Материалдар / Ашық сабақ: «Фетрдан диадема дайындау әдісі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: «Фетрдан диадема дайындау әдісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Моншақ, бисер, паетка, стеклярус, рубка, жарты моншақ, стразы тастарымен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2022
1091
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қаласы білім бөлімі

КМҚК «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»

















Ашық сабақ: «Фетрдан диадема дайындау әдісі»










Қосымша білім беру

ұстазы: Сейтенова А.Б



















Приозерск қ.

Өткізілетін күні: 13.11.2021

Өтетін орны: 309 кабинет.

Өтетін уақты: 10.00

Сабақ тақрыбы: Фетрдан диадема дайындау әдісі.

Сабақтың мақсаты: Моншақ, бисер, паетка, стеклярус, рубка, жарты моншақ (полу бусинка), стразы тастарымен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласын арттыру.

Білімділік: Тәрбиеленушілерге бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, кестелеу әдісін үйрету.

Дамытушылық: Сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, кесте тігістерінің орындалу әдістеріне қажетті құрал жабдықтарды қолдану икемділігін  дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұлттық рухты сезінуге, өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, әсемдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

1.Ауызша (ауызша баяндау, тапсырманы талдау).

2.Көрнекілік (үлгілерді көрсету, зерттеу, бақылау, үлгі бойынша жұмыс жасау).

3.Практикалық (үлгімен жұмыс, сызу, қию, бисермен кестелеу).

Пайдаланатын құрал-жабдықтар: Моншақ, бисер, паетка, стеклярус, рубка, жарты моншақ (полу бусинка), стразы тастары, мононит, леска, ине №1-№0, фетр, шаблон, түйреуіш, флизелин, қарындаш, пластик ыдыс, қайшы.

Демонстрациялық құрал-жабдықтар: Алдын-ала дайындалған бұйымдардан шағын көрме, «Шеберлер шығармашылығы» бейнеролик, бұйымды жасау әдісі көрсетілген плакат. Еңбек қауіпсіздік ережелері туралы ескерту кестесі.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Ұйымдастыру кезеңі (тәрбиеленушілермен сәлемдесу, жоқ тәрбиеленушілерді белгілеу, сабаққа қажетті материалдарды тексеру, зейінін сабаққа аудару).

2.Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты міндеттерімен таныстыру.

3.Жаңа тақырыппен таныстыру, тарихи анықтама.

4.Қадамдық жұмыс үлгілері, түсінікті болу үшін дайын өнімдер.

5.Практикалық жұмыс.

6.Қортынды. Бағалау.

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздерме балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз «Фетрдан диадема дайындау әдісі» деп аталады.

Психологиялық дайындық: «Мен бәрін жасай аламын».

Бүгінгі күн тамаша!

Мен өзімді жақсы сезінудемін.

Менің көңіл күйім керемет жақсы.

Мен барлығы қолымнан келетініне сенімдімін.

Мен жұмыс істеуге дайынмын.

Қайталау сұрақтары: Тәрбиеленушілер білімін тест арқылы тексеру.

1.Бисер қандай заттан жасалады? ағаш, шыны, пластик, металл.

2.Бисердің отаны? –Франция, Италия, Египет, Жапон елі, Үнді елі.

3.Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған?- Бусра, бисер, буера, бусер.

4.Бұл тігісті алдымен бисерлерді жіпке тізіп алып, содан кейін матаға қысқа инешаншымдармен әрбір бисер арасын қосып тігеді?- «арка» тігісі, «вприкреп» тігісі.

Жаңа сабақ: Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Бүгінгі сабағымызда қазақтың қолөнері-кесте түралы және кесте тігудің түрлерімен танысамыз. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты іскерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдретімен бейнелеген ақыл парасаттарының жауһары. Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамытү біздің міндетіміз.

Кесте дегеніміз-мата бетіне түскен сурет нұсқасын жіппен толтыру. Онда өрнек немесе кескін қолмен (инемен, бізбен және де іс машинасымен де) әр түрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады.

Қолмен кестелеп тігу-өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер-көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл-күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұранысының өсуі бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан-сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою-өрнектерін әшекейлеу.

Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар.

Жиі қолданатын кесте түрлері:

«Баспа кесте»

«Қабырға кесте»

«Біз кесте»

«Тығыз кесте»

«Таржандау»

«Түкті кесте»

«Гобелен» (көпіртпелі) кесте

«Бисермен кестелеу».

Бисермен кестелеу- кесте тігудің неғұрлым кең тараған түрлерінің бірі.

Ал бүгін біз сіздермен бисермен кестелеудің негізгі тәсілдерін тігуді үйренеміз.

Практикалық жұмыс: Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі талаптары:

Инені ауызға салуға болмайды.

Ине, жіп, қайшыны арнайы қобдишада сақтауы керек.

Қайшыны сабы жағымен ұсыну керек.

Тот басқан инемен кесте тігуге болмайды.

Кестелеп тігудің түрлері: «Жалғыз моншақты бекіту», «инені алға», «инені артқа», «гүл өрнек» -осы тігістерді тігіп үйренеміз.

Дайын суретті керілген матаға қарындашпен сызып көшіреміз.

Бұйымның дайындалу кезеңдері:

1.Фетр матасына диадема үлгісін сызып, қию.

2.Бұйымға түс таңдау, қажетті фурнитураны түгелдеу.

3.Бұйымды бисермен кестелеу.

4.Соңғы әрлеу жұмыстары.

Жеке дара жұмыс:

1.Жеке дара жұмыс кезінде тәрбиеленушілердің өз бетімен кесте тігістерін орындау барысын тексеру.

2.Тәрбиеленушілердің тігу тәсілін дұрыс қолданылуын қадағалау.

3.Жасаған жұмыстарын өз беттерінше тексеруін талап ету, қателерін анықтауға ықпал жасау, себебін анықтап түзету.

4.Тәрбиеленушілерге жекелеп көмек беру.

Физминутка: Упражнение для глаз.

1.«Жмурки»: Тебе нужно сильно зажмурит глаза и посчитать до 7 потом открыть глазки и расслабить их.

2Бабочка»: Представь что твои веки и реснички крылья бабочки, чтобы бабочка взлетела нужно быстро и очень легко поморгать глазками.

3.«Часики»: Представь что ты часики которые тикают. Тебе нужно смотреть то влево то вправо, потом не поворачивая головы рисуй глазками круги, сначала по часовой стрелке потом против.

4.«Светофор»: Тебе нужно представить что ты светофор. Закрывай и открывай по очереди один и второй глазик.

Теперь ваши глазки отдохнули.

Тәрбиеленушілердің жұмысын бағалау,сапасын тексеру. Дайын бұйымдардан шағын көрме ұйымдастыру.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау сұрақтары.

Бүгінгі сабағымызда бисерді қандай әдіспен тігуді үйрендіңдер?

Бисермен кестелеу әдісін қолдана отырып, қандай бұйымдар жасауға болады?













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!