Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Ертегі елі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ой-өрісін дамытуға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

2

Сыныбы 6"А"

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмір жолы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.
1. «Білімге бастап ел - жұртын»
Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.
3. Абай – аудармашы
Оқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.
5. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
* «Желсіз түнде жарық ай «әні тыңдатылады.
III. Ой - толғаныс (Абайдың мұражайы бейнефильм арқылы көрсетіледі)
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.
1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.




5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т. б. әндері бар.
7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
Оқушылар өз жұмыстарын тексереді, бағалайды.
Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.
IV Үйге тапсырма беру:
«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.



































1

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмір жолы
Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету 
ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру 
б) тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге, отбасын қадірлеуге тәрбиелеу, әнге сүйіспеншілікті ояту 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, философия, шетел әдебиеті 
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар, Абай-дың «Қара сөздері», М. Әуезовтың «Абай жолы» кітаптары 
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут). 
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (25 минут). 
а) Оқушылардан өткен сабақты сұрау 
ә) Ы.Алтынсарин әңгімелерінен үзінді сұрау 
б) Қосымша сұрақтар қою 
ІІІ. Жаңа сабақ: (40 минут). 
«Миға шабуыл» әдісі 
Алаштың айтулы ақын Мағжан Жұмабаев Абайға «Шын хакім сөзің асыл баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп баға берген. Біздің бүгінгі сабағымыз қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы. 
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. 
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. «Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді. 
Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1 өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2 шісі қара сөздері, 3-сі өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары. Абай шығармашылығынан орын алатын тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп те қараған, қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі. 
Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай «атымды адам қойған сой қайтып надан болайын, халқым надан болған соң қайда барым оңайын» деп күйінішін білдіреді. Абай қазақтағы еріншіектік, дарақылық, өсекшілдік, мақтаншақтық жағымпаздық сияқты жаман қылықтарды сынап «Біріңді қазақ, бірің дос. Көрмесең істің бәрі бос» деген сөздермен түйіндеп отырады. «Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.» А.Байтұрсынов. 






Абай өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар негізінде «» поэмаларын жазды, хакім Абайдың аса көңіл бөлген мәселелерінің бірі музыка, ең алдымен ақын әнге музыка өз көзқарасын білдіріп: 
«Құлақтан кіріп, бойды алар 
Жақсы ән мен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй.» деген ақын «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Татьянаның әні», «Айтым сәлем Қаламқас» сияқты әндер шығарып музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. 
Абай өмірі (хронолгиялық кесте) 
1855-1857ж Ауыл молдасынан сауат ашты. 9 жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды. 
1857-1859ж Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 
3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты. 
1870ж Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады 
1880ж Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады. 
1880ж Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. 
Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы 
демократтарымен танысады. 
1889ж 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды. 
1890-1898ж Қара сөздерін жазды. 
1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды. 
1895ж Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады 
1904ж 14 мамыр баласы Мағауия қайтыс болды. 
1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді. Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді 
1909ж. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шығарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты. 
1922ж Абай өлеңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді 
1933ж Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды. 
1940ж Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық- музейі ашылды 
1945ж Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды. 
1949ж М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды. 
1959ж Лениндік сыйлық алды 
1960ж Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды. 
1995ж . А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. 
«Тапқыр болсаң, шешіп көр» Абайдың жұмбақтары: 
Алла мықты жаратқан сегіз батыр 
Баяғыдан соғысып әлі жатыр. 
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, 
Кім шығары белгісіз түбінде ақыр. 
Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық) 
Қара жер адамзатқа болған мекен, 
Қазына іші толған әртүрлі кен, 
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар, 
Солардың ең артығы немене екен? 
Шешуі: (темір) 
Сыналар, ей, жігіттер келді жерің, 






Абай сынаған 7 мақал (29 сөзінде) 
«Жарлы болсаң, арлы болма» 
«Қалауын тапса, қар жанады» 
«Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ» 
«Атың шықпаса, жер өрте» 
«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» 
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» 
«Ата-анадан мал тәтті» 
IV. Жаңа сабақты бекіту: (10 минут). 
Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған асыл мұралары, өлеңдерінің негізгі тақырыбы. 
Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге шақырады. 
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.

V. Сабақты қорытындылау: (5 мин) 

Shape1
Жаңа сабақты талдау, сұрақтарға жауап беру. 
Сұрақтар. Абай шығармашылығына байланысты. 
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим). 
2.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата. 
( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»). 
3. Абайдың аяқталмаған поэмасы.  («Әзім әңгімесі».) 
4. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?  (Жиырма жеті шығарма аударған). 
5. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.  ( Зере, Ұлжан.) 
6. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?  (1895). 
7. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?  (Ахмет Байтұрсынов). 8. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.  (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.) 
9. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?  ( 1909 жылы Петербургта). 
10. « Абай жолы» романын кім жазды?  ( Мұхтар Әуезов). 
11. Абай кімге ғашық болды?  (Тоқжанға) 
12. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?  (Абайдың ағасының баласы.) 
VI. Бағалау: (5 минут).Үй тапсырмасын орындаған студенттерді



Сабақтың тақырыбы: Абайдың аудармалары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіріп оқу, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
2. 
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өзбетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
3. 
Тәрбиелік: Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Абай өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу

Сабақтың негізгі ұғымдары: ойлау, іскерлік, тапқырлық, эстетикалық мәдениет, елжандық, азаматтық тәрбие.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқыту, ұғындыру, шешімін іздеу, ізденіс жұмысын жүргізу.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі география.

Сабақта қолданылатын көрнекілік: Абайдың портреті, сөзжұмбақ, тірек сызбасы, хронологиялық кесте, инсерт стратегиясы, бағалау парағы.

1. Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай — қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны.
Федерико майор, ақын, ЮНЕСКО-ның бас директоры
2. Абай — қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
Мұхтар Әуезов

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашу керек:

Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде білімсіз еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіз хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік.

Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.





Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта Абай туралы не білгенімізді қорытындылайық

1. Абай кім?
2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның анасы қандай адам болған?
4. Абайды кім тәрбиеледі?
5. Абай қайда оқыды?
6. Абай нені үйренуге тырысады?
7. Неше жасында өлең жаза бастады?
8. Кімнің шығармаларын оқып, қазақ тіліне аударды?
9. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
10. Оның шығармалары қашан және қай жерде жарық көрді?
11. М.Әуезов Абай туралы қандай роман жазды?

Сабақты бекіту:

Инсерт таблицасын толтыру

Не білемін

Не білгім келеді?

Нені білдім

 

 

 

Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына конспект жазып келу. «Жаз» өлеңін жаттау.

Оқушылардың білімін бағалау.







2

Сыныбы: 6 "А"
І. Сабақтың тақырыбы: «
Абайдың табиғат лирикасы»
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына әдеби талдау жасау және ондағы табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру, өлеңдерді талдау машығын жетілдіру.
ә) тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
б) дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.

ІІІ. Сабақтың түрі: Кіріктірілген (әдебиет және физика пәні) қайталау толықтыру сабағы.
ІV. Сабақтың әдісі. Жарыс түрінде ұйымдастырылған топтық оқыту.
V. Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, толық шығармалар жинағы, Абай жайында зерттеулер, монографиялық еңбектерінен кітап көрмесі, қазақ киіз үйі макеті, жыл мезгілдері суреті, кодоскопта слайдтар, диапроектор.

VІ. Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы.
б) Әдебиет пәні мұғалімінің сөзі: Бүгін біз Абайдың орыс поэзиясынан үлгі ала отырып қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығының бірімен танысамыз. Ол - табиғат лирикасы. Поэзия жанрында табиғатты әсем пейзажбен, бағалы бояумен жазған Ыбырай, Абайға дейін ақындар болған емес.
Абай жыл мезгілдерінің әр қайсысына тоқталып, ондағы табиғат құбылыстарын көркем шеберлікпен бере білген. (диапроектор арқылы экранға өлеңдері мен пейзаждық суреттері көрсетіліп, қысқаша мәнерлеп оқытылады). Топқа жалпы сұрақ беріледі:

а) Абайдың табиғат тақырыбына жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жауап: «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» «Көлеңке басын ұзартып» және т. б.
ә) Абай осы лирикасында нені бейнелейді?
Жауап: - Мұнда адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсетеді.
б) Осыған кім мысал келтіреді?
Жауап: - Ақ киімді денелі, ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мұнда қыс көрінісін таза пейзаж күйінде суреттемей, тірі адам, шал бейнесінде суреттеген.
Міне, оқушылар! – Ұлы ақынның табиғат лирикасынан оқып білгеніміздей табиғатты адамның тұрмыс - тіршілігімен, қоғамдық ортамен байланыстыра бейнелегенін әдеби тұрғыдан анықтадық. Ал, осы табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым не десек, ол физика пәні екен.
 
Енді Мархаба апайларыңды тыңдап көрейік. Балалар! Біз өткен сабақта «Ауаның ылғалдығы» тақырыбын өттік. Онда тұман, қырау, шықтың түсуі сияқты физикалық құбылыстарды қарастырдық, енді осы процестерді жаңа ғана өздерің айтқан Абай өлеңдерінен іздеп, оған физикалық тұрғыдан талдау жасап көрейікші. Абайдың «Күз» өлеңін алайық:
«Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан»
«Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
Аязбен қызарланып ажарланды» - деген жолдарындағы «Ұшпа» - сөзі бұлт екенін, яғни шашыранды бұлт екені түсіндіріліп, оқушылармен бірге Венн диаграммасы толтырылады.
Күз. Қыс. Сұр,
ұшпа бұлттар табиғатқа
Аспан, Жер құбылыстар


Конденсация,
қаныққан бу,
шықтың түсуі
тұман, ауа
ылғалдылығы
Сонымен, қорыта айтқанда, әр өлеңі - бір әлемді ашатын ақынның табиғаттағы сан алуан құбылыстарды талғаммен терең түсініп, суреткерлікпен дәл айнытпай жеткізуі таңқалдырады!
Сабақты әрі қарай пән мұғалімдері кезектесіп жүргізеді. Оқушылар екі топқа бөлініп Абай өлеңдерінен бастау алатын 7 бағыт бойынша білім сайысына түседі. Топ басшылары «Күз» және «Қыс» топтары төсбелгілерімен таныстырады.
1. «Табиғат этюдтары» - жыл мезгілдеріне әр топтан сурет салады.
2. «Мақсұтым тіл ұстарып, өнер шашпақ» «Күз» және «Қыс» мезгілдерінің басты белгілерін тақтаға жазады.
Күз. Күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, астық орылып, жиын - терін болады, ауаны бұлт шалады, жаңбыр жауады, күзем шайға шақырады.
Қыс. Күн суытады, қар жауып аяз қысады, балалар аққала жасап, шаңғы тебеді, соғымға шақырады.
3. Поэзия. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
(өлеңді бұрын аяқтаулары керек).
а) Қан сонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанға
----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
ә) Бұлттай қасы жауып екі көзін
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды
-----------------------------------------------------
-----------------------------------------------------
4 «Іздегені не болса сол табылар сәулесі бар жігіттер бір ойланар» (жұмбақтар шешу)
а) Таңертең бар кешке жоқ
Мен әдемі моншақпын
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас
Мендей мөлдір таба алмас.
(шық)
ә) Етек жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді.
(бұлт)
5. «Оқыған білер, әр сөзді!» (сөзтуым шешу)
АБАЙ
1. Абайдың 1886 ж, табиғат лирикасына жазған өлеңі. (жаз)
2. Адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. (табиғат)
3. Жер бетіне су тамшыларының іркіліп жинауынан болатын құбылыс. (тұман)
4. Көңіл - сезімді көркемдеп сипаттайтын өлең түрі. (лирика)
ІІ Қайталау - толықтыру сабағы бойынша оқушылар білімін бағалау.
VІІІ үйге тапсырма: Әдебиет пәнінен «Абайдың табиғат лирикалары», физикадан «ауаның ылғалдылығы», «Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстары» (мезгілді әр оқушы өзі таңдайды) тақырыбына қысқаша шығарма жазу.







Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақ мақсаты: Білімділік:  Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.
Дамытушылық : Поэманы талдай білуге  төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік:  Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде  оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру, шешендікке баулу.

2. Сабақтың типі: аралас сабақ
3. Сабақтың түрі:  шығармашылық-ізденіс сабағы
САБАҚ БАРЫСЫ: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:
 Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қадырған кім?
Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен  кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
 ІІ.Білімді бақылау кезеңі: «Кім» сұрағына жауап алу.
Оқытушы: Иә, балалар бұл Абай атамызға арналған өлең жолдары. Олай болса, осы ойларыңызға қандай дәлел айтар едіңіздер?
Білім алушы: Мен бұл жауабымның дәлелі ретінде сіздерге үй тапсырмасын орындап берейін. «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңін жатқа айту.
Оқытушы: Балалар, олай болса, үйге берілген тапсырмаларға кезек берелік.
Білім алушы:Үйге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы  оқу, «Ескендір» поэмасымен танысу, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттауға берілді. 
ІІІ.Жаңа сабақты  меңгеру кезеңі: 
 Кіріспе сөз. Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін





теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.
«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами –  «Ескедір-нама»  дастанында,  Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында»  жазып,  Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен.

IV. Бекіту кезеңі: 
1. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берейік.
1)Поэма дегеніміз не? 
Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.
2)Абайдың қандай поэмалары бар?   (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)
2. Сөздікпен жұмыс. «Сөздер сөйлейді» стратегиясы бойынша шығарма мазмұнында кездесетін төменде берілген сөздердің мағынасын ашып, орыс және ағылшын тілдеріне аударамыз.
 Хакім- (ғалым) – ученый - 
Данышпан –  (оқымысты) – гений - 
Иман – (дін, Алланы мойындау) – религия - 
Ғибрат –  (үлгі) – пример - 
Аран –  (көзі тоймау) – ненасытный - 
Қолына –  (әскеріне) – армия - 
4. «Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топқа үш тапсырмадан беріледі. 
1-қыры:  «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.
2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.
3. Ескендірдің бұйрығы.
4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.
5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.
6. Ақынның өсиет сөзі.
2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:
 1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» - деген пікірді қалай түсіндіресіздер. 
2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?
Абай Құнанбаев медреседе оқығанда білім нәрін шығыс поэзиясынан алды. Шығыс классиктері: Фирдауси, Науаи, Низами өз дастандарында, шығармаларында атақты грек қолбасшысы Александр Македонский туралы аңыздарды арқау еткен, мадақтаған. Ендеше, Абай шығыс поэзиясымен терең сусындағандықтан, өз поэмасының өзегін одан алған да болар.




Жоқ. Мен олай ойламаймын. Белгілі ақын 60 жылдары батыстың ақындары мен философтарының еңбектеріне ден қойып, оқыған.
3-қыры:«Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер. 
4-қыры: «Суреттеңіз». Поэмадағы Ескендір бейнесін суреттеңіздер.
5-қыры: «Салыстырыңыз». Абайдың «Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстыру.
6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.
Авторы:  Абай Құнанбаев
Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы
Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту, даналық.
Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.
Жанры:  эпикалық (поэма)
Ұйқас:    қара өлең (ааба) Шумақ:  42 Тармақ:  4 Буын:     11, 12 Бунақ:    3
Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын. 
1. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Аз-ақ сөз айттым,бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса,қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.

2. Мифологиялық образдарды табыңыздар. (Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек.
 ІІ топ. 4-тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.  
Мәтіннен үзінді    Үзінді жайлы пікір    Ой-тұжырым  мазмұнға сәйкес
мақал- мәтел
Долдықпен  хан  Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды

  V. Қорытындылау: Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса, біз осы поэмамен танысып, талдау барысында бойымызға  қандай асыл қасиеттерді жинадық?
 Пендешіліктен арылуға
Иманды болуға
Арлы болуға
Қанағат етуге
Ашкөзділіктен сақтануға
Яғни, бай рухани өнеге,тәлімі мол тәрбие алдық деп есептейміз.
VI. Үй тапсырмасы: 
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. 2. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп, ойтолғау жазу (VIІ.Білімді бағалау:





4 Сабақтың тақырыбы: Абай - сазгер

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: ұлы Абайдың сазгерлік өнерімен танысу, әндерін тыңдау
ә) дамытушылық: ойлау, әнді түсіне білу, тыңдау қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелік: қазақ халқының ән - күй өнерін бағалай білуге, сүюге баулу ойлау, әнді түсіне білу, тыңдау қабілеттерін дамыту
Көрнекі құралдар: Абай портреті, компьютер, слайдтар
Әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Түрі: жаңа тақырыпты игерту
Пәнаралық байланыс: музыка, халық ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық Абайдың«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау
2. Ән сөзіне ассоциация
Ән үйлесімділігімен, көркемділігімен тыңдаушыға ой салар, көңілдің көрікті өрнегі. Абай әндері мазмұны, түрлері жағынан әр түрлі: табиғат лирикалары, адамның жан сезімі, көңіл - күйі жайлы әндер, тағылым, өнеге беретін, адамға ой салатын әндер. Енді Абай атамыздың әндерімен танысайық.
«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдағанымызда табиғаттың ғажайып суреті көз алдыңа келеді. Жаздың желсіз тұнық түніндегі бұлтсыз аспанды, ай астындағы айнадай мөлдір өзенді, өзен бетіндегі діріл қаққан ай суретін, ұйқы құшағындағы ауылдың сырт көрінісін көргендей боласың.
«Айттым, сәлем, Қаламқас» әні де, сөзі де жылы дүниеге қатар келген, бұл әнді ұлы ақын өзінің тұңғыш сүйген қызы Сүйіндік қызы Тоғжанға арнаған.
Аяулы сезімге толы, жүрек қылын шертер тағы бір әні « Көзімнің қарасы» (әнді тыңдау)
« Сегіз аяқ» әні жылы жазылған. Абай бұл әнде өмірде көңілге түйгенін, көргені мен сезгенін, қиянаты мол өмірдегі тартыс таласты, өзінің алдына қойған ғұмырлы мақсатын баяндайды.
Ащы сатира типтес « Бойы бұлғаң» әні. Ән күтпеген жерден шарықтап, ашу ызаны білдіреді. Ойсыз, қарекетсіз, күйсіз күн кешкен, көңілі ұйқыдағы топастың мінезіне наразы болған, ащы үн жан ашуы.
«Өзгеге көңілім тоярсың» әні өлеңнің күшін, жол сезіміне әсерін білдіре келіп, жастарға ақыл, қайрат, жігер беріп, өзінің балалық шағынан бастап бүкіл өмірін ән күймен суреттеп, бейнелеген.
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні терең сезімде келетін баяу, сабырлы сазды басталып, жапырағы сарғайған қайыңның жай күйі әсерлі әуенде баяндалса, екінші бөлімде әлде бір жан күйзелісін білдіретін мергеннің оғы тиіп, қалжыраған киіктің аянышты халіне ауысады. Ал, үшінші бөлімде алғашқы екі жолдағы бастапқы әуен қайталанса да, кенет шырқау биікке көтеріліп, біраз қалықтап тұрады да, сабырлы да терең сазды, ойлы сезімге ауысады.
Абайдың аудармашылық шығармашылығы, шығарған әндері бізге белгілі. Солардың бірі
«Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Бұл әнді неміс халқының ақыны Гетеден Лермонтов жылы аударған. Ал Абай Лермонтовтан жылы аударған және ән шығарған.
3. Абай А. С. Пушкиннен « Татьянаның әнін» аударған. Бір оқушы өлеңді оқиды
4. Ойтолғау
Күй деген не? Қандай қазақ күйшілерді білесіңдер?
Қазақ халқының ұлы күйшілері:
Құрмангазы Сағырбайұлы (1818 - 1889)




Дәулеткерей Шығайұлы (1820 - 1887
Тәтімбет Қазанғапұлы (1815 - 1862)
Ыкылас Дүкенұлы (1843 - 1916)
Жаяу Муса Байжанұлы (1835 - 1929
Біржансал Қожағұлұлы (1834 - 1897
Акан сері Қорамсаұлы (1843 - 1913)
5. Құрманғазының күйін тыңдау
6. Біздің ауылымызда күйшілер бар ма?
Қосағашта Жанайдар Нұрсалиев, Еркін Әжімқанов. Слайдта суреттері. (қысқаша мәлімет)
7. Солардың орындауында күй тыңдау
8. Абайдың үш күйі бар:
1.«Май түні»
2. «Торы жорға»
3.« Абай желдірмесі».
Абайдың талантына бас иген Дәке деген бай, дәулетті адам ақынға кұрметтеп ат сыйлайды. Абай жорғаның көз тартар сұлулығына, әсем жүрісіне сүйсініп, бірден оған « Торы жорға» деген күй шығарады. Бұл күйде аттың тұяқ алысы, жорғаның сымбаты, сұлулығы, желісі, үстіндегі күміс ертоқымы, шашбауларының сылдыры, кісінегені - Әлмағамбет, Әмір, скрипкашы Мұқа барлығы кербез әуенмен бейнеленген.
Абай әндерін таратушылар: ақын өмір сүрген кезеңде Ақылбай, Мағауия, Әйгерім, Әлмағамбет, Әмір, скрипкашы Мұқа деген адамдар. Қазіргі кезеңмен, өткен Кеңес дәуірінде Р. Абдуллин, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова.
Абай әндерін жинақтап, нотаға түсірушілер: Эльвин Бимбоэс, А. Затаевич, Л. Хамиди, Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Д. Мацуцин
Жүрекке жақын, көкірекке жылы ұялаған Абайдың әсем әндері өмірбақи адамдардың өмірінде мән - маңызы зор.
9. Cабақты бекіту.
10. Оқушылардың еңбегін бағалау
11. Үй тапсырмасы



















3 Сабақ тақырыбы: Абайдың өнер-білімге шақыруы

Мақсаты: 1. Өлеңнің сөздеріне мән беріп, оқу.
2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, өзіндік талдау, жинақтау жасауға сыни тұрғыда ойлау арқылы жеке және топтық жұмыстарда шапшаңдық, тапқырлық танытуға, сөйлеуін көркем әдеби тілмен өрнектей білуге бағыттау.
3. Дана ақын Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқыту нақыл сөздерінің мағынасын ашу.
Көрнекілік: Абай портреті, сызбалар.
Қара сөздеріне жасалған Венн диаграммасы.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Қызығушылықты ояту.
Балаларға карта – жоба ұсынылады. Әртүрлі белгілерді ұқсастыру арқылы балалар бұл сынып жобасы екенін аңғарады. Осы жобадағы қандай да бір бала мән берер деген шартты белгі қызыл нүкте, жұлдызша, өз қалауыңша салынған белгі арқылы жасырылған зат орнын атап айту керек. Оны тапқан бала затты алып келеді. Сандықша оқушылардың көзінше ашылып, ішіндегі плакатқа жазылған жазу оқылып, тақтаға ілінеді. Онда «Оқышы, дана Абайды» деген сөз жазылған екен.
Балалар, бағанадан сендер не іздедіңдер?
- Біз қазына іздедік, оны таптық.
- Ендеше, бүгінгі біздің іздеген қазынамыз ұлы Абай туралы жазылған «Оқышы дана Абайды» өлеңі екен. Авторы С. Тойлыбаев.
III. Жаңа тақырыпты өту.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Сұрақ - жауап әдісі. Ақын дана Абайды қандай сөздермен сипаттаған?
- Данышпан, дана, сазгер, ұлы, кемеңгер, асыл.
3. Абайдың қандай өлеңдерін білеміз? Сызба жасайық.
Қара сөздері
Жануарды сипаттау
Ғылым, білімге шақырған
Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері
А) Оқу, білімге шақырған өлеңдерін атаңдар:
- Ғылым таппай мақтанба, Әсемпаз болма әрнеге, Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Ә) Жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?




- Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Б) Жануарды сипаттауға арналған өлеңі?
- Аттың сыны
В) Абайдың қанша өлеңін жатқа білесің? Бір өлеңін сыныпқа оқып бер.
1 - топтан – 1 оқушы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқиды.
2 - топтан – 1 оқушы Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінен үзінділер оқиды.
3 – топтан - 1 оқушы «Аттың сыны» атты өлеңін оқып береді.
IV. Сергіту сәті. Ән айту. «Көзімнің қарасы».
V. Ой толғау.
- Абайдың ақындығымен қатар тағы қандай өнері болған?
Ол сазгер, қара сөздер жазған 45 қара сөз жазған.
Бүгін біз хрестоматия оқулығынан Абайдың «Отыз бірінші сөзімен» танысамыз. Бір оқушы сөзді мәнерлеп оқиды. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар екен.
- Ой кеселдері деген не? Осыдан түйгенімізді Венн диаграммасына түсірейік.
VI. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар Абай атамызға арнап өлең шығарады
Топ басшылары шығарған өлеңдерін оқиды
VII. Рефлексия
VIII. Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау
IX. Бағалау























9 Сабақтың тақырыбы: Абайды оқып-таңырқа!

Сабақтың мақсаты: 1. Ақынның өмірімен шығармашылығы туралы оқушылармен

әңгімелесе отырып,өткен тақырыптарды қорытындылау. Ақын өлеңдері арқылы

сөздік қорын байыта,мәнерлеп оқу, шығармашылық ізденуін,дамыта оқыту

технологиясын меңгерту.

2. Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін ,терең білуге,сөйлеу, жазу мәдениетін

дамыту. Сұрақтарға жауап беруге бір-біріне сұрақ қоя білуге,бірін-бірі

тексеруді дамыту.

3.Абай мұрасын өнеге тұтуға,Абайды оқыған сайын таңырқай отырып терең

білуге, қазақтың елін, жерін Абайша сүйіп, Абайша толғануға тәрбиелеу.

Абай өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу

Сабақтың түрі: бекіту, қорытындылау сабағы

Сабақтың дидактикалық кезеңі: «Абайдың көзімнің қарасы» әні

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІІ.Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы хабарламалар бойынша жұмыс

Осы хабарламалар арқылы біз Абайды таныдық.Абай өміріне терең үңіліп, Абай туралы көбірек біліп, Абай өмірінің үлкен тәрбие мектебі екенін, Абай өнегесінің,

өнерінің,ұлы бола білудің,адамгершіліктің үлгістәрбиесі екенін,оның өлеңдерінің тәрбиелік мәнінің зор екеніне тоқталдық.Балалар,ендеше Абайдың өлеңдерін еске

түсірсек. / «Қыс», «Көктем», «Күз», «Жаз»/

ІІІ.Абай аудармаларына тоқталсақ.
Абай кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

Абай өз өлеңдерінде ғана емес, оның аударған “Жолға шықтым, бір жым-жырт түнде жалғыз” (Лермонтов)

Татьянаның хаты” (Пушкин) және т.б. өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті.
ІҮ.Абайдың қандай поэмаларын білесіңдер?Абайдың поэмаларын топтастыру

Ү.Енді Абайдың қара сөздеріне тоқталсақ

Абайдың қара сөздері ол философиялық шығармасы. Барлығы 45 сөз.

«Қара сөз» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді.Өлең өнерін «Қара сөз» демейді. Қара сөз проза деген мағынада айтылған, сондықтан да ауыз екі тілде өлеңді емес,қара сөзді көп қолданған.



Абайдың «Қазаққа дес бермедім» деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан.

Ал,балалар, осы Абайдың «қара сөздерінен»не түсіндіңдер,өздеріңе қандай

тәрбие,үлгі алдыңдар?

Мұғалімнің қорытынды сөзі.Абай бабамыздың қара сөздерін оқи отырып,терең философиялық ойға кетесің.Өйткені оның тәрбиелік мәні зор.Ол адамгершілікке

ізгілікке тәрбиелейді. Адам өмірінде кездесетін қиыншылықтар өзінде сабыр-

мен қарсы алуға, өнерге, білімге құштарлықты, адам баласының дүниетанымының жан-жақты болуын айтады.

ҮІ.Абайдың қандай әндерін білесіңдер?

ҮІІ. «Абай жолы» роман –эпопеясына тоқталсақ

- «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

- Роман-эпопеяда не туралы жазылған?

- Роман-эпопеядағы басты кейіпкер кім?

Бұл «Абай жолы»роман-эпопея қазақ халқын қала берді бүкіл түркі әлемнің дүние жүзіне паш еткен ұлы шығарма екенін білдік.
ҮІІІ.ТЕСТ

ІХ.Қорытынды

Оқушылардың Абайдың өлеңдерін оқуы. Біздің Абайға деген құрметіміз, сағынышымыз, сыйымыз екенінің айғағы. Абай өлеңдерін оқыған сайын таңырқайсың. Абай өлеңдері бізге үлгі!

Үйге:

Абай” тақырыбында эссе жазу.



























3 Тақырыбы: «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай»
Мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, Абайдың реалист ақын екеніні таныту;
Ә) дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Б) тәрбиелік:  оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту;
Түрі: аралас сабақ;
Әдісі: пікір алмасу, мәнерлеп оқу, талдау;
Көрнекіліктер: палакат, портреттер, теледидар материалдары;
Барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі;
2 Үй тапсырмасын сұрау:
                                                  1-топ
1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда, Семейде),
2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай — Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
2-топ
1.    Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2.    Абайдың руы. (Тобықты)
3.    Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4.    Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5.    «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6.    Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
7.    Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
                                                       3-топ
1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
3.Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)
4.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
5.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
6.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)
3 Жаңа тақырып:
     І Кіріспе сұрақтар:
 Абай. Абай. ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым – қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам-ай.
Абайдың табиғат лирикасына жататын қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерінен үзінділер айтқызу; әндерін тыңдау; 

     ІІ Біздің бүгінгі өткелі отырған өлеңіміз де табиғат лирикасына жатады. Өлең 1888 жылы жазылған. Әрқайсысы 4 тармақтан, 9 шумақтан тұрады. Бұл – Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі таңдаулы шығармаларының бірі. Көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығын анық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік өлең.
     Енді алдымен осы өлеңнің шығу тарихына үңіліп көрейік.
     Қазақ халқының маңдайына біткен екі ұлы есім бар. Олар – дана Абай, дара Мұхтар. Ұлтымыздың қадірлі де қасиетті тұмарына арналған «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, мінез ерекшелігі бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды. Абай есімі әлемнің әр түпкіріне тарады. Дара Абай арқылы Мұхтардың есімі аңызға айналғаны баршамызға аян. Енді сол «Абай жолының» беттеріне назар аударылық.
    





        Енді осы көрініс өлең жолдарымен қалай өрілген екен?
1 Кедейдің жүдеу өмірі;
2 Қара қи;
3 Жалшы ұлының күйі;
    Көшпелі елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғарылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тіршілік кешу, жан бағы – бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суып, ауа райы бұзылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы алдыңа тартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
     ІІІ Біздің халықтың жаз жайлауға, күз күзеуге, қыс қыстауға көшіп отырғаны белгілі. Мал шаруашылығы, әрине, осындай өмірді талап етеді. Әсіресе, мал үшін қаһарлы қыс өте ауыр әрі жайсыз. Мына бір бейнетаспадан осыған көз жеткізейік.
    Көзінің ағы мен қарасы сияқты әрбіріміздің жеке өз пікіріміз бар. Мына шумаққа назар  аударайық.
            Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,
            Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
            Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
            Ықтырмамен күзеуде отрар бай, — деген жолдардағы Тәкежанның бұл ісіне баға беріп көрейік. Егеменді ел ертеңі еркін ойлы азаматтар екенін естен шығармайық.
Тәкежан
     Ұқыпты                                                            Қайырымсыз
 Үнемшіл                                                           Сараң
 Жинақы                                                            Қонақжай емес
 Ертеңгі күнін ойлайды                                       Кедей еңбегін бағаламайды
     Бүгінгі заман да осына талап етеді. Өзінің үнемшілдігімен, ұқыптылығымен, жинақылығымен ертеңгі күннің қамын жеп, белгілі бір кәсіп иесі болса, қоғам да байиды. Елбасымыз үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап отырған белгілі. Еліміз 2030 жылға қарай шын мәнінде өркениетті елге айналары хақ. Әрине, адамгершіліктен де асып кетпеуіміз керек. Қайырымдылық жасап, әлсізге көмек көрсету — әр адамның борышы.
    ІV Ертеңгі күннің қамын жеп, үнем жасап, қыстауға қонбай, күзеуде, ықтырмада отырған бай, мал бағып, далада жүрген кедей  жылынуға отын таба алмай бүрсең қағып, тоңған иін жылытып, шекпен тігіп отрған байғұс әйел – осының бәрі көшпелі қазақ аулының тұтас бейнесіне айналған. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар. Бір-біріне қарама-қарсы суреттер.
     V Ай аттары. Қараша – бұл айда мал семіреді. Ертеде салық малы осы айда жиналатын болған. Оны халық «қаражшы» деп атаған, яғни, қаражат жинаушы. Қарашада жер оты азайып, тақырланып, суыйды. Қара жердегі суықты «қара суық» деп атаған. Жұрт қыс қамын аяқтап болады.     Желтоқсан – «жел» мен «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан. Яғни үш ай желді, боран деген ұғымды білдіреді. Ежелгі түріктер бұл айды «жел айы» деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады.
     Осы жерде перфокарталармен жұмыс жасаймын.
Абайдың табиғат лирикасына арналған перфокарта өлеңі    Жаз     Қыс     Жаздыгүн шілде болғанда    Желсіз түнде жарық ай    Күз     Көлеңке басын ұзартып    Жазғытұры
1    Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,                            
2    Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.                           
VІІ Сабақты бекіту:
1 «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңі қандай лирикаға жатады?
2 Өлең қандай оқиғаға байланысты жазылған?
3 Өлеңде бір-біріне қарама-қарсы тип өкілдерінің тұрмысы қалай суреттелген?





5 Абай Құнанбаевтың шығармашылығы

ЖОСПАР:

1.    «Дүние де өзі,мал да өзі».
2.    «Қалың елім,қазағым».
3.    Татулық пен тұрақтылық.
4.    «Өлең-сөздің патшасы».
5.    Түйін.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)
Өнер-білім жолындағы ізденісін Абай өз бетімен үйрену арқылы дамытады,орысша кітаптарды көп оқиды. 80-жылдардың орта кезінен бастап,Абай ақындық жолға біржола бет бұрды.Бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.Бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы Көкпай атынан таратып жүрген Абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.Осы жылдардан бастап Абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.Бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.
«Дүние де өзі,мал да өзі».
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.
Жасымжа ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.
Бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.
Тіл мен теңеу,түр жағынан алғанда да, «Интернатта оқып жүр» өлеңі-жаңалығы бар шығарма.Осы өлеңде Абай «интернат», «военный қызмет», «прошение», «адвокат», «здравомыслящий», «коренной», «счет»,т.б. орыс сөздерін қолданады.Оларды ұйқастыра отырып,еркін пайдаланады және оларды ақын орыс мәдениетін үгіттейтін өлеңге әдейі кіргізген.
«Қалың елім,қазағым».
Бұл кезде жазған өлеңдерінде Абай озық мәдениетті насихаттаумен қатар,әлеуметтік,азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері дәрежесінде көрінеді.Оның өлеңдерінен еңбекші халық мүддесін қорғаған азаматтың үні естіледі





Өзі билеуші тап ортасынан шықса да,тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол еңбекші шаруаға шындап бет бұрғанын байқатады.Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп,дос тұта сөйлейді.Осы бетбұрыста Абай сол халықты жүдетіп,шаршатып отырған ұнамсыз әрекет-мінездерді,олардың ішкі сырын үлкен шеберлікпен ашатын психолог ақын ретінде танылады.Заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның кемшілік-қайшылықтарын өткір және әділ мінеп-сынайды.
Бұл сарын,әсіресе,Абайдың «Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» деп аталатын өлеңінде анық байқалады.Мұнда өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп дерттеніп, «Қалың елі-қазағының» қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын бар.Ел ұйытқысын бұзған,оның берекесін кетірген әкімсымақтарға деген оның ызасы да мол.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки,бұзған жоқ па елдің сиқын?-
деп,ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да,мінез-құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді..
Татулық пен тұрақтылық.
Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған.Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген,халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып,жастарды шын адамгершілік жолына,қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді.Оларды жалған татулық,бояма мінезден сақтандырады.
Абай үлкен достықты отбасылық өмірден,жастар сезімінің тұрақтылығынан,әйелге адамгершілік,әділет тұрғысынан қараудан іздеді.Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады.Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып,ол шынайы достық сезімді жоғары қояды.Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп,жаңа өнеге ұсынады.Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырың» деген өлеңдерін еске алу орынды.Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері-шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан.Ол «сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды.
Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
…Пайда,мақтан-бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас,-
деген өлең жолдары-мазмұны жағынан ақынның ой түйіні,өсиеті іспетті.Бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.
«Өлең-сөздің патшасы».
ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін,оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасқа алып келді. Ең алдымен,Абай сөз өнерін үлкен қоғамдық күш әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» атты өлең-бұл тұрғыдан ақын бағдарламасын тәрізді.Онда Абай өлеңге қойылатын көркемдіктің жаңа шарттарын белгілейді.
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу.Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Түйін.
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.
Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі-адам,толық адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты.



№ 6 Сабақтың тақырыбы : «Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.

Дастанның сипаттамасы

Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады. Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес.

Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады.

Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып үсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады. Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді. Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді. Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы белімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айнапасындағы тартыстар поэманың екінші белімінің үлкен өрісі болу шарт еді. Ал, Абайда - Масғүт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне поэманың соңғы беліміндегі «жынды су» мотив және одан туатын «жұртың жынды болса, ақылды болма, қосажынды бол!» дейтін қорытындылар бұл поэманың алғашқы бөліміндегі мінез бен істерге логикалық жагынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі «жынды су» арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп апады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлеңдеріндегі сыншыл, әжуашыл ойларды көреміз.



ІІ тоқсан №1 Сабақтың тақырыбы: Абай "Оспанға"

1891 жылы Оспан Құнанбайұлы тосыннан қайтыс болды. Абай осы інісін алғаусыз жақсы көретін. Өйткені ағасы Тәкежан атасы Өскенбай қолында, тете інісі Ысқақ Құдайбердімен бірге Күнкенің қарауында өсті, өстіп бір ұяда бауыр басқандар тек Абай мен Оспан ғана еді. Сондықтан ақын есі шығып, есеңгіреп қалды. Алға қойған мақсаты – ғақлия сөздері де бөгелді. Неге десеңіз, мезгілсіз өлімнен кейін барлық азап пен елдің әлегі түгелімен келіп Абайдың басына түседі. «Бұрынғы тыныштық өмір бұзылады» – дейді Мұхаң. Тұрағұл: «Досы да, туысқаны да бұлданып-құбылғанын көрді», – дейді. Осынау дерттенген жүрекпен, азалы да азапты көңіл-күйде жүргенде «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай соқпа, енді!», «Бойы бұлғаң» сияқты шерлі жырлары туды. Оспанның қазасына қабырғасы қайыса отырып жазған «Оспанға» деген өлеңі жайбарақат оқу қиын. …Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай.

Жалын жүрек суынбай,

Жат біткеннен түңілмей,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай! – дейді ұлы ақын. Олардан Оспанның мәрттік қасиеттері де, ақынның оны не үшін бағалағаны да айнадағыдай көрінсе керек. «Кешегі Оспан» деп басталатын екінші өлеңі де осы сарында. Онда да ет жүрегін сыздатқан қайғыдан жаншыла бермей, інісінің сүрген өміріне сүйсіне отырып, көкірегін қасіреттен тазартқысы келеді. Оспанның артында екі ауыл болып отырған баласыз үш жесір (Еркежан, Зейнеп, Торымбала) қалды. Солармен бірге, ен байлық – «мың жарым жылқы, сегіз жүз түйе, үш мыңдай қой қалды» (Әрхам). Дәулеті асқан кездерде Оспан ағалары Абай мен Ысқаққа үнемі қамқор бопты. «Оспан осы екі ағасының ұстайтын көп расходына: жаз сойысына, қыс соғымына, сауатын бие, мінетін ат, киетін киімдеріне малын аямайды, – деп жазады Әрхам ақсақал. – Екі кедей аштан өліп қалмасын, қонақтан ұялып қалмасын деп ылғи қамқорлық қып отырады» Оспан дене бітімі де зор тұлғалы адам болған. «Оспан көтерген» дейтін дәу тас болғанын Абай елі әлі ұмытқан жоқ. Атақты Қарамола съезінен кейін үш жыл өткенде, 1888 жылы Көктұма съезі шақырылған болатын. Оған Жетісу өңірінің адамдары «Тобықтыдан бір дана арыс, көсем кісі шығыпты» десіп, Абайды бір көруге ынтыға жетіпті. Қызығы, олар таяуда ғана Шыңғыс болысының болысы болып сайланып, екпіні үй құлатардай алшаң басып келе жатқан Оспанға: «Тусаң ту. Ой, ерім-ай!», – деп қадала қарап, оны Абаймен шатастырып алыпты. Сол қызғылықты сәтті Мүсірәлі Қожанұлы былайша баяндайды:



«…Көппен бірге мен де Абайды күттім, екі пәуеске арба келіп тоқтады. Бірінің ішінен Абай түсті, ақ бешпет, шалбар, басында ақ қалпақ, аяғында әмірикан жылтыр кебіс мәсі. Бір пәуескеден Оспан түсті. …Жұрт екі жарылды. Келе жатқан жандаралды көріп, Абай соған қарай жүрді, Оспан да ере жөнелді. Абай қалпағын алып, жандаралмен амандасып, бір-екі ауыз сөзге келген соң, жандаралмен бірге съезге тіккен үйге беттеді. Сонда көпшілік: «Жарықтық, Абай десе Абай екен ғой, тұлғасы да зор екен», – десіп тұрғанда бір казак-орыс: «Әй, ақымақ қазақтар, анау үлкен қара бос қара, барлық пәле ана кішкене қарада», – деді. Біз – Абайды танитындар күліп жібердік. Сол жиынға келген неше мың адамнан Оспанның басы асып тұрушы еді. Өзге денесі де өте жуан, сондықтан танымағандар Оспанды Абай екен деп қалды». Оспанның жылы өткен соң, әмеңгерлік туралы сөз басталып, оны шешу дау-дамайға айнала бастаған. Тәңірберді әмеңгердің үлкені ретінде Оспанның үлкен әйелі – ауылдың, малдың қожасы Еркежанды аламын және Жидебайды қыстауға аламын дейді. Оған екі інісі Абай мен Ысқақ қарсы болмаса да, Еркежан көнбейді. Екі болыс елдің (Ырғызбай мен Мәмбетей) адамдары ырғасып келіп, аяғында Еркежанға Абайдың өзін таңдатады. Абайды да еріксіз көндіріп, Оспанның үйіне кіргізеді, – дейді Әрхам ақсақал. Қорыта келгенде, Абайды ерте қартайтқан әрі жалғызсыратқан елдің тілегі, халықтың мүддесі мен қазақтың қамсыздығы. Сол себепті татар ғалымы, алғашқы абайтанушының бірі Әбдірахман Сағдидің: «Абай қазақтың жалғыз ақыны ғана емес, ақындықтың үстіне Абай – қазақтың ояну дәуірін бастаушы ойшылдардың ең біріншісі» дегені жүйелі сөз, нағыз әділетті пікір екеніне күмән жоқ.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12