ашық сабақ ересек топқа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ ересек топқа

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.

Окапова Асель Сыдыковна «Еркетай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның тәрбиешісі.


Геометриялық пішіндер әлеміне саяхат.

Білім беру саласы: Таным, Қатынас.

Бөлімі: Қарапайым математика ұғымдарымен танысу.

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау. Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш тәрізді пішіндермен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету. Сөздік қорын молайту, бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін анықтау. Жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Енбексүйгіштікке, ұйымшылыдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, магнитті тақта.

Ойын технологиясы: Логикалық ойындар, «Логикалық есептер».

Заттың дамыту ортасы: Хат, геометриялық пішіндер, сандар, суреттер, андардың атрибуттары.

Қостілділік компонент: Сандар-цифры, пішін-фигура.

Тосын сәт: Тиін жүгіріп шығады.

Тиін: Балалар, сендер өте ақылдысыңдар. Маған көмектесіндерші. Мен анамнан адасып қалдым.

Тәрбиеші: Балалар, тиынға көмектесеміз бе?

Балалар. Ия, көмектесейік.

Тәрбиеші: Тиін, сенің анан қайда?

Тиін: Анам орманда өмір сүреді.

Тәрбиеші: Балалар, ендеше тиіннің анасын табуға көмектесу үшін біз орманға жол тартамыз.

Жол-жөнекей алдарынан аю шығады. Қолында хат бар.

Тәрбиеші: Аю, тиіннің анасына барар жолды көрсетіп жіберші.

Аю: Балалар бұл хаттың ішінде тапсырма бар, сол тапсырманы орындасандар ғана тиіннің анасына барар жолды көрсетемін.

Тәрбиеші: Хатты ашып, тапсырманы оқиды. Тапсырмада Тазша баланың суреті салынған.

Сұрақ: балалар, тазша баланың шалбарындағы жыртықты жамау үшін қандай геометриялық пішіндерді қолданған?

Балалар: Ұшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.

Аю: Сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, деп жолды көрсетіп жібереді.

Алдарынан түлкі, қасқыр шығып, оларда балаларға тиіннің анасына барар жолды көрсету үшін тапсырма береді.

Түлкінің тапсырмасы: Бір аптада неше күн бар? Бүгін аптаның нешінші күні?

Қасқырдың тапсырмасы: Балалар, мен сендермен «Кім шапшаң» ойының ойнағым келіп тұрмын. Мен сендерге пішіндерді көрсетемін, сендер шапшандық танытып айтасыңдар. Мынау қандай пішін? Ол қандай затқа ұқсайды?

Балалар: Бұл ұшбұрыш, ол үйдің шатырына ұқсайды.

Қасқыр: Мынау қандай пішін, оның түсі қандай?

Балалар: Бұл шеңбер, ол допқа ұқсайды.

Қасқыр: Бұл суреттерде неше геометриялық пішіндер көрсетілген?

Балалар: Суретте үш геометриялық пішін көрсетілген. (ұшбұрыш, дөңгелек, сопақша).

Қасқыр: Логикалық ойын. Қазір осы үш пішінді қолдана отырып, мысықты құрастырамыз. (мысықты құрастырады)

Сергіту сәті:

Саусақтарым тұрындар,

Сапты бірге құрындар.

Желмен бірге майысып,

Оңға, солға бұрындар.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз тиіннің анасына да келіп қалдық.

Осы кезде жүгіріп түлкі келеді.

Түлкі: Менің тапсырмаларымды орындағаннан кейін ғана тиінді анасына жеткізесіндер.

Тәрбиеші: Ол қандай тапсырма?

Түлкі: Сендер екі тілде 10-ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?

Балалар: Ия, санай аламыз.

Балалар сандарды екі тілде тура және санайды.

Тәрбиеші: Тамаша балалар сендер орманды мекендеуші аңдардың тапсырмаларын дұрыс орындап, тиінді анасымен қауыштырдыңдар.

Тиіннің анасы: Рахмет балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер. Сендердің білімдеріннің арқасында мен жоғалтып алған баламмен қауыштым.

Қорытынды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Геометриялық пішіндерді.

Түсінеді: Логикалық есептерді шығаруды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2021
1056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі