Сабақтың тақырыбы: Ғаламшарлар қалай
орналасқан?
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға күн
жүйесі мен ғаламшарлар туралы жан-жақты білім
беру. Соның ішінде күн жүйесінің құрамына кіретін аспан
денелерін, галактика неден тұратынын, ғарыштан алынған
ақпараттардың шаруашылық үшін маңызын жете
түсіндіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын
кеңейту,шығармашылығын шыңдай түсу.
б) тәрбиелігі: оқушыларды зерделілікке,
ынтымақтастыққа, ізденімпаздыққа, таланттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, шығармашылық
жұмыс сұрақ-жауап, түртіп алу,
Пәнаралық
байланыс: жаратылыстану, музыка
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, кітаптар, постерлар,
тест
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Аспан - аспан арайлым
Қызыға саған қараймын
Сені көзбен шоламын
Көктің жүзін барлаймын
II .Жаңа сабақ (6 мин
)
-
Балалар сендер айналада қандай суреттермен
таныссыңдар? Қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
-
Ғаламшарларды...аттарын атату білетіндерін
айтқызу
-
Дұрыс айтасыңдар
балалар...ғаламшарлар...яғни біз бүгін осы ғаламшарлардың орналасу
ретімен танысамыз!!! Алдымен топқа бөлініп алайық. Сендерге 4 сурет
беріледі сол суреттердің қиындыларын құрап топтарығды тауып
алуларың керек. әр топтың бір орындығында бір күннің суреті бар,
кімге түссе сол топбасшы болады. Топбасшыға жасыл сары қызыл
стикерлер беріледі сол арқылы топ оқушыларын бағалайды. әр оқушыда
« Күн» парақшасы болады, сол арқылы әр оқушы өзін өзі
бағалайды.
Жасыл – «өте жақсы »
Сары – «жақсы »
Қызыл – «қанағаттанамын»
Топқа бөлу... «Мозайка » ойыны
1 топ: Күн
2 топ: Жер
3топ: Ғарыш
4 топ:
Ғаламшарлар
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан
әлемінде сансыз жарқырап тұрған жұлдызды
көресің. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан.Сондықтан
олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып
көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз
көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке
алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша,
жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып
кетеді.
Жұлдыз - газдан тұратын аспан
денесі
Жерге ең жақын
жұлдыз-Күн. Күн, ай, жер - ғарыштық денелер. Күнді
9 ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар ғаламшарлар (планета) деп
аталады. Ғаламшарлар-«адасушы жұлдыз» деген сөз. Ғаламшар-өздігінен
жарық шығармайтын салқын денелер. Ғаламшарлардың жұлдыздан
айырмашылығы өздігінен жарық шығару мүмкіншілігі жоқ, күн
сәулесінің шағылысуынан жарқырап тұрады. Енді планеталарға тоқталып
өтейік.
Күн және оны айналып жұретін
ғаламшарлар мен олардың
серіктері күн
жүйесін құрайды.
Күн жүйесі - әлем кеңістігінің немесе ғарыштың
бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне
кіреді.
Видео « ғаламшарлар туралы»
2:33
Макеті « Ғаламшарлардың орналасу реті және күн
жүйесі » макетті зерттей отырып, оқушылар аттарын қайталап дәптерге
жазу.
Дәптермен жұмыс (Жұптық
тексеру )5 мин
әр оқушы ғаламшардың орналасу ретімен танысып
отырып, дәптерді толтырады. Көршісі тексеру арқылы
бағалау.
Шығармашылық ,Постермен жұмыс
(15 мин )
1 топ: берілген ребусты шеш.
Ғаламшарлардың атауларын жаз.
2 топ: ғаламшарлардың
орындарын сәйкестендір анықта. Ғаламшар сөзі үш тілде қалай
айтылады, жаз!
3 топ: түсіп қалған ғаламшарларды тап, жаз.
Ғаламшарларға анықтама
4 топ: күн жүйесі дегеніміз
не? Күнді айналу ретін көрсету
Қосымша
ақпарат:
Ғарышқа сапар
-
1961 жылы 12 сәуір Ю.А.Гагарин
-
1991 жылы 2 қазан Т.О.Әубәкіров
-
1994 жылдан бастап 3 рет
Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.
Сергіту сәті «Қызыл гүлім ай»
Қосымша ақпарат: биыл 2017ЭКСПО көрмесінде осы
күн жүйесін шексіз қолдану және пайдалану мақсатында әр елден неше
түрлі көрме заттары робаттарын алып келді. Біздің елде де күн
жүйесінен қуатталатын қуат алғыштар, көліктер, үй жылынуға
пайдалану, жеміс жидектерді күн көзінің ыстығымен пісіру туралы
жобалар көрсетілді.
Қорытынды. «Сен білесің
бе?»
1. «Ғаламшар» грекше қалай
аталады?
2. Өзінен жарық шығармайтын салқын
денелер?
3. Жердің серігін ата.
4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен
таралады?
5. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз
ғаламшар?
6. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі
қашан ұшырылды?
7. Қазақ ғарышкерлерін ата.
8. Жерді қоршаған бүкіл дүние
қалай аталады?
9.Күн дегеніміз....
10. Күн ді неше ғаламшар
айналады екен?
Тексеріп көр!
1.Адасушы жұлдыз
2. Ғаламшар (планета)
3. Ай
4. 300 мың км
5. Жер
6. 1957 жылы 4 қазан
7. Т. Әубәкіров және Т.
Мұсабаев
8. Әлем немесе Ғарыш
9. күн ең жарық жұлдыз
10. күн жүйесін 8 ғаламшар
айналады
Рефлекция. Кері байланыс
орнату. Оқушылар алдарындағы жұлдыздарына тілектерін жазып қалдыру,
пікірлерімен бөлісу
VII Үйге тапсырма
Ғаламшарлардың орналасу реті.
оқу. Ғарышкерлер туралы мәнжазба жазып
келу.
IX Бағалау. өз өзін бағалауда
« күн сәулесін» кім қаншалықты құрағанын көрсете қойыңдар!!!
Балалар сендер бүгін осы күндерің сияқты білімдеріңді жан жаққа
шашып, өздеріңді керемет жақтарыңнан көрсете білдіңдер,
Рахмет!
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!