400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ "Ерекше жағдайларды өңдеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Семей қаласының "Радиотехника және байланыс" колледжінің 07140500 «Сандық техника» мамандығыны тобында өткізілді. «Ақпараттық технология мен компьютерлік жүйелер саласында компьютерлік бағдарламалау» модулі бойынша. Ашық сабақтың өту барысыylf python бағдарламалау тілінде бағдарламалау барысында пайда болатын қателіктерді өңдейтін ерекше жағдайларды өңдеу тақырыбы қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшіліктің білім басқармасының

«Радиотехника және байланыс колледжі» ҚМҚК






«КЕЛІСІЛДІ»

«БЕКІТЕМІН»

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының

ОЖ жөніндегі

білім беру үрдісін әдістемелік

директорының орынбасары

сүйемелдеу бөлімінің басшысы

М.Ж. Манышева _________

_________ Ш.К. Кумашева

«__» _________ 2021 жыл

«__» _________ 2021 жыл






АШЫҚ САБАҚ



Мамандық

07140500 «Сандық техника»

Біліктіліктер

4S07140504 «Техник-электронщик»

Модуль атауы

«Ақпараттық технология мен компьютерлік жүйелер саласында компьютерлік бағдарламалау»,

Оқыту нәтижесі

1.1 «Бағдарламалық қамтуды құрау, түрлендіру, тестілеу»

Курс

4

Топ

434 ЕТ

Сабақ тақырыбы

Ерекше жағдайларды пайдалану

Дайындаған оқытушы

Касимжанов Айдын Кездикбаевич

Өту түрі

Онлайн, тәжірибе

Өтетін уақыты

04.11.2021




ИТ бойынша

облыстық оқу-әдістемелік

бірлестігінің төрайымы

К.М. Тусупбаева ________

«__» __________ 2021 жыл





Семей қаласы, 2021 жыл



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Жалпы мәліметтер

Дайындаған

оқытушы

Касимжанов Айдын Кездикбаевич

Өткізу уақыты

«04» қараша 2021 жыл

Өткізетін орын

«Радиотехника және байланыс колледжі»

Пән:

Бағдарламалық қамтуды құрау, түрлендіру, тестілеу

Топ, курс

434 ЕТ, ІV курс

Сабақ тақырыбы, нөмірі

Ерекше жағдайларды пайдалану, № 56

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларды бағдарлама құру барысында, бағдарламаның сенімді, сапалы жұмыс жасауы үшін ерекше жағдайларды қолдануға үйрету,

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қорытынды жасау және талдау дағдыларын дамыту, құрастыратын бағдарламалардың сенімділігін жоғарылатуға жағдайлар жасау.

  • Студенттердің өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, студенттерді ұқыптылыққа, іздемпаздылыққа тәрбиелеу, олардың жауапкершілік дағдыларын арттыру.

Сабақ типі

Аралас

Сабақ түрі

практикум

Сабақта пайдаланатын әдістер

иллюстрациялық-түсіндірмелі әдіс, тәжірибелік жұмыс, есеп

Оқыту формасы

фронтальды, жекелей

Пәнаралық

байланыстар

Бағдарламалау, математика, ағылшын тілі, еңбек қорғау

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекілік құралдар:

ДК, python интерпретаторы, sublimetext редакторы, интерактивті тақта, zoom бағдарламасы, презентация

Үлестірмелі материалдар:

дәріс және тәжірибелік таратпа материалдары

Ресурстар:

python.org, pythontutor.ru, python-scripts.com сайттары

Сабақ кезеңдері

Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)

  • студенттермен амандасу, топ студенттерін түгендеу

  • студенттердің назарын сабаққа аудару

  • сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу.

Жаңа материал түсіндіру

(15 мин)


Python-да бағдарламалау кезінде біз қателіктердің екі түріне тап болуымыз мүмкін. Бірінші тип синтаксистік қателерді білдіреді (syntax error). Олар бастапқы кодты жазу кезінде бағдарламалау тілінің синтаксисін бұзу нәтижесінде пайда болады. Егер мұндай қателер болса, бағдарламаны құрастыру мүмкін емес. Қандай да бір құрастыру ортасында(IDE) жұмыс істеген кезде, мысалы, PyCharm-да, IDE-нің өзі синтаксистік қателерді таба алады және оларды қандай да бір жолмен ерекшелей алады.

Қателердің екінші түрі - орындау қателері (runtime error). Олар бағдарлама орындау барысында пайда болады. Мұндай қателіктер ерекше жағдайлар деп те аталады.

Ерекшелік болған кезде бағдарламаның жұмысы үзіледі және мұндай олқылық болдырмау үшін Python-да ерекше жағдайларды өңдеу үшін try .. except конструкциясы бар, оның ресми синтаксисі:





1

2

3


try:

командалар

except [ерекше_жағдай_типі]:

командалар

Ерекшелік туындауы мүмкін барлық негізгі код try кілт сөзінен кейін орналастырылады. Егер осы кодта ерекшелік пайда болса, онда try блогындағы кодтың жұмысы үзіліп, орындау except блогына өтеді.

Ерекшелік кілт сөзінен кейін қандай ерекшелік өңделетінін көрсетуге болады (мысалы, ValueError немесе KeyError). Except сөзінен кейін, ерекше жағдай туындаған кезде орындалатын командалар орналасады.

Жолды санға түрлендіру мысалында ерекше жағдайды өңдеуді қарастырайық:

1

2

3

4

5

6

try:

number = int(input("Сан енгізіңіз: "))

print("Енгізілген сан:", number)

except:

print("Түрлендіру сәтсіз аяқталды")

print("Бағдарламаны аяқтау")

Finally блогы

Ерекше жағдайларды өңдеу кезінде қосымша finally блогын пайдалануға болады. Бұл блок ерекшелік туындаса да, туындамаса да орындалады:

Әдетте, finally блогы файлдарды жабу сияқты, пайдаланылатын ресурстарды босату үшін қолданылады.

Тапсырма орындау кезеңі (20 мин)

  1. Тіктөртбұрыштың қабырғалары(a, b) берілген. Оның периметрі (P = 2*(a+b)) мен ауданын (S = a*b) табу қажет. Бағдарлама ешқандай қате шығармауы үшін, енгізілген мәліметті тексеру қажет, try: except конструкциясын пайдаланыңыз.

  2. Ерекше жағдайларды өңдейтін try: except конструкциясын пайдаланып, төмендегі есепті шығарыңыз, енгізілген мәліметтің дұрыстығын тексеру қажет немесе бөлу амалын орындаған кезде ZeroDivisionError ерекше жағдайын ескеру қажет:

  3. Қарапайым текстік файл file.txt берілген, файлды ашып экранға шығару қажет. Файл жойылған немесе аты өзгерген болса, бағдарлама қате шығармай, хабарлама көрсету керек.

Үй тапсырмасын беру (2 мин)

Қателіктерді өңдейтін класс түрлерімен танысып келу.

Сабақты қорытындылау

(4 мин)

Сабақты қорытындылау. Бағалау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі