БЕКІТЕМІН
директордың оқу-өндірістік
жұмыстары жөніндегі орынбасары
________________Д.Турсынхожаев
«_____»________________20 ж
Сабақ жоспары №
Сабақтың тақырыбы: Газбен пісіру әдістері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Газбен пісіру әдістерімен таныстырып, оны қандай жағдайда
болатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Білім алушылардың сөздік қорын молайту, білім
алушылардың ойлау қабілетін, ой белсенділігін
арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту, ұқыптылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе бөлім:
1.Студенттерді түгелдеу
2.Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен сабақты сұрау
1. Қандай газ жалыны пісіру кезінде ең жоғарғы температура береді?
2. Газ балондардың ішіндегі көгілдір түс қандай газ балондары ?
3. Пісіру бірікпелерінің сапасын бақылау тәсілдерін ата?
4. Дәнекерлеп байланыстырудың түрін ата?
5. Гелий газының түсі қандай?
6. Газ жалынымен қыздыруды қай кездерде қолданамыз?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Газбен пісіру - ажырамайтын пісіру берікпесін алудың балқыту арқылы жүргізілетін бір түрі.

Газбен пісіру әдісі қарапайым және күрделі пісіру жабдықтарын қажет етпейді. Бұл әдіспен қалыңдығы 1,5 мм-ге дейінгі жалпақ болаттарды пісіргенде, қаттамалы электродпен қол доғасымен пісіргенге қарағанда өнімділік 1,5 есеге көтеріледі.
Газбен пісіру- қалыңдығы 1...3 мм-ге дейінгі жалпақ металдарды, кіші және орташа диаметрлі құбыр желілерін, құйма шойын бұйымдарын жөндеуге, алюминийден, мыстан, жезден, қоладан жасалған бұйымдарды пісіру мен оларға балқыма қабатын құю үшін кеңінен қолданылады.
Газбен пісіру әдісі құрылыс-монтаждау жұмыстарында, ауыл шаруашылығында және жөндеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Газбен пісіру жұмысын сапалы жүргізу үшін пісіру жалынының қуаты жеткілікті болу керек.
Жалын қуаты 1-сағат ішінде газ жандырғының мүштігі арқылы өткен ацетиленнің шығынымен есептеледі. Оның шығыны газ жандырғыға бекітілген ұштық нөмеріне тәуелді. Пісіру жалынының қуаты пісірілетін металдың қасиеті мен қалыңдығына байланысты таңдалады.
Өндірісте металдың 1 мм қалыңдығына жұмсалатын ацетилен шығыны тәжірбиемен анықталады.
Сонымен қатар жалын қуаты формуласымен де анықтайды. Мұндағы - ацетилен шығыны, л; S-металл қалыңдығы, мм; A- тәжірбиеде жүзінде анықталған коэффициент, л/саг*мм.
Көміртекті болаттар мен шойындар үшін - А=100...300 л/сағ*мм; мысқа -150...225; алюминиге -100...150 шамасында қабылданған.
Газбен пісірушінің оң қолында газ жандырғы, ал сол қолында толтырғыш сым тұрады. Пісіру үстінде біріктірілетін бұйым ернектері пісіру жалынының тұрақтандырғыш аймағында болу керек. Сонымен бірге, жалын ядросы ернектен 2...6 мм қашықтықта үнемі жылжып отыру керек. Ал толықтырғыш сым ұшы жалынның жұмысшы аймағында немесе пісіру ваннасында болған дұрыс.
Жалынның пісірілетін бетті қыздыру жылдамдығы газ жандырғы мүштігінің пісірілетін бетке көлбеу немесе енкейтілу бұрышына ( ) сәйкес реттеледі. Ал енді еңкейту бұрышының шамасы бұйымның қалыңдығы мен материалдарына байланысты.

Пісіру жұмысы жаңа басталғанда металл жақсы қызу үшін еңкейту бұрышын үлкен ауада. Металл қызған соң еңкейту бұрышы металдың қалыңдығы мен қасиетіне сәйкес реттеліп отырады.
Пісіру аяқталуға жақындағанда, металды күюден сақтау және тігістің соңғы ойығын тегістеу үшін еңкейту бұрышын кішірейтеді.
Газ жандырғы тігіс бойымен не оған перпендикуляр ұсталады.
Пісіру үстінде, пісіруші газ жандырғы мүштігімен екі қозғалыс жасайды. Біріншісі, тігіс осіне перпендикуляр кесе көлденең және екіншісі тігіс бойымен көлденең негізгісі осы тігіс бойымен көлденең қозғалыс болып табылады.
Кесе көлденең қозғалыс тігіс енін үлкейту және негізгі толықтырғыш металды біркелкі қыздырып отыру үшін жасалады.

Газбен пісірудің негізінен екі түрі «сол» және «оң» әдістері болады.
Сол жақпен пісіру кезінде пісіруші оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттық пен қоса пісірілетін металды жікке көлденец иректеп қозғап отырады. Бұл тәсіл жұқа 5 мм дейін қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.
Сол әдісте ернектер алдын ала жалынмен қыздырылып отырады, сонымен бірге тігіс пішінін пісіруші көріп тұрады. Сондықтан тігістің сыртқы пішінін жақсы етіп алуға болады.

Оң жақпен пісіруді оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суиды.
Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 15-10%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-70°С-қа азайтқандықтан еңбек өнімділігі 20-25% -ға өседі.
Оң жақпен пісіру тәсілін қалыңдығы 5 мм-ден артық бөлшектерді немесе жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары) пісіргенде пайдаланған тиімді. Пісіру жалыны жаңа түзіліп жатқан тігіске бағытталады, ал толықтырғыш сым жалынның ізімен қозғалады. Мүштік аздап тігіске кесе көлденең қозғалтылып отырады.
Пісіру үстінде қабылдаған пісіру режимін дұрыс орындау - сапалы тігіспен берік бірікпе алуды қамтамасыз ететін естен шығармау керек.
5. Жаңа материалды бекіту
Кестеде әр түрлі сөздер берілген сол бойынша астыңғы бөлігіне жауап жазу керек.
|
Газбен пісіру |
Газбен пісіру құрал-жабдықтары |
Газбен пісіру әдістері |
Газбен пісіру кезінде қолданатын баллондар |
Газбен пісіру кезіндегі баллондардың түстері. |
Сол және оң әдістердің қолданылуы |
|
|
|
|
|
|
|
6. Өзіндік жұмыс
Аяқталмай қалған диктант.
1. Газбен пісіру әдісі ... кеңінен қолданылады.( құрылыс-монтаждау жұмыстарында, ауыл шаруашылығында және жөндеу жұмыстарында).
2. Жалын қуаты 1-сағат ішінде газ жандырғының оттығы арқылы өткен ... шығынымен есептеледі. (ацетиленнің).
3. Газ жандырғы тігіс бойымен не оған ... ұсталады. (перпендикуляр).
4. Газбен пісіру жұмыстары ... әдіспен жүргізіледі. (сол және оң).
5. "Оң" әдіс қалыңдығы ... үлкен металдарды пісіруге қолданылады. (5 мм).
7. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі тақырыпты қорытындылап, бағалау және түсінбеген сұрақтарға жауап беру.
8. Үй тапсырмасы
Берілген материалдарды оқып келу және қосымша мәліметтер жинап келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Газбен пісіру әдістері

шағым қалдыра аласыз