Материалдар / Ашық сабақ Файлдармен жұмыс 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Файлдармен жұмыс 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабаққа арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2024
118
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Тукешова Альбина Амандосовна

Күні:

11.01.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.2. Файлдық функциялармен жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Python программалау тілінде файлдық функциялардың типтерін қарастыру, файлдық функциялармен танысу, Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асыру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар Python программалау тілінде файлдық функциялардың екі типін қарастырады, файлдық функциялармен танысады, Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

Топтастыру

«Екілікке саналу» әдісі арқылы 2 топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі.

Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып, І топ - сабақтың тақырыбын, ІІ топ - сабақтың мақсаты мен критерийлерін жариялайды.

Бағалау: Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Қағаз қиындылары






5 мин.


(Ұ)

«Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.


  • Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?

  • Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?

Python программалау тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?




Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі



7-сынып оқулығы.


(Т) Талқылау

Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі.

І топ: Readline() функциясы

ІІ топ: Seek функциясы

Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.

Дескриптор:

  • Readline() функциясы туралы талқылайды.

  • Seek функциясы туралы талқылайды.


Бағалау: Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.




(Ж) Жинақтау

1-тапсырма.

Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” арасындағы кіші латын әріптері, ал екінші жолында және 0 мен 9 аралығындағы араб цифрлары берілген. Бірінші жолдағы алғашқы 10 әріп пен екінші жолдағы алғашқы 5 цифрды оutput.txt файлына жаз.

Input.txt

Output.txt

abcdefghijklmnopqrstuvwxyz

0123456789

abcdefghij

01234

Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “r”)

fout=open (“Output.txt”, “w”)

p=fin.readline(10)

fin.readline ()

h=fin.readline (5)

fout.write (p+’/n’)

fout.writelines (h)

fin.close ()

fout.close ()

Нәтижесі: abcdefghij 01234

Дескриптор:

  • Бірінші қатардағы алғашық 10 символды оқу үшін readline(10) деп, нәтижесін p айнымалысына жүктейді.





  • Екінші қатардағы алғашқы 5 цифрды оқу үшін, бірінші қатардағы алфавиттің қалған бөлігін параметрсіз readline() арқылы оқып, төменгі қатарға түседі.



  • Файлдан оқыған деректер жеке­жеке жолға жазу үшін ‘\n’ әдісін қолданады.

Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады.

Бағалау: Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.




2-тапсырма

Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” аралығындағы кіші латын әріптерінен тұратын жол берілген. Файлдағы осы жолды 2- орыннан бастап 15 әріпті ‘*’ символымен ауыстыр.

Input.txt

Output.txt

abcdefghijklmnopqrstuvwxyz

ab***************rstuvwxyz

Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “w”)

f.write (‘abcdefghijklmnopqrstuvwxyz’)

f.seek (2)

f.write (‘***************’)

f.close ()

Нәтижесі: ab***************rstuvwxyz

Дескриптор:

  • Input.txt кіру файлына латын әріптерін жазады.


  • Файл меңзерін Seek() функциясы көмегімен қажетті орынға орналастырады.



  • Файлға ‘*’ символын жазады.

Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады.

Бағалау: Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.



Дербес жұмыс. Практикалық жұмыс

3-тапсырма:

Input.txt мәтіндік файлында үш, төрт және бес таңбалы сандар бос орынмен ажыратып жазылған. Осы сандардың қосындысын тап. Қосындыны Оutput.txt файлына жаз.

Input.txt

Output.txt

256 4584 69581

74421

Программа коды:

fin=open (“Input.txt”, “r”)

fout=open (“Output.txt”, “w”)

a=int(fin.read(3))

fin.seek (4)

b=int (fin.read (4))

fin.seek (9)

c=int(fin.read(5))

fout.write (str(a+b+c))

fin.close ()

fout.close ()

Нәтижесі: 74421

Мақсаты: seek() және read() функцияларын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.







Дескриптор:

  • Seek (n) функциясының көмегімен меңзерді қажетті орындарға қойып отырады.

  • Read(n) функциясының көмегімен жолдық шамаларды таңбасының санына қарай оқиды.

  • Жолдық шамаларды int() функциясы көмегімен санға айналдырады.



Бағалау: Оқушы өзін-өзі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Сабақтың соңы


7 мин.

Рефлексия


Сабақты бекіту

«Бес саусақ» әдісі

Балалар таратылған «5 саусақ» парақшасына таныстырылымда көрсетілген төмендегі критерийлер бойынша өз ойларын жазады.


Өзімді қалай сезіндім?

-Басқаларға көмегім тиді ме?

-Бүгін көңіл күйім қандай болды?

-Бүгін сабақ ұнады ма?

-Бүгін не үйрендім?

Мақсаты: Сабақты бекіту.


Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағалауы. «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

«5 саусақ» парақшалары


Үй тапсырмасы

Досыңа хат! Файлдан оқу тақырыбы жайлы досыңа хат жаз. Хат мазмұнында файлдан оқудың ерекшеліктері мен оның программалау үшін маңызы жайлы әңгімелеп бер. Хаттың мазмұнында осы тақырыпты меңгерудегі қиыншылықтарың жайлы ойыңды жаз. Сонымен бірге бұл тақырыпты ойдағыдай меңгерген жағдайда программа құруда жаңа қандай мүмкіндіктерге қол жеткізетінің жайлы сөз қозға.

Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!