Ашық сабақ "Хабарлы сөйлем" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Хабарлы сөйлем" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ " хабарлы сөйлем" 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем

СЫНЫП: 2

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

2.2.6.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.3.7.1 сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі:

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Сабақ барысы :

Бағалау парақшасымен таныстыру

«5» болсын алар бағамыз.
Білімнен бақыт табамыз.
Қазақ тілін меңгертіп,
Сауатты боп шығамыз.

Топтарға бөлу.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4






Оқушылар кез келген бейджик таңдап алады.

1-топ.Сары

2-топ.Қызыл

3-топ.Жасыл

4-топ.Көк жұлдыздар.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Жан жылуы»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар жарты шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жылы лебізін білдіреді. Мысалы: «Бақытты бол», «Тек алға» т.б.

Жаңа білім

Білу және түсіну

«Пошташының хаты» әдісі

(Сөздерді дұрыс орналастыру, сөйлем түрін айту)

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

Көркем жазу.

33. Мәтінді оқы.

Мәтіннен хабарламаны тауып, көшіріп жаз.

«Бүгін тауға шығуға болмайды. Қар көшкіні болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар комитеті».

Хабарламаның мәттіннен өзгешелігін тауып көр.


Есіңде сақта.

Мәтінге қарағанда хабарламаның көлемі қысқа, шағын болады. Хабарламада нақты бір ақпарат туралы ғана айтылады.

Ортасы

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

34. Хабарламларды оқы. Оларда не туралы хабарланған?

1.Айжан, туған күніңмен құттықтаймын! Әсел.

2.Ертең сағат 12-де әуежайдан күтіп ал.

3.20 қаңтарда күтіп ал. 2-ші пойыз. 8-ші вагон. Жанат.

4.Ертең қатты нөсер жауын күтілуде.


36. Сынып оқушылары табиғат аясына саяхатқа барып келді. Саяхат барысында алған әсерлерің туралы диалог құра.

Топтар арасында диалог құру.

Сергіту сәті.
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

«Кім жылдам» ойыны.

37. Қызылмен жазылған әріп бойынша жұмбақты оқы.

Қашық жердің сәлемін, тез ақ алып келемін. (хат)

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің түрлерін ата.

Хабарлы сөйлем дегеніміз не?


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.


Кеспе қағаздар.

Балаларды бағалау.

☺☺☺☺

Кері байланыс.

Бағалау.

Үйге тапсырма:35. 91-бетте.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі