Ашық сабақ "Хайуанаттар бағы" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Хайуанаттар бағы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ орыс тілінде оқытылатын 4 сынып оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: Қазақ тілі

Сынып: 4 «Б»

Күні: 18.01.18

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағы

Сабақтың мақсаты: Хайуанаттар бағына саяхат жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын, ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Жаңа сөздерді меңгерту, сөйлеу мәдениетін, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.

Тұлғалық: Хайуанаттар бағы туралы түсініктерін молайту, жануарларды қорғауға , шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сөздік жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, «Ыстық орындық», «Білім қоржыны»

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар. Тақтаға қараңдаршы, бұл – қандай жануарлар?

- Бұл – жабайы жануарлар.

- Иә, дұрыс таптыңдар.

- Балалар, бүгін біз аңдармен толық танысу үшін хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз.

Шаттық шеңбері

Балалар бір – біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игі тілектерін айтады.

1. Мен саған сәттілік тілеймін.

2. Мен саған жақсылық тілеймін.

3. Мен саған бақыт тілеймін.

4. Мен саған табыс тілеймін.

5. Мен зор денсаулық тілеймін.

6. Мен саған қуаныш тілеймін.

II.Үй тапсырмасын тексеру: қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ: Хайуанаттар бағы

Сөздік жұмыс

Піл – слон,

жолбарыс - тигр

қоян – заяц

қасқыр – волк

аю – медведь

арыстан – лев

керік – жираф

түлкі – лиса

1 – тапсырма. «Кім тапқыр?». Қалып қойған сөздерді орнына қойып жазыңдар.

1. Ең қорқақ аң ... .

2. Қыста көп ұйықтайтын аң ... .

3. Қоян ... жақсы көреді.

4. Пілдің басы .... болады.

5. Керіктің ... ұзын болады.

6. Аң патшасы - .... .

7. Мысыққа ұқсайтын аң ... .

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, аударады. Мәтіндегі аңдар туралы мәлімет береді.

Жеке жұмыс: әр оқушы мәтінді жеке оқып шығады.

Жұппен жұмыс: оқыған мәтінді бір – біріне баяндайды. Топқа бөлу. Үй жануарлары мен аңдар арқылы бөлу.

Топтық жұмыс: жоба қорғайды. І топ. Хайуанаттар бағындағы аңдарды жазады. ІІ топ. Хайнауаттар бағындағы аңдардың іс – әрекеттерін жазады.

Критерий:

1. Аудиторияда өзін – өзі ұстай білу.

2. Жұмыстың көркемдігі.

3. Сөз саптауы.

Сергіту сәті

3 – тапсырма. «Кім алғыр». Оқушылар мәтін бойынша диалог құрайды. Диалог тақырыпқа сай болу керек.

- Бұл не?

- Бұл – хайуанаттар бағы.

- Хайуанаттар бағында аңдар, құстар бар ма?

- Иә, хайуанаттар бағында аңдар, құстар бар.

4-тапсырма. Сәйкестендіру.

Керік

секіріп жүр.

Аю

су ішіп тұр.

Маймыл

жапырақ жеп тұр.

Қоян

бағы үлкен.

Піл

әр түрлі аң, құстар бар.

Хайуанаттар

ұйықтап жатыр.

Хайуанаттар бағында

банан жеп отыр.



5-тапсырма. Ақпараттардың дұрыс –бұрыстығын анықтау. Оқушылар берілген ақпараттардың дұрыс – бұрыстығын анықтайды.

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Хайуанаттар бағы өте үлкен.



Хайуанаттар бағында құстар болмайды.



Маймыл бананмен қоректенеді.



Керіктің мойны қысқа.



Хайуанаттар бағында аң, құстар бар.



Балалар хайуанаттар бағына жиі бармайды.





IV. Жаңа сабақты бекіту. «Ыстық орындық» әдісі. Бір оқушы ортаға отырады. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар «Ыстық орындықта» отырған оқушыға сұрақ қояды.

Рефлексия. Білім қоржыны. Оқушылар қоржындағы «Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды», «Мен сабақты жақсы түсіндім», «Тақырып бойынша әлі ізденуім керек» сөздеріне стикерлерін жапсырады.

V. Үйге тапсырма: 102 бет, 2- тапсырма.

VІ. Бағалау: Оқушылар бағалау парақшасы арқылы бағаланады.

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2018
1358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі