде ілулі тұрған төстікке шал  мен кемпірдің  көзі түсіп,  оны асып жеп, дүниеге  ұл бала келуінен  басталады. 2.Дамуы: ғажайып оқиғалар тамыры кер биенің төстігінен басталады. Ерназардың Сарқұдыққа қонуы, жанынан қорқып Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. 3.Шарықтау шегі:Төстіктің жер астынан жер бетіне шыққанға дейінгі басынан өткен оқиғалары  баяндалады. 4.Шиеленісуі: Мыстан кемпірден қашқан Төстік жер астына түсіп кетті. 5.Оқиға шешімі: Шойынқұлақты жеңіп, үйіне келуі, сүйікті жары Кенжекеймен қосылуы.





Дәптермен жұмыс:Топтастыру стратегиясы:


Жанашыр адал


Shape5 Shape4 Shape3 Shape1 Shape2

Ер Төстік

қайырымды мейірімді


Shape7 Shape6

айлалы кішіпейіл



Жағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер
1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы
2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан
3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан
4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан
5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ

Өмірмен байланыс: 
Саққұлақ кім? – радио, телефон. 
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар. 
Тыңшы –сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон) 
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника 
Таусоғар – кран. 

Ойтолғаныс:

1. Ерназардың тоғыз ұлына келін іздеген жерін тауып оқу.

2.Кенжекейдің Ер Төстік туралы жаман ойлап, зарлана бастаған жерін тауып оқу.

Үйге: Ертегі кейіпкерлерінің өздеріңе ұнағанының суретін салып келу.

Бағалау:Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
1045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі