Материалдар / ашық сабақ "Халқымның қасіреті-Желтоқсан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "Халқымның қасіреті-Желтоқсан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын аша отырып, себептері мен салдары туралы оқушыларға жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2020
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Орта Азиялық» медициналық колледжі



Бекітемін

Директор:

__________Хасанова Д.Х.





Ашық сабақ



Тақырыбы: «Халқымның қасіреті -Желтоқсан!»



Тобы: ФЛК-01-19

Тобы:ФЛК-02-19



Орындаған: тарих пәнінің мұғалімі Жанысбай Әмірхан Жанысбайұлы.



2019-2020 оқу жылы

Шымкент қаласы



Эпиграфы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары Қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті» Н.Ә.Назарбаев.


Ашық сабақтың тақырыбы:  Халқымның қасіреті-Желтоқсан .

Мақсаты:  Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын аша отырып, себептері мен салдары туралы оқушыларға жеткізу.

Дамытушылығы:оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыру.
Міндеті:
 жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншы жастарымыздың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АКТ.КСРО және Қазақстан Коммунистік партия басшыларының суреттері. Желтоқсан құрбандарының суреті.

Мұғалім сөзі:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар,оқушылар !Біз  бүгін дүниені дүр сілкіндірген,  тәуелсіздік   туын  ең алғаш  көтерген  әйгілі  1986 жылдың желтоқсанына  арналған   «Халқымның қасіреті  - Желтоқсан»  атты ашық сағатына  қош  келдіңіздер!

Оқушы: Жұбан Молдағалиев ақынның өлеңі.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тіліммен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ұлы аманат етейін еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін жер кіндікте

Аңсаймын мен сенемін туады ертең,

«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті.

Бүгінгі сабақ Желтоқсан оқиғасының 31 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналады.
Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.Кеңестік Коммунистік партия тұсында 70 жылдам астам уақытта Қазақстанды барлық ұлттың өкілдері басқарды.

1986 жылдың желтоқсанында дейін басқарған басшылар жөнінде мәлімет беру.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.

31 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Желтоқсан құрбандарының өмірбаяны мен таныс болыңыздар.

Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би)  селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн
және жасақшы Савицкийді өлтірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады. Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының шешімі мен 1988 жылғы 28 сәуірдегі указымен Қайратқа кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айыруымен ауыстырылды.Алайда, бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ. Қайраттың хаты үнтаспадан жіберіледі.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»
500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 1988 жылы 21 –мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен «өзін-өзі өлтірді» дегенмен құпия түрде қаза тапты.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»
Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады.

1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.
Ләззат Асанова

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент  ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. —25.12.86  қайтыс болды , Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы  қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Ақиқат жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі) шықты, ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді. Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және  2004 жылы «Халық қаһарманы » атағы берілді.

 Ербол Сыпатаев Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының Еңбекші ауылы -  23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында.26желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден 1-курс студенті Сабира Мұқанбетжанова жатақхананың  5-ші қабатынан құлап өлді. Желтоқсан жылнамасында ол туралы: «1970 жылы туған, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті. Желтоқсанның 21-22 күндері Өскеменде болған наразылық шараларына қатысып, 26 желтоқсан күні мерт болды» деп жазылған. Облыстық «Дидар», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерін-де оны «Халық қаһарманы» атағына ұсыну мәселесі де көтерілді.   Сол қаһармандардың бірі және бірегейі Сәбира Есімбекқызының қамшының сабындай ғана қысқа да, нұсқа ғұмыры Ақмектеп ауылынан басталып, Өскеменде үзілді.  


Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн. 


Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық. 

Қорытынды:1986 жылғы желтоқсанның 16-17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат көтеріліс болды. Кеңес үкіметі тұсында бұрын-соңды кездеспеген құбылыс Алматы демонстрациясы «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. Демонстранция, алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай аяусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің іс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «қазақ декабристері» аталып, бірден –бірге айбыны асқақтай түсті. «Жалын атқан жастар арындап қалды-ау» деп жанаршылық ниет-пейіл білдіргендер де болмай қалған жоқ. Бірақ ол сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үріп ішедінің» кебі келіп,жасырын үрке қарап, бір-жар адамдардың басы қосылып шүйіркелескенде,сыр шертіскенде ғана айтылып жүрді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде еді.

«Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, там десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да жақында естіліп еді ғой?І!

Осы азаттық ұшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы-қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман-сау қалған халық» нағыз Ұлы халық екенін таныта білді. Көрген ауыр хикметінен кейін де «бас шұлғып, үнсіз көнетін» әдетті бойларына жұқтырған жоқ. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Терезі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауырпалық бастан өтті. Енді мұхиттың арғы жағындағы Біріккен Ұлттар Ұйымында көк байрағы, алтын зерімен күнге шағылыса желбірейді. Саяси қуғын –сүргін көргендерді ақтады, басына ескерткіш орнатты. 70 жыл сананы улаған қызыл заманның солақай саясатының күлпаршасын шығарды. Қазақ хандарының, билерінің,батырларының рухы халқына кие болып оралды. Ұлттық діл мен дін жүрегімізге еніп, алпыс екі тамырға қуат таратты.Иә, өткенге салауат... Өткен күндер өксік кернеп өкінсе де, болашаққа батыл қараймыз.

«Желтоқсан көтерілісі-ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі-осының бәрінің қосыныдысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300-ден астам ұлт-азаттық көтеріліс өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастаған көтеріліс-Желтоқсан көтерілісі»,- деді ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әшейін ауыз толтырып айтуға қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс екендігінде дау болмаса керек.

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да-Желтоқсан.

 Мұғалім: Дүниені дүр сілкіндірген, 16 – желтоқсан. Бұл ерлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Республика басшылығын асығыс 18 минутта босатылуы бұл әлемдік рекорд еді. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. Осы 1986 жылдан тура 70 жыл бұрын Қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясында биліктің ауысуына және ыдыруына әсер етсе,1986 жылдың желтоқсаны алып империя КСРО-ның ыдырауының негізін салды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы, қасіретті күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!