Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Гиподинамия
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспары
Білім беру ұйымының атауы |
Шиен ОМ |
Пәні |
биология |
Бөлім: |
8.3В Қозғалыс |
Педагогтің аты-жөні: |
Арыкбаева Жаннур Омекеевна |
Сынып |
8 |
Сабақтың тақырыбы: |
§36. Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері. Олардың алдын алу шаралары. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.1.6.7 - гиподинамия салдарын атау; 8.1.6.8 - сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау. |
Сабақтың мақсаты: |
Гиподинамия салдарын сипаттайды; Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтайды және денешынықтыру белсенділігінің пайдалылығы туралы қысқаша баяндайды; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы Өткен білімді еске түсіру 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Сергіту сәті «Нейрожаттығу» . (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі 1.Жаттығу барысында қандай сүйектер қозғалысқа түсті? 2. Қозғалыс бізге қажет пе? Не үшін? 3. Суреттен не байқадыңдар?
Тақырыпты хабарлау. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта біздің мақсатымыз қандай болмақ? |
Жаттығу жасайды Назарын сабаққа аударады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. |
Өзін-өзі бағалау |
Слаид 1-5 |
||||||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 30 мин. |
«Айырмашылығы неде?» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау.
Бейнежазбаны көріп, оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беру (5 минут) Тапсырма №1 .Жеке жұмыс. (3 минут) Нұсқаулық: Термин сөздердің анықтамасын жаз. Гиподинамия............... Гипокинезия............. Жалпақтабандылық............... Тапсырма №2 .Жұптық жұмыс. (7 минут) Нұсқаулық:«Ментальді карта» әдісі бойынша буындардың жүйеленуін сызбаға түсіреміз. Мысалдар келтіреміз.
Тапсырма №3 Жеке жұмыс (10 минут) Нұсқаулық: Т- кестесін толтыру.
ЕБҚ тапсырмасы: 1- тапсырма:Суреттен не байқадың? Қисық отыру кезінде адамда қандай өзгеріс болады?
2- Тапсырма: Гиподинамия кезінде қандай ағзаларға зиян тиеді?
Топқа бөлу:«Үш тұғырлы тіл» (Қима қағаздарға үш тілде жазылған сөздер беріледі)
ФС.Анатомиялық жағдаяттар. ( 5- минут) 1-топ. Тапсырма. Он алты жасқа толған дос қызының туған күн мерекесіне Лаура анасының биік өкшелі туфлиін киіп барды. Жүруге ыңғайсыз болса да, өзін ересек, бақытты сезінді.Мерекелік дастарханнан кейін достары биледі. Ал Лаура аяғының ауырғанынан туған күнді диванда отырып өткізді.Дос қыздары «Ештеңе етпейді, үйренбеген соң ондай болады»- деп жұбатты.Бірақ Лаураның көңіл-күйі бұзылып кештен көңілсіз қайтты. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме? Жауабы: Биік өкшелі аяқ киім киіп жүру дене сымбаты мен адам жүрісіне ерекше кері әсер етеді, ағзаның ішкі мүшелерінің қызметіне, дене сымбатының деформацияға (формасының өзгеруі) ұшырауына алып келеді.Биік өкшенің әсерінен дене салмағы аяқтың басына түседі, тізе мен жамбас сүйектері бүгіліп, бөксе сүйектерінің қалпына, ішкі ағза мүшелерінің орналасуына кері әсер етеді.Сонымен бірге жасөспірімдерде жалпақтабандылықтың дамуына да себеп болады.Табанның көлденең күмбез тұсы ауыр салмақтан тегістеліп, аяқ жалпақтанып сүйел пайда болады. 2-топ. Тапсырма. Сегізінші сынып оқушысы Орынгүл дос қызы Самалды бір ай бойы кешке серуендеуге үйінен шығара алмады.Самал сабағының көптігін, қызықты кітаптар мен телебағдарламалар көргісі келетінін айтып, таза ауада серуендеуге келіспеді. Айдың аяғында Самалдың басының ауырып, тез шаршайтындығына шағына бастады.Мұны естіген Орынгүл дос қызын өзі қатысатын гимнастика секциясына ертіп барды.Секция тренері: «Сенің дене сымбатың қандай қандай еңкіш еді, мүмкін дене шынықтырумен тіптен айналыспайсың-ау деймін. Кітап пен теледидар алдынан кетпейтін қыз болдың ғой. Жарайды, мұнда саған көмектесеміз» - деді. Сұрақ: Бұл жағдайда Самалдың дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар? Жауабы: Бұл жағдайда Самалдың дене сымбатының еңкіш тартуына басты себеп дене белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада қажетті мөлшерде серуендемеуі және шамадан тыс шаршау болып отыр.Осылардың салдарынан өзін-өзі нашар сезіну, денсаулығының бұзылуы туындауда.Сонымен бірге Самалдың дене мүсінінің бүкіреюі, еңкіш тартуы оның аз қимылдағанынан да арқасының бұлшық еті әлсіз дамыған. |
Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;
Термин сөздерді зерделейді
Ментальді картада сызбаны толтырады.
Т- кестесін дәптерге сызып, толтырады, таныстырады.
Топқа бөлінеді. Әр топ өзідеріне берілген анатомиялық жағдаятқа жауап береді. |
Дескриптор: -термин сөздердің анықтамасын жазады – 1 балл;
Дескриптор: -гиподинамия туралы ой тұжырымдайды;– 2 балл;
Дескриптор: - Аурудың белгілерін анықтайды – 2 балл; - Аурудың пайда болу себептерін біледі – 2 балл; - Алдын алу жолдарын анықтайды – 2 балл;
Бағалау: « Бас бармақ»
|
8 - слайд
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
Сызба парақтары Слаид 10-бет
Оқулық, оқушы дәптері. Слаид 11-бет Анатомиялық жағдаяттар жазылған таратпа қағаздар. |
||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут Ой толғаныс.
Рефлексия
|
Сабақты қорытындылау «SPINNER» әдісі. 1. Спарталықтар не себепті ұлы жауынгер болғаны туралы пікір білдір. 2. Белсенді өмір сүру салтының маңызды екеніне мысалдар келтір. 3.Қан тамырлары тарылғанда және атрофия (сему) кезінде қандай аурулар пайда болуы мүмкін? 4. Денешынықтыру жаттығулары денсаулықты нығайтуға көмектеседі деп есептеген ежелгі грек ғалымын ата. 5. Омыртқа жотасының қисаюын қандай ауруға жатқызуға болатынына жалпы сипаттама бер. 6. Табан қан тамырларының қысылуы мен өкшенің ауруы не себептен болады? 7. Енжар өмір сүру салты бірінші кезекте қандай мүшелерге қауіпті? 8. Сіңірдің созылғыштығы, бұлшық еттің дамуы, сүйектердің беріктігі, жоғары зат алмасу, ӨТС-тің артуы, қан айналымның жақсаруының себептері неде? 9. Дұрыс сымбатты қалай қалыптастыруға және сақтауға болады? 10. Спортпен шұғылданатын адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі қаншалықты төмен болады? 11. Денешынықтыру белсенділігінің пайдалылығы туралы қысқаша баянда? 12. Әрбір адам үшін денешынықтыру неліктен маңызды? 13. Дене сымбатын сақтауға әсер ететін ұлттық ойындардың қай түрін білесің? 14.Ауыр жүктерді шамадан тыс көтеру қандай ауруға шалдықтырады? 15.Жазу кезінде дұрыс отырмау неге қауіпті? Кері байланыс «Лайк, Репост,Комментарий» Сіздің сабақтағы әрекетіңізді бағалауды ұсынамын. Лайк – Сабақ ұнады, қызықты болды. Репост- Жаңа термин, анықтама білдім. Коментарий- сабақты түсінбедім, сұрақтарым бар. Үйге тапсырма: Денешынықтыру белсенділігінің пайдалылығы туралы қысқаша баяндама дайындау. |
Сұрақтарға жауап береді.
|
Мұғалімнің қолдауы Әр дұрыс жауапқа 1- балл;
|
Слаид 13
Слаид 14-бет
|