Ашық сабақ Ф.Оңғарсынова "Білім керек бәріне" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ф.Оңғарсынова "Білім керек бәріне" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3 «Ә»

Күні:25.10.18ж.

Мектеп: № 28 Ақбай жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Д.Каргабаева

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу

3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:шығарманы түсініп оқып,мазмұны бойынша сұрақтар қояды;

Көпшілік оқушылар:өлеңді мәнерлеп оқиды, бағалауға негізделген сұрақтар қояды;

Кейбір оқушылар:жазба жұмысының орфографиялық, пуктуациялық қателерін тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

  • Орфографиялық, пуктуациялық қателерді табады;

  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Тірек сөздер

Ғажап, таңдандырар,тауды бұзып,тас жарып

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуына біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Досқа тілек»

Топтарға бөлу:

Қоржыннан сұрақтарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.











Ширату тапсырмасы:«Еден-төбе-мұрын» ойыны

Ойынның шарты:Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап,қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.



Слайд №1-3

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы


6-8 минут


9-15 минут














16-18минут





















19-20минут













21-25 минут




















26-30 минут




















31-35 минут

Танысу

Фариза Оңғарсынова(1939-2014)-ақын,журналист,мемлекет және қоғам қайраткері



1-тапсырма

(Ө) Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

«Мозайка» әдісі бойынша суретпен жұмыс


(Ө;Т) Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Топ болып сурет қиындыларынан сурет құрастырып, сол суретке қарап мақал немесе бата ойластырады, дәптерлеріне жазады. Топта талқылап, сынып алдында қорғайды. Өлеңмен салыстырады.


Саралау: тапсырма уақыт арқылы сараланады. Кейбір топтың дайындығына қосымша уақыт беріледі.

ҚБ топтар бірін-бірі бағалайды. Көңілді смайликтер арқылы.


«Топтастыру» әдісі

Shape1

Shape2

БShape3 Shape4 ілім

Shape5



3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Саралау. Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.



4-тапсырма (жеке жұмыс)

(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Білім деген -байлық»тақырыбына өз ойларын жазады.Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әрүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Кейбір сөздердің жазылуына мұғалім қолдау көрсетеді.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

5-тапсырма

(Т) Сәйкестендір. Топтық жұмыс

Білім өмір дүние жарық

Оқу инемен кәріп

Білімдіге құдық қазғандай

Білімсіздің күні шырағы

Оқусыз білім жоқ

Оқу білім азығы

Оқушыларға мақалдар таратылады. Топ болып мақалдарды құрастырып, мағынасын түсіндіреді. Мақалды өмірмен байланыстырады.

Саралау:

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.



  • Сұраққа жауап (ЖЖ) «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі.

1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

-Білім не үшін керек?

-Білімді болу үшін не істеу керек?

-Қазір білімсіз өмір сүруге бола ма?

ҚБ.«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау


Слайд №4-5





Слайд №6









Жұлдызшалар



Слайд №7

















Слайд №8







Слайд №9











Слайд №10













Слайд №11





Слайд №12



















Слайд № 13














Сабақтың соңы

36-40 минут

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім


Слайд №14

Суреттер

Саралау

1-тапсырмада тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әрүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Кейбір сөздердің жазылуына мұғалім қолдау көрсетеді.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор


  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.

  • Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтарын қояды;

  • Орфографиялық, пуктуациялық қателерді табады;

  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2019
1448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі