Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Фосфор қышқылы және тұздары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары мектептегі, колледждегі химия пәні мұғалімдеріне көмекші құралы ретінде пайдалануға болады. Ашық сабақта топтық жұмыс, жекелей жұмыстар жақсы жүзеге асырылған. Жаңа талаптарға сай құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Касенова Шынар Ильясовна

ҚАЕУ колледжінің химия-биология пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Фосфор қышқылы және тұздары

Мақсаты:

Білімділік:V топтың негізгі топшасының маңызды бейметалы – фосфордың жай зат ретіндегі қасиеттері туралы ұғымдарды дамыту. Фосфордың маңызды қосылыстары - ортофосфор қышқылы және тұздары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Химиялық заттармен жұмыс істей білу, химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды еңбексүйгіштікке, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

І. Қайталау – оқу анасы. (не білемін....)

Менделеевтің кестесінен,

Аңызға арқау болған

Қасиетті, құдіретті, киелі

Білесің бе, фосфор деген элементті?

1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі көмегімен фосфорға сипаттама беру.

2. Тақтаға фосфордың атом құрылысын жазу.

3. Жоғалған формулалар (химиялық қасиеттерін еске түсіру)

  1. P + ? = 2PH3

  2. P + S = ?

  3. Р + Ca = ?

  4. P + ? = 2PCI3

  5. Ca3P2 + H2O = Ca(OH)2 + ?

  6. P2O5 + H2O = ?

  7. 6P + KCIO3 = KCI + ?

  8. Р + ? = 2P2O5

  9. P2O5 + NaOH = ? + H2O


ІІ. “Сен оқысаң, мен тоқығам”. Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбын тауып көр

Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді.

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?


Н3РО4 - молекулалық формуласы

Н – О

DrawObject1

H – О – Р = O

DrawObject2

HO

құрылымдық формуласы

Қышқылға сипаттама: үшнегізді, оттекті, ерігіш, тұрақты, күші орташа қышқыл

Физикалық қасиеттері

Н3РО4 – түссіз кристалдық зат, суда жақсы ериді, улы емес, t0бC = 42,3.

Химиялық қасиеттері

1.Сатылап диссоциацияланады:

Н3РО4↔ Н+ + Н2РО4-

Н2РО4- ↔ Н+ + НРО42-

НРО42- ↔ Н+ + РО43-


2. Н3РО4 + индикатор = түсін өзгертеді.

3.Металдармен әрекеттесуі

Ортофосфор қышқылы металдардың кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдардыңбарлығымен әрекеттеседі де, орта немесе қышқыл тұздар және сутегін түзеді.

6К + 2Н3РО4 = 3РО4 + 3Н2

2К + 2Н3РО4 = 2КН2РО4 + Н2

4. Негіздік оксидтермен әрекеттесуі

3СаO + 2H3PO4 =Ca3(PO4)2 + 3H2O

5. Еритін негіздермен

3NaOH + H3РО4 = Na3PO4 + 3H2O

6. Негіздермен (ерімейтін)

3Cu(OH)2 + 2Н3РО4 = Сu3(PO4)2 + 6H2O

7. Тұздармен (әлсіз қышқылдардың

3Na2СО3 + 2Н3РО4 = 2Na3PO4 + 3H2O + 3CO2

Алынуы: Зертханада:

Р2О5 + 3Н2О = 3РО4

2. Өнеркәсіпте:

А) экстракциялық

Са3(РО4)2 + 3Н2SO4 = 3CaSO4 + 2H3PO4

В) термиялық

+SiО2,C +O2 +H2O

СDrawObject4 DrawObject5 DrawObject3 а3(РО4)2 P P2O5 H3PO4

Фосфор қышқылының тұздары

Фосфор қышқылы үш қатар тұз түзеді:

- фосфаттар

- гидрофосфаттар

- дигидрофосфаттар

Фосфат-ионға сапалық реакция

Н3РО4 + AgNO3 = Ag3PO4 + ?

Na3PO4 + AgNO3 = Ag3PO4 + ?

Фосфор қышқылы мен тұздарының қолданылуы:

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6



Минералды тыңайтқыштар жуғыш заттар дәрі-дәрмектер

Тапсырма: “Атымды тап”

Са3(РО4)2 кальций гидрофосфаты

Са(Н2РО4)2 кальций фосфаты

СаНРО4 кальций дигидрофосфаты

Фосфор қосылыстарын зертеуде көп үлес қосқан Қазақстандық ғалым Ә.Б.Бектұров туралы

Бектұров Әбікен Бектұрұлы (1901-1985) – техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Ә.Б.Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып енгізді, Қаратау фосфоритінен минералды тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі

III.Бекіту тапсырмалары: «Мен не білдім …..»

1DrawObject9 DrawObject11 DrawObject10 .Жеке жұмыс:

Айналымды орында:

P ------- Mg3P2 ------- PH3 ------- P2O5 -------- H3PO4 -------- Ca3(PO4)2

2.Жұппен жұмыс:

Есеп: Құрамында 20г фосфор қышқылы бар ерітіндімен құрамында 20г қорғасын хлориді бар ерітінділер араластырылды. Реакция нәтижесінде түзілген тұнбаның массасын анықтаңдар.

БDrawObject12 ер:

m(Н3РО4) = 20г

m(РbСІ2) = 20г

DrawObject13

т/к m(тұнба)


3.Сыныппен жұмыс

Сәйкесін тап

Р

Р2О3

Na3PO4

H3PO4

P2O5

NaH2PO4

Тұзы






Қышқылы






Оксиді








4.Сендер мына тұжырымдамалармен келісесіңдер ме?

1.Фосфор қышқылы күші орташа электролит

2.Н3РО4 тек еритін сілтілермен әрекеттеседі

3.Н3РО4 тұрақсыз қышқыл

4. Н3РО4 үшнегізді, оттекті қышқыл

5.Н3РО4 металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.

6. Н3РО4 металдардың кернеу қатарында сутегіне дейінгі металдармен әрекеттеседі.

7. Н3РО4 ерітіндісінде лакмус түсі көкке өзгереді

8. Н3РО4 тұздары фосфаттар деп аталады

Өзіңді тексер!

1. Иә

2. Жоқ

3. Жоқ

4. Иә

5. Жоқ

6. Иә

7. Жоқ

8. Иә

Үйге тапсырма: § 32, №2,5,8жаттығулар, 98бет.

IV. Бағалау:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.12.2018
732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі