Сабақтың
ортасы (6-35
минут)
|
(МК,Ұ)
Ақпараттық блок.
Мұғалімнің сөзі
Функция ұғымы. 1-мысал.
Автомобиль v = 60 км/сағ тұрақты жылдамдығымен жүріп келеді. Оның t
уақытында жүріп өтетін s км жолын табу керек. Шешуі. Жүріп өтетін
жол t уақыты мен v жылдамдығы арқылы былай өрнектеледі: s = vt
Мұнда v = 60 км/сағ болғандықтан, жүрілген жол мөлшерін s = 60t
өрнегі көмегімен есептейміз. Осыдан, t уақыты өзгерген сайын
жүрілетін s жолы да өзгеретінін көреміз. Мысалы, t = 0,5 сағ болса,
онда s = 60 · 0,5 = 30 км; егер t = 2 сағ болса, онда s = 120 км,
т.с.с. 2-мысал. Әкімшілік тұрғындарға саяжайға арналған
әрқайсысының ауданы 6 сотка (600 м2) болатын, тік төртбұрыш пішінді
жер телімдерін бөліп бермекші болады. Егер бөлінетін жер телімінің
бір өлшемі х м болса, онда оның екінші өлшемі y-ті қалай анықтауға
болады? Шешуі. Тік төртбұрыш ауданын анықтау формуласы бойынша 600
= =x · y теңдігі орындалуы керек. Осыдан y x = 600. өрнегін аламыз.
Мұндағы х пен y-ті айнымалылар деп қарастырсақ, онда х-тің әрбір
мәніне у-тің тек бір ғана мәні сәйкес келеді.
Мысалы,
егер х = 6 м болса, онда y ==
600 6 100м; егер х = 15 м болса, онда y == 600 15
40м;
егер х = 20 м болса, онда y ==
600 20 30м. Қарастырған мысалдарда бір айнымалы (тәуелсіз айнымалы)
өзгерсе, онда екінші айнымалы да (тәуелді айнымалы) өзгеріп
отыратынын көрдік. Сонымен қатар, тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне
тәуелді айнымалының тек бір мәні сәйкес келетіні анықталды.
Анықтама. Тәуелсіз айнымалының әрбір мүмкін мәніне тәуелді
айнымалының жалғыз мәнін сәйкес қоятын тәуелділікті функционалды
тәуелділік немесе функция деп
айтады.
Тәуелсіз х айнымалысын
аргумент деп, ал тәуелді у айнымалысын х аргументіне тәуелді
функция деп те атайды. Жалпы түрде х аргументіне тәуелді у
функциясын былай жазады: у = f(х), оқылуы «игрек тең икстен эф».
Сонымен, функцияны анықтау үшін: 1) Функционалды тәуелділікті
орнататын f заңдылығы берілуі керек; 2) Аргументтің мүмкін мәндері
жиыны көрсетілуі қажет. Бұл жиынды функцяның анықталу облысы деп
атайды. Мысалы, f(x) = 2x – 3, x∈
[–1; 2] және f(x) = 2x – 3,
x∈ [0; 5] әртүрлі функциялар,
өйткені олардың анықталу облыстары өзгеше. Көп жағдайда
функционалды тәуелділіктердің анықталу облысы көрсетілмей жазыла
береді. Мұндай жағдайларда оның анықталу облысы ретінде f(x)
өрнегінің мағынасы бар болатындай барлық x мәндері жиыны алынады.
3-мысал. fx x x () = − 2 1 функциясының анықталу облысы x ≠ 1,
теңсіздігімен анықталады, өйткені бөлшектің бөлімі нөлге тең
болмауы керек: D = (–∞; 1)∩(1; +∞) – анықталу обласы. 4-мысал. у =
3х – 2, –3 х 3 функциясының мәндері жиынын табу керек. у = f(x)
функциясының барлық қабылдайтын
мәндері жиынын, оның мәндері
облысы деп атайды. Шешуі. –3 х 3
⇒
–9 3х
9 ⇒ –11 3х – 2
7 ⇒ –11 у 7. Сонымен, берілген
функцияның мәндері облысы: [–11; 7]. 5-мысал. Аргументтің қандай
мәнінде fx x () = + 3 3 функциясының мәні 6-ға тең? Шешуі. f(x)
мәні 6-ға тең болуы керек:
Мұнда қарастырылған барлық
мысалдарда функционалдық тәуелділік формула (өрнек) арқылы
берілген. Бұл жағдайда функцияны аналитикалық жолмен берілді деп
есептейді. Сонымен қатар, формула кестелік және графиктік
тәсілдермен де беріледі.
Деңгейлік
тапсырмалар:
4.2. f(х)=2x-5 функциясының
мәні аргументтің қандай мәнінде : 1)3; 2)-1; 3)0; 4)10
тең?
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Берілген функцияның мәндері
арқылы аргументтің мәнін
табады.
|
-функцияны берілген мәніне
теңестіреміз;
-аргументтің мәнін
табамыз;
|
4.35 Қалааралық
автобус тұрақты 80 жылдамдықпен жүріп
келеді. Автобустың t сағатта жүрген жолы S км деп алып келесі
кестесін толтырыңдар.
t
|
15
мин
|
30
мин
|
|
1 сағ 20
мин
|
|
2
сағ
|
s
|
|
|
80
км
|
|
120
км
|
|
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Берілген есептің функциясын
тауып,кестені толтырады
|
-Берілген есептің
функциясын табады;
-Функцияның мәнін
табады
|
В
тобы:
4.12. 1) f(x) = x2 –
2х + 3; 2
функциясы үшін f
(–1); f (0,1); f (0,25); f (1) және f (2) мәндерін табыңдар.
Функцияның анықталу облысы
қандай?
С
тобы:
4.16. Функцияның
анықталу облысын жиын арқылы жазып
көрсетіңдер:
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Функцияның мәнін
табу
Функцияның анықталу облысын
табу
|
Функцияның мәнін
табады
Функцияның анықталу облысын
табады
|
|
Оқулық
№1жұмыс
дәптер
|
|
|
|
|
|