Ашық сабақ: "Ғажайып әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Ғажайып әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған орта

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Тақырыпша: Айналамыздағы табиғат әлемі

Тақырыбы: «Мені қоршаған ортам»

Мақсаты: Қоршаған орта туралы жан – жақты түсінуге ықпал ету

Міндеттері:

Білімділік: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін арттыру.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту;

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, ойын, ӨТШТ технологиясының әдістері (миға шабу)

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, суреттер, карточкалар.

Билигвальды компонент: ағаш - дерево, жануар – животное, құс – птица.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: қыс мезгілі, қоршаған орта туралы әңгімелесу.

Мотивациялық қозғаушылық.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Армысыз , алтын Күн!

Армысыз, Жер ана!

Армысыз, қонақтар,

Армысыз және біз!

Балалар бір – бірлерінің қолдарынан ұстап жылулықтарымен бөліседі.

Қанекей, балалар орнымызға отырамыз.

Балаларға қыстың суретін көрсету арқылы, қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтқызу.

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезең.

Тосын сәт: Есік қағылып саяхатшы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Мен сендерге бізді қоршаған ортаға саяхатқа шығуға ұсыныс жасауға келдім.

-Балалар, біз саяхатшымен айналамен танысуға шығамыз ба?

Саяхатшы бізге жол көрсетіп отырады.

-Иә, саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шығады.

-Балалар, қандай әдемі дыбыс! Бұл ненің дыбысы екен?

-Ағаштардың сыбдыры.

-Балалар, қараңдар мен жапырақтар тауып алдым.

-Ал, сендер бұл жапырақтарды сипаттап беріңдерші.

-Мынаны қараңдар, қандай әдемі ағаштар!

-Біз «ағаштар әлеміне» келіп қалыппыз.

-Балалар, бұл ағаштардың атауын айтып беріңдерші.

Балалар ағаштардың атауларын айтады.

-Қайың, шырша, терек, емен.

«Иә, жоқ» ойыны

-Ал, енді қараңдаршы, қайың ағашының жапырақтары - жоқ.

-Жапырақтары суықтан түсіп қалған - иә

-Шырша жыл бойы жасыл түсті - иә

-Жарайсыңдар!

-Енді ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Саяхатшы:

-Міне менің қолымда қауырсын бар.

Бұл қауырсынмен «Паравоз» ойынын ойнайық.

-Балалар, бұл не нәрсе?

-Қауырсын.

-Түсі қандай?

-Ақ.

Салмағы қандай?

-Жеңіл.

Ал қауырсынға ұқсайтын тағы нені білесіңдер?

-Қар.

Оның түсі қандай?

-Ақ.

Ол суық.

Ал тағы қандай суық нәрсені білесіңдер?

Мұз.

-Дұрыс айтасыңдар, «Құстар» әлеміндегі әуен құлаққа жағымды естіледі екен .

Қимылды ойын: «Құсты ағаштан алып үлгер»

Шарты: Музыка әуені ойнап тұрады. Балалар қимыл – қозғалыста болады. Әуен тоқтаған кезде ағаштан бір құсты алады. Сол құстың атын атайды.

-Қарға, көгершін, сауысқан, торғай.

-Жарайсыңдар, сендер біраз құстардың атауын біледі екенсіңдер!

Саяхатымызды жалғастырайық.

-Балалар, ана жақтан бір дауыстар естіледі. Тыңдап көріңдерші. Сол жаққа қарай барайық.

Мына жерде көп жануарлар бар екен, бұл - «Жануарлар» әлемі.

Балалар сендермен «Бөлшектерден жануарлар құрастыр» ойынын ойнайық.

Шарты: Балаларды 3 топқа бөліп, үш түрлі аңның бөлшектелген фотосуреттері беріледі. Балалар бөлшектерді құрып, сол жауардың атауын айтады, қысқаша сипаттама береді.

-Жарайсыңдар, балалар! Біз сендермен «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Құстар» әлеміне саяхат жасадық. Енді саяхатымызды аяқтап, сабағымызды орнымызда жалғастырайық.

Рефлексия – түзетушілік:

Сабақ басталмас бұрын көңіл-күйлерің қандай болды?

Сабақтан алған әсерлеріңнен кейінгі көңіл-күйлерің қандай болды?

Бағалау. Балаларға «мені қоршаған ортам» атты төс белгілер таратамын.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ағаштың, жануарлардың, құстардың түрлерін.

Игеру: өзін қоршаған ортадағы әлемдерді.

Меңгеру: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2020
798
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі