Ашық сабақ Гүл құрылысы. Гүлшоғыры. Гүлшоғырының маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Гүл құрылысы. Гүлшоғыры. Гүлшоғырының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныптағы тың жеңіл сабақтар қатарында болғанмен гүлшоғырының маңызы нақты бала санасына жететіндей, ҰБТ сұрақтарында кездескенде өткен тақырып оқушы санасында қалатындай етіп беру. Практикалық жұмысты қолымен ұстап, көзбен көру арқылы меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Күні: сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Гүлшоғыр. Гүлшоғырдың биологиялық маңызы

Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну. Гүлдің негізгі құрам бөліктері мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру. Гүлшоғырының биологиялық маңызы туралы түсінік беру.

Барлық оқушылар:

  • Гүл құрылысын сипаттай алады.

  • Гүлшоғырын ажырата алады.

Басым бөлігі біледі:

  • Гүл құрылысын біледі

  • Аталық және аналық құрылысын біледі

  • Гүлшоғырын сипаттай алады.

Кейбірі:

  • Гүлдің құрылысындағы негізгі бөлігін айқын ажырата алады.

  • Практикамен ұштастыра отырып өз пікірін дәлелдеп, болжай алады.

Күтілетін нәтиже:

  • Гүл туралы ақпаратты өздері меңгереді;

  • Гүл бөлімдерін ажырата біледі;

  • Өз пікірлерін еркін айта алады;

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,

Сабақ көрнекілігі: интер тақта, гүл қатырмасы,суреттер

І Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Топқа бөлу:

ІІ Үй тапсырмасына шолу Суреттер

Тұқым

Тамыр

Өркен мен бүршік

Жапырақ

Сабақ

«Мюнстерберг әдісі» Танргүлспатөсімдіктіңнаекнкөбеюланкмүшесіэрнен

ІІІ Жаңа сабақ

Сендер білетін боласыңдар:

  • Гүл бөлімдері;

  • Гүл тек гүлді өсімдікке тән;

  • Гүлшоғыр, гүлшоғырдың биологиялық маңызы.

Сендер үйренесіңдер:

  • Гүл құрылысын,гүл серігі,Аталық құрылысы мен Аналық құрылысы.

  • Гүлшоғыр.Гүлшоғырдың түрлері. Гүлшоғырдың биологиялық маңызы

  • Қос және дара жынысты гүлдер

Қорытынды жасайсыңдар:

  • Өз пікіріңді ортаға саласыңдар;

  • Өз мүмкіндігіңді көрсетесіңдер;

Shape1

Гүл дегенде көз алдыңа не келеді? Ойларыңызға не түседі?

Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген,қысқарған өркен.

Назар аудар. Түсін. Түйсін

І топ Гүл құрылысы. Гүл бөлімдері (53сурет)

ІІ топ Жай гүлсерік Қос гүлсерік (54-55 сурет)

ІІІтоп Аталық құрылысы (56 сурет)

ІҮ топ Аналық құрылысы (57 сурет)

Г үл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (35-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра)).

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма және т.б.). Жануарлар арқылы таралуға бейімделген, итошағанның тостағанша жапырақшасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Естеріңде болсын! Шірнеліктер – гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады.

Бунақденелілер шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады. Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (36-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

 Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады (38-сурет). Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі (38-сурет). Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

А налық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.

Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі. 

Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбе

Гүлшоғыр деп – гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады.

ІҮ топ Жай гүлшоғыр

ІІІ топ Күрделі гүлшоғыр

ІІ топ Гүлшоғырдың биологиялық мағызы

І топ Қос жынысты және дара жынысты

Shape2

СShape9 Shape7 Shape5 Shape6 Shape3 абағы негізі жай гүлшоғырлар

Shape10 күрделі түзеді

Shape11 тарамдалған жанама сабақшалары болады

гүлшоғырда гүлдер саны 2-ден бірнеше 100-ге жетеді.

ЖShape15 Shape14 ай гүл шашақ қарақат

шShape16 оғырлар қырыққабат

Shape17 мойыл

Shape18 мия

Shape19 қараған

Shape21 Shape20 жай масақ жол желкен

Shape24 Shape23 собық жүгері

Shape25 калла

Shape28 Shape27 жай шатыр пияз

Shape29 адамтамыр

Shape30 наурызшешек

Shape31 ақшұнақ

Shape33 Shape32 шоғырбас беде

Shape36 Shape35 себет күнбағыс

Shape37 бақбақ

Shape38 өгейшөп

Shape39 гүлкекіре


Күрделі гүлшоғырлар

Shape43 Shape41 күрделі шашақ жүзім

Shape44 гүлшетен

Shape45 тамыр

Shape46 күріш

Shape48 Shape49 күрделі масақ бидай

Shape50 бидайық

Shape51 қарабидай

Shape55 Shape54 сырға қайың

Shape56 терек

Shape57 тал

Shape58 көктерек

Shape60 Shape61 күрделі шатыр сәбіз

Shape62 балдырған

Shape63 аскөк

Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы

Shape66 Shape67 мәдени гүлзарларда өсіреді реңі

Shape68 пішіні

Shape69 аңқыған хош иісі үшін

Shape71 Shape72 медицинада қолданылады түймедағы

Shape73 жөке

Shape74 қырмызыгүлт.б.шипалық қасиеттері үшін

Shape77 Shape76 парфюмерияда хош иістері үшін

Shape79 Shape81 бал алады, дәмін кіргізеді жөке

Shape82 қарамық гүл шірнелері

Shape84 Shape85 татымды дәм жасалады қалампыр

Shape86 банан

Shape88 Shape87 бунақденелілерді еліктіреді тозаңдану үшін және т. б.


ІҮ Сабақты бекіту

ТЖ Зерттеп, зерделеңдер №14-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын зерттеу.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Қорытынды:

Конверттегі сұрақ

Гүлдің негізгі бөліктерін ата

Жеміс түзуге қатысады

Көбеюге қатысады.

Гүлшоғыр деп

1 тапсырма Сөйлемді аяқта.

Бір гүлде аталық пен аналық болса, оны ........

Бір гүлде аталық немесе аналық болса, оны .....

Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса, ...

Аталық гүлдер бір гүлде, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса, оны... дейді

2 тапсырма Биологиялық диктант.

Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері ......  деп аталады.

Қос гүлсерікті гүлде .... мен... болады.

Гүлдің негізгі бөлімдері-бұлар ..................... тұрады.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша .......................  қызмет атқарады.

3 тапсырма Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер

(«ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.

11. Мойны бар.


Менің айтарым бар. Гүлдер сыры Кеңестер.

Рефлексия

Көктеп келе жатқан, Өсіп келе жатқан, Құлпырған гүл,

Бағалау

Ақ гүл- «5» Көк гүл- «4» Сары гүл – «3»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1980
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі