Ашық сабақ. Геометриялық фигуралармен жұмыс. 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Геометриялық фигуралармен жұмыс. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге көмек. Бұл сабақта оқушыларды векторлық графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканы өңдеу, фигураларды енгізу, оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды қолдану барысында инскейп бағдарламасын пайдалана алуы, оқушыларды векторлық графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімі мен практиканы ұштай алуы іске асырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пәні: Информатика

Күні:

Сынып: 7

Пән мұғалімі: Абдкереева Г.Ж.


Сабақтың тақырыбы

Геометриялық фигуралармен жұмыс

Сілтеме


Оқулық, сілтеме материалдары www.inkscape.org.

Жалпы мақсаттар

  • Оқушыларды векторлық графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканы өңдеу, фигураларды енгізу

  • Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды қолдану барысында инскейп бағдарламасын пайдалана алуы

  • Оқушыларды векторлық графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімі мен практиканы ұштай алуы

Оқу нәтижесі

  • Оқудың қол жетімділігі дәрежесі сақталады, себептерге сүйене отырып өз ойларын дәлелдей алады. Әлеуметтік өзара іс-әрекетке дағдыланады, шынайылыққа қол жеткізеді

  • Оқушылар лайықты іс-әрекеттердегі ой-пікірлерін ашық айтуға дағдыланады

Тапсырма көздері

1. Ақпаратпен танысу /жеке жұмыс/

2. Топтық жұмыс

3. Терминдермен жұмыс

4. Рефлексия /ауызша/

Негізгі идеялар

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру

Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, дәптер, компьютер, интербелсенді тақта, тапсырма қағаздары,   таратпалар, стикерлер

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды  түгелдеу;

Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, геометриялық фигуралар арқылы екі топқа бөлу.

І топ – үшбұрыш

ІІ топ – төртбұрыш

Психологиялық дайындық; (таңдалған фигуралары бойынша анықтама берілді).


Үй тапсырмасын сұрау

Кубизм ойыны. Оқушыларға 6 сұрақ беріледі

Жаңа сабақ

Фигура дегеніміз не?

Фигура - әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болатын нысан.

Inkscape графикалық редакторында фигуралар салу үшін арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді аламыз.


Inkscape графикалық редакторында фигуралар салуға арналған құралдар мыналар:

Тікбұрыш, Ауқымды тік бұрыш, эллипс көпбұрыш , спираль.


Бастапқы параметрлерге өту үшін:


  • Т ікбұрыш құралы үшін бұрыштардың дөңгелектенуін параметрлер панелінде Алып тастау батырмасын басу арқылы

  • Көпбұрыш және спираль құралдары үшін – Тастау батырмасын басу арқылы


  • Эллипс құралы үшін – Фигураны бүтін эллипс ету батырмасын басу арқылы қол жеткізуге болады.


Жаңа сөздерді дәптерге жазамыз.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Бөлінген таратпа бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. (12мин) Уақытқа жұмыс жасаймыз.

Сергіту сәті

Бітірген топ топ топ болып тұрып берілген пазлды құрауы тиіс және ол не туралы екендігін ашып айтуы керек. 2 топқа Векторлық, Фракталды /1топ/ Растрлық, Фракталды /2топ/ суреттер беріледі, айырмашылығы мен артықшылығын айтып түсіндіріп кетеді.


Қорытынды

2 жұлдыз, 1 ұсыныс, рефлексия /жазбаша

Бағалау

22 тақырыпты оқу

Соңында: 1. Сабақ туралы жалпы ойың?

2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?

Үйге тапсырма

Тақырыпты түсініп оқу. іздену жұмыстары





Компьютердегі тәжірибелік жұмыс




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі