Ашық сабақ: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан 9 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан 9 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу және талдау Қазақстанның он бес ірі халықаралық ұйымдарға мүше екенін және алты ірі стратегиялық серіктесті бар екенін сонымен қатар 139 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатқанын түсіндіріп кетіңіз. Т 1-тапсырма: оқушыларға халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан туралы ықшамдалған мәтін ұсыныңыз. Сыныпты әртүрлі халықаралық ұйымдарға бөліңіз, мысалы: БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ТМД т.б. төмендегі критерийлер бойынша кесте толтыруларын сұраңыз.  Аталмыш ұйымдарда Қазақстанның кірігуінің маңызы;  Көздеген мақсаты;  Халықаралық ұйымдарда жасаған іс-әрекеттері;  Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы болашақ бағдары. Бағалау: топтар сынып алдында жұмыстарын қорғайды. Алдын ала құрастырылған критерийлер бойынша оқушылар бір- бірін бағалайды. Әр топтан бір спикер болуын қамтамасыз етіңіз. Дәлелдер мен айғақтардың келтіруін бақылап, бағыттап отырыңыз.  тақырыпты ашуы  дәлел келтіруі  ойын жеткізе алуы Мұғалімнің кері байланысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Қазақстан Республикасының дамуы

(1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін)

Мектеп:


Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 9 2 сағат

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

Зерттеу сұрағы

Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау;

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

Сабақтың мақсаты

Қазақстанның сыртқы саясаттағы даму бағыттарын анықтап, баға береді

Тарихи концепт (фокус)

Интерпретация

Тілдік мақсаттар

Оқылым дағдысы (мәтінмен жұмыс)

Айтылым дағдысы (Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын топта талдайды)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

халықаралық ұйымдар, аймақтық ұйымдар, сыртқы саясат, саммит, интеграция, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ, ЕАЭО

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қазақстан келесі қадамдар жасады...

Қазақстан ....сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі

Қазақстан сыртқы саясатта .......басымдықтарға ие

Бағалау критерийлері

Жоғары ойлау дағдысы

  • Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдайды (постер немесе презентация);

  • Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға береді (эссе)

Құндылықтарды дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында бір- бірін тыңдау, ашықтық, бір- бірінің ойын құрметтеу құндылықтары жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Дүние жүзі тарихынан халықаралық және аймақтық ұйымдар туралы білімдерін қолданады;

Қазақ тілі пәнінен игерілген дағдыларын өз ойларын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.

АКТ қолдану

Халықаралық және аймақтық ұйымдар туралы бейнематериалдар көрсету мүмкіндігі бар. https://www.youtube.com/watch?v=r9E5Z7c6VxM


Алдыңғы білім

Оқушылар Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халықаралық қатынастар жүйесіндегі жасаған қадамдары туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Қызығушылықты ояту кезеңі

5 мин


БСМ Оқушыларға бейнематериал ұсыныңыз. Бейнематериал төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.

  • Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

  • Қандай аймақтық ұйымдарға белді мүше болып отыр?

  • Қазақстанның халықаралық және аймақтық ұйымдардағы орны қандай?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады. Зерттеу сұрақтарымен таныстырылады.

  • Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай?

https://www.youtube.com/watch?v=r9E5Z7c6VxM


Презентация




Мағынаны тану







15 мин

























15 мин














Зерттеу және талдау

Қазақстанның он бес ірі халықаралық ұйымдарға мүше екенін және алты ірі стратегиялық серіктесті бар екенін сонымен қатар 139 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнатқанын түсіндіріп кетіңіз.

Т 1-тапсырма: оқушыларға халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан туралы ықшамдалған мәтін ұсыныңыз.

Сыныпты әртүрлі халықаралық ұйымдарға бөліңіз, мысалы: БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ТМД т.б. төмендегі критерийлер бойынша кесте толтыруларын сұраңыз.

  • Аталмыш ұйымдарда Қазақстанның кірігуінің маңызы;

  • Көздеген мақсаты;

  • Халықаралық ұйымдарда жасаған іс-әрекеттері;

  • Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы болашақ бағдары.

Бағалау: топтар сынып алдында жұмыстарын қорғайды. Алдын ала құрастырылған критерийлер бойынша оқушылар бір- бірін бағалайды. Әр топтан бір спикер болуын қамтамасыз етіңіз. Дәлелдер мен айғақтардың келтіруін бақылап, бағыттап отырыңыз.

  • тақырыпты ашуы

  • дәлел келтіруі

  • ойын жеткізе алуы

Мұғалімнің кері байланысы.


Д 2-тапсырма: «Қазақстанның халықаралық ұйымдарға кірігуінің маңызы» атты тақырыбына эссе жазуды тапсырыңыз.

Эссе критерийлері:

Тақырыптың ашылуы;

Фактілердің шынайы болуы;

Нақты аргументтер келтіру;

Екі жақты талдау жасау;

Өзіндік көзқарастың болуы;

Логикалық бірізділіктің сақталуы.

Бағалау: жұпта, сосын топтарда ең үздік жұмыс таңдап алынады, сынып алдына шығып оқиды. Оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді.



Мәтін





Презентация

























Презентация

Қорытынды

5 мин










М Оқушыларға берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып, зерттеу сұрағына қорытынды жасатыңыз.

Қазақстан келесі қадамдар жасады...

Қазақстан ....сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі

Қазақстан сыртқы саясатта .......басымдықтарға ие

Рефлексия

  • Жалғастырыңыз:

  • Маған ... қызықты болды

  • Маған ... бұл болашақта қажет болады

  • Бұл ... қиындық туғызды

  • Осы ... мені ойландырды

Презентация



Қосымша ақпарат


Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?


Денсаулық және қауіпсіздік ережелері


Жекелеген оқушыларға Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын SWOT кестесі арқылы талдауға тапсырма беріңіз.

Топтар критерийлер арқылы бір- бірін бағалайды.

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:



Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?


1:



2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2022
1205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі