Күні:
10.02.2015ж
Сыныбы: 4-а
сыныбы
Пәні:
Дүниетану
Тақырыбы: Жер- шар тәріздес дене.
Глобус- жердің дәл үлгісі.
Сабақтың
мақсаты:
А) Білімділік: Ғарыш денелері,
глобус- Жердің үлгісі деген ұғымдарын қалыптастыру,
кеңейту.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды
қарым- қатынас мәдениетін, бір-бірлерін тыңдауға, әркімнің ойымен
санасуға баулу және ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс
сөйлеуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушыларға
глобус жайлы мағлұмат бере отырып, ой-өрісін, есте сақтау
қабілеттерін, дүниетанымын дамыту.
Сабақтың
типі: жаңа материалды
меңгерту
Сабақтың
түрі: Саяхат
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, баяндау,
түсіндіру, көрнекілік.
Көрнекілігі: оқулық, глобус, карта,
жұлдызды аспан суреті
Пәнаралық
байланыс: ана тілі, музыка, бейнелеу
өнері
Сабақтың
барысы:
Мұғалім және оқушының
интерактивті тақтамен жұмысы
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1-слайд
Сыныпты 4 топқа бөлу:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Үнді мұхиты
4. Солтүстік мұзды мұхит
- Балалар бүгінгі сабақта барлығымыз зерттеуші болып ғарыш әлеміне,
Жер планетасына саяхатқа шығамыз. Ол үшін алдарыңдағы жолдамаға
аты-жөндеріңді жазыңдар. енді барлығымыз тақтаға назар
аударайық.
1-бөлім. Сапарға дайындық
2-8 слайд
-Суреттегі ғарышкерлер кім?
(Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю. Гагарин)
Олар туралы мәлімет.
-Біз сапарға шықпас бұрын, ғарышкерлердің сұрақтарына жауап
берейік.
1. Жер де әлем денесі. Оның
әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?
Жауабы: Жер шары, Күн жүйесі, Галактика
Галактикалар тобы Әлем(ғарыш)
2. Жерді қоршаған бүкіл дүние
не деп аталады?
Жауабы: Әлем немесе ғарыш
3. Ғарышқа жол қай жылы
ашылды?
Жауабы: 1957 жылы 4 қазанда ашылды
4. 1961ж 12 сәуірде адам
баласы тарихында ғарышқа ұшқан кім?
Жауабы: Юрий Александрович Гагарин
5. Күн неше планетадан
тұрады?
Жауабы: 9 ірі планетадан тұрады
6. Жерге ең жақын жұлдыз?
Жауабы: Жерге ең жақын жұлдыз- Күн
7. Күн мен Жердің орташа
қашықтығы қанша?
Жауабы: Күн мен Жердің орташа қашықтығы-150 миллион
шақырым
8. Күннің беткі қабатының
қызуы қанша?
Жауабы: Күннің беткі қабатының
қызуы-60000С
9. Күнді неше ғаламшар айнала
қозғалады?
Жауабы: Күнді 9 ғаламшар айнала қозғалады
10. Жер бетіндегі тіршілікке
Күннің әсері қандай?
Жауабы: Күн жарық сәуле мен жылу таратады
11. Ертедегі адамдар Жердің
пішіні қандай деп ойлаған?
Жауабы: Ертедегі адамдар Жерді тегіс деп
ойлаған
Видео. (Бұл біздің сапарға
шыққалы отырған Жер планетасы)
-Жер планетасында неше материк
бар? Картадан көрсету
Жоспар:
1. Солтүстік Америкаға
саяхат. (Үй тапсырмасы. Реферат жазу,
қорғау.)
2. Оңтүстік Америкаға
саяхат. (Жаңа сабақты
меңгерту)
3. Африкаға
саяхат. (Глобуспен
жұмыс)
4. Австралияға
саяхат. (Біздің
жоба)
5. Антарктидаға
саяхат. (Венн
диаграммасы)
6. Евразияға
саяхат. (Қорытынды)
1. Солтүстік Америкаға
саяхат. 9-слайд
(Үй тапсырмасы. Реферат жазу,
қорғау.)
2. Оңтүстік Америкаға
саяхат 10-11 слайд
Жаңа сабақты
меңгерту (Картадан
табу)
Теңізі бар жүзуге
болмайды,
Жолдары бар жүруге болмайды
Жерлері бар жыртуға болмайды,
Білесің бе ондайды? (Глобус)
(видео)
Жер- Күн жүйесіндегі Күннен
бастап санағандағы үшінші планета.
Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде Жер
мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жер-шар тәрізді екенін
бұрынғы адамдар білген жоқ.Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз
деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне
шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек
ғалымдары . Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған
Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын
келтіреді.
Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу
саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді.Еуропадан шыққан
теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды.Сонда өзінің
шыққан жеріне қайта оралған. Барлық Жердің шар тәрізді екенін
дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік
беру.
Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген
мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі
ГЛОБУС деп аталады.Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп
алынады. Глобусты алғаш рет неміс географ ғалымы Мартин Бехайм 1492
жылы ойлап тапты. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Бірақ оның
глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі, олар әлі
ашылған жоқ еді. Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін
мұхит дейміз. Олар көгілдір түспен белгіленген. Қоңыр
түспен атулар, жасыл түспен жазықтар бейнеленген.
Алты материк бар. Олар глобуста сарғыш түспен белгіленген. Оларды
айтып картадан көрсету. Қазақстан қай материкте орналасқанын айтып,
түсіндіру. Глобустан көрсету.
Дәптерге күнді, "Сынып жұмысы", сабақтың тақырыбын
жазу.
3. Африкаға
саяхат. Глобуспен
жұмыс. (12-14
слайд)
Әр партаға бір-бір глобус таратылып беріледі.
Оқушылар глобустан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан
сызықтарын табады. Материктер мен мұхиттардың орнын
анықтайды.
Топтық
жарыс.
а) "Не артық" ойыны
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам
ә)"Кім көп біледі?" Жер сөзіне байланысты бірнеше сын есімдерді
қатыстырып айту.
Байтақ жер, Кенді жер, Бай жер, Туған жер.
б)"Жер" сөзін топтастырып жазу.
Жер
↓
Жасыл, Дөңгелек, Мекеніміз, Тіршілік
көзі
4. Австралияға саяхат. Картадан тауып
көрсету. (Біздің
жоба)
2. Біздің жоба: Глобус бейнесіндегі
ғимарат... (Әр топ оқушылары бірігіп глобус бейнесін
салады).
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап тізбектей оқу.
Глобустан мұхиттарды, құрлықтарды оқушылардың өздеріне
көрсету.
Антарктидаға
саяхат. (Венн
диаграммасы) 15-18
слайд
Сергіту сәті:
"Көңілді жаттығу" музыкалық
қимыл
6. Евразияға
саяхат. (Қорытынды)
19-24
слайд
-Глобус неліктен Жер шарының дәл үлгісі деп
аталады?
-Глобуста жер беті қалай бейнеленеді?
-Жер бетінде қандай мұхиттар бар?
-Қандай материктер бар? Біздің еліміз қай материкке
жатады?
VIII. Үйге тапсырма беру
кезеңі: 119-122-беттерді оқу, мазмұны. Алғашқы
саяхатшылар туралы ізденіп қосымша мәліметтер
оқу.
IX.
Бағалау.
Рефлексия (Смайликтер)
Маған бүгінгі сабақ..... (оқушылар сабақтан алған әсерлерін
айтады).