Ашық сабақ "Гүлдер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Гүлдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Молдағалиевтың шығармасы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі















Аты-жөні:Алиханова Асем Даулетбековна

Пәні : Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «В»





Сабақтың тақырыбы: « Гүлдер». Т.Молдағалиев.

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.Т.Молдағалиевтің өмір баянымен таныстыру.

Міндеттері:1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі, сұлулығы, қажеттілігін түсіндіру.
2. Оқушылардың ой – өрісін, дүние танымын кеңейту. Тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.
3. Топта бірлесіп жұмыс атқара отырып, ұйымшылдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады.Автор туралы толық мәлімет алады. 2.Гүлдер туралы ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молаяды. 3. Топта белсенділік көрсете алады.

Әдіс-тәсілдер: диалогты оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Көрнекі құралдар: Т. Молдағалиев суреті, слайд,стикер,үлестірмелі карточка, сандықша,А-4қағазы, түрлі-түсті қарынлаштар.

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Психологиялық ахуал:

1.Оқушылар стикерде жазылған «Көктем келді» Б.Бейсенованың әнін хормен орындата отырып, топқа бөлу.

2.Әр топ оқушылары өз топтарына ат қояды.

3.Өз тобының атын қорғайды.

Оқушылар әнді музыкасымен орындайды. Топқа бөлініп отырады.

1топ-1шумақ

2топ-2шумақ

3топ-3шумақ

Әр топ өз топтарына сай ат қояды.

Мысалы:

1топ-Шуақты көктем.

2топ-Гүлдер тобы.

3топ-Бәйшешек тобы.


Топқа бөлу

Музыка ,

стикер,

топтың аттары жазылған парақшалар

Үй жұмысын сұрау:

1.«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны арқылы қайталау жұмысын жүргізу.

Үлестірме материалдан 5балл, 4балл,1балл көрсетілген карточкалар арқылы оқушының білімі бағаланады.

«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толтырылады. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып жауап беруі керек.(1-5 балдық жүйе бойынша бағаланады.)

Сұрақтар:

А). Наурыз С.Сейфуллин өлеңін жатқа оқы.

Ә) М.Дулатовтың қандай өлеңін білесің?

Б) Ш.Құдайбергенов кім? Ол туралы не білесің? және тағы басқа сұрақтар қойылады. Әрбір ойыншының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәкес І,ІІ,ІІІ орындарды анықтау.

2. «Автор орындығы» арқылы әрбір топтан 1 оқушы шығып, «Көңілді көктем» тақырыбында жазған шығармасын оқыту.


1.Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып жауап береді..(1-5 балдық жүйе бойынша бағаланады.)



Берілген сұрақтарға оқушылар толық, нақты жауап береді.















2. Әр топтан 1 оқушы шығып, үйден жазып келген шығармаларын «Автор орындығы»арқылы оқиды.







Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,




Сандықша,

Сұрақтар жазылған қима қағздар


Мағынаны тану:

1. Ой қозғау:

- Гүлсіз болса жер мұнды, 
Күлкісіз болса ел мұңды.(мақалын талдау)

-Бүгін біз,Тұманбай Молдағалиев атамыздың «Гүлдер» өлеңімен танысамыз.

2.Автормен таныстыру.Слайд арқылы суретін көрсету.

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. 20. 03. 35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959 - 1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970 - 1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.

3. Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Гүлдер туралы слайд көрсету.


4.Топпен жұмыс.







Сергіту сәтін өткізу.



1.Әр топтың оқушылары өз ойларын айтады.






2.Слайдта жазылған өмірбаянды 1 оқушы дауыстап оқып шығады.
























3.Өлеңді әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оқып шығады.


1топ-Ұқсас сөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыру.

2топ-.Өлеңде гүлге қатысты сөздерді жаз. (Қызыл, көк, тербеледі, жайқалады)
3топ- Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз. (Өрт, от, сәби)


Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық.
(Қимыліс - әрекетарқылы оқушылар орындайды.)





Диалогты оқыту




































Слайд (автор туралы)































Оқулық ,

Дәптер





















Сабақты қорытып, бекіту:

Жаңа сабаққа байланысты әр топқа әр түрлі тапсырмалар беру.






Топ оқушылары шеңбер құра отырып, әрбір оқушы А-4 қағазына гүлдің суретін салу.

1топ-Гүлдер сөзіне «5жолды өлең» құрастырады.

2топ-Гүлге байланысты бірнеше мақал-мәтелдер жазады.

3топ- «Гүл-өмірдің сәні» тақырыбында шағын эссе жазады.


Шеңбер құра отырып, әрбір оқушы өз қалауынша гүлдің суретін салады.«Біздің саябақ» деген атпен тақтаға салған суреттерін қыстырады.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,








А-4 қағазы,

түрлі-түсті қарындаш

Бағалау:

Оқушылардың жауаптарын топ мүшелері өз топтарын бағалайды.

«Мен не білдім?» кестесін толтырады.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Қима қағазы «Мен не білдім?»

Үйге:

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. «Менің сүйікті гүлім» шығарма жазу.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі