Материалдар / Ашық сабақ. Геометриялық денелерден тұратын натюрморт. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Геометриялық денелерден тұратын натюрморт. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бейнелеу өнері пәні ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5 пәні: бейнелеу өнері Мұғалімі: Даулетов Н.Қ

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерден тұратын натюрморт

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: натюрморт туралы түсінік беру, натюрморттың құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.

ә) дамытушылық: сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы,  заттың жарық пен көлеңкесімен, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.

б) тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,  суретпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қызығушылықтарын ояту, үйрету, орындату.

 Сабақтың көрнекілігі: қойылым, нұсқа  4 кезеңдік  натюрморт долбарларын салу үлгісі, әртүрлі  геометриялық денелердің үлгілері, суреттер.

Құрал-жабдықтар: сурет альбомы,, түрлі конструктор қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Білімдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

IV.Тапсырмаларды орындау.

  1. Сабақты бекіту.

  2. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару. Заттарды өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық  сұрақтар  қояйын.

ІІ.Білімдерін тексеру:

Сурет салу үшін не керек деп ойлайсыңдар?

-бейнені қайда саламыз? (қағазға)

-бейнені кетіру үшін не керек? (өшіргіш)

-бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек? (штрихтау, бояу)

-компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру ).                                             -пропорция дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу).                                                                       

-жарық дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз).                                                                                                                            

 -көлеңке дегеніміз не? (заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі).

«Сен не білесің» ойынын ойнайық. Ол үшін сендер тақтадағы ілінген суреттерге қарап онда не бейнеленген бейнелеу өнерінің қандай түрі, қандай жаныр, немен бейнеленгенін еске түсіріңдер.

 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Геометриялық денелерден құралған натюрморт». Бүгінгі сабақта Геометриялық денелерден құралған натюрмортпен танысып сурет саламыз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.

Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIII ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Сондықтан натюрмортты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек

. Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты суретте көрсетілгендей етіп сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.

Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Бүгінгі біздің натюрморт екі заттан тұрады.                   

1-кезең. Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден басталады Бірінші кезеңде есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесеқағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек. Ендеше оқушылар қолымыздағы қарындашты қоя тұрайық, ойынға назар аударайық.   

    2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып  көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы-мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих-қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие болады. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың  ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды   

    3-кезең. Заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешікті көлеңке дегеніміз – заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп – табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Геометриялық денелердің түсі ашық болғандықтан, штрихтау барысында  сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Штрихты нәрсе көлеміне байланысты доға және көлбеу түсіру арқылы, заттың бейнелік көлемін әрі айқындай түсуге болады. Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн.Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз

   V.Жаңа сабақты қорыту.

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

  1. Штрих дегеніміз не?

а) көптеген ,біріктес сызықтардың жиынтығы ә) заттың бейнесі  б) заттың пішіні

2.Жай қарындаш түрлерін тап?

а)түрлі-түсті қарындаштар   б)жұмсақ,қаламұш,қарындаштар

в) жұмсақ,қатты қарындаштар

4.Тор көзді немен сызамыз?

а) қарындаш,сызғыш  б) бояу,қарындаш  в) қарындаш,бояу

5.Дұрыс  сурет  салу  үшін  не  керек?

а) түстану    б) үйлестіру    в) мүсіндеу

  1. Сызық жүргізу арқылы нені белгілейміз?

а) заттың  пішінін   ә) заттың ұзындығын  б) заттың түсін

  1. Кітаптың пішіні неге ұқсайды ? а) үш бұрыш ә) төрт бұрыш    б) конус


Оқушылар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Денелерді неше кезеңмен саламыз? Қандай штрих түрлерін пайдаландық? Бүгінгі сабақ ұнады ма?

 VІ.Үйге тапсырма беру: Натюрмортты толық штрихтап, аяқтау.





   










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!