2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ: ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері.

Ашық сабақ: ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері.

Материал туралы қысқаша түсінік
КТЖ бойынша тарих пәнінен 8 сыныптарға ашық сабақ жәнеде сабақтан тыс шараға қолданса болады
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Сабақтың мақсаты:

* ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ерекшелігі мен дамуы және осы кезеңдегі ақын,жыраулардың өмірі мен олардың шығармашылықтары мен таныстыру.

* Оқушылардың білім, ғылым, өнерге деген белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасату арқылы олардың бойында ізденгіштік шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

* Ұлы тұлғалардың өмірі арқылы ұлтжандылыққа, патриотизмге баулу,еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін белсенді тұлға қалыптастыру.


Сабақтың түрі:интерактивті

Сабақтың стратегиясы:топтық жұмыс,ой қозғау. «Сиқырлы сандықша»ойыны, «Тұлғаны таны»,картамен жұмыс.

Пән аралық байланыс:әдебиет,математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі /Сәлемдесу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару./

Топқа бөлу:Конфеттермен смайликтер арқылы

І-топ «Ақындар»

ІІ-топ «Күйшілер»

Бағалау парақшасын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасы. «Сиқырлы сандықша»ойыны /әр сұраққа жауап берген оқушыға смайлктер таратылады/

1.«Бөкей мен Мәулен»повесін жазып,Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын зерттеген кім?

Жауабы: В.И.Даль

2. В.И.Даль қай жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған?

Жауабы: 1833-1841жж.

3.Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның мектебі қай жылы ашылды?

Жауабы:1841ж

4. Қай жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізін зерттеумен шұғылданды?

Жауабы: 1848-1849жж.

5.1831ж 18-қыркүйекте қай қалада әскери училище ашылды?

Жауабы: Семей

6. Оралда А.С.Пушкин қандай поэмамен танысты?

Жауабы: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».

7. Азиялық училищелер қай жылдан бастап ашыла бастады?

Жауабы: 1789ж


8. 1836ж жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала.

Жауабы: Өскемен.

9. Білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға жіберіп отырды?

Жауабы: Хиуа,Бұхара,Самарқан.

10. «Қырғыз-қазақ яғыни қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының суреттемесі»еңбегінің авторы кім?

Жауабы: А.И.Левшин.

Топтар бір-бірін:Фармативті бағалау:бағдаршам арқылы:Жасыл-өте жақсы Сары-жақсы Қызыл-қанағаттанарлық

ІІІ. Қызығушылықты ояту. «Тұлғаны таны»ойыны.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқулықпен жұмыс,Постер,Қартамен жұмыс.

Оқушылар постерлерін дайындап болғанша Сүйінбай Аронұлының «Атадан қалған асыл соз»атты толғауы қосып тындатамын

І-топ «Ақындар». М.Өтемісұлы мен Д.Бабатайұлы,Ш.Жарылғасынұлы

ІІ-топ «Күйшілер».Ш.Қаржаубайұлы мен С.Аронұлы.Н.Жаманқұлұлы

Постер қорғалып болғанан кейін екі топ бір-бірлеріне тақырыпшалары бойынша сұрақтар қойылады.

Екі топ бір-бірлерін:Фармативті бағалау:«Бас бармақпен» .

ІV.Сергіту сәті «Математикалық ойын».

  1. 726х2+280=1804 М.Өтемісұлының туған жылы.

  2. 1000х2-198=1802 Д.Бабатайұлы туылған жыл.

  3. 845х2+118=1808 Ш.Қаржаубайұлы туылған жыл.

  4. 3800:2-64=1986 Махамбет пен Исатайдың көтерілісі.

  5. 700х3-278=1822 С.Аронұлы туылған жыл.

  6. 4000:2-154= 1846 М.Өтемісұлының қайтыс болған жылы.

V.Сабақты бекіту. Баламалы тест. «Иә» немесе «Жоқ»/оқушылар иә болса жасыл бағдаршам көтереді,жоқ болса қызыл бағдаршам көтереді/

1.Махамбет елін,жерін жанындай сүйеді,озбырлық саясат жүргізіп отырған патша отаршылдарын,халық жерін талан-таражға саған билеуші топты әшкерледі,оған қарсылығын жасырмады.Серігі қаза болғанан кейін де ол халықты көтерілісті жалғастыруға шақырды .ИӘ

2.С.Аронұлы Алматы обылысы,Жамбыл ауданына қарасты Қаракәстек деген жерде дүниеге келген.Тапқыр,тілге жүйрік. ИӘ

3.Сырым Датұлы жастайынан өзінің тапқырлығымен көзге түскен,1812ж ылы оны Бөкей хан беріш руыының Жайық бөлігінің старшыны етіп тағайындаған.Махамбеттің серігі болды. ЖОҚ



4.Шөже Қаржаубайұлы 1808жылы бұрынғы Көкшетау обылысының Қызылту ауданында,кедей отбасында дүниеге келген.Жастай екі көзінен бірдей айырылсада,қобыз тартып,өлең айтуға машықтанды. ИӘ

5.Шернияз Жарылқасұлы шешендік өнерге,ауыз әдебиетіне жасынан құмар болған оның ақындық талабыерте оянған.Феодал топтпрдың оғаш мінездерін әжуалап,уытты мысқылмен әшкерлеп отырды. ИӘ

6.Нысанбай «Наурызбай-Ханшайым»дастанында Есет батыр көтерілісін жырлады. ЖОҚ

Кері байланыс:Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында 2030жылға дейін экономикалық,әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың,денсаулықтың,білімділіктің қажеттілігін атап көрсеткені мәлім.Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру атты»мақаласын негізге ала отырып рухани жаңғыру бастауы салауатты атты ұранмен бүгінгі сабағымызды қортындылай келе өзіміздің бүгінгі сабақта түсінгенімізді өз ой пікірлеріңізді стикерге жазып жабыстырып сабағымызды аяқтайық.

ІV.Үйге тапсырма.Қосымша әдебиеттерді пайдаланып ақын жыраулардың кез-келген шығармаларын жаттау.

V.Бағалау: Топ жетекшілерге берілген бағалау парақшасы арқылы қортынды баға қойылады.



















Шекарашы орта мектебі.


Бтьекітемін: Тексерілді.

Мектеп директоры: ОІМ: Д.Р.Зағиялова

Г.Ж.Серікбаева











Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың

І жартысындағы қазақ әдебиеті мен музыка өнері.


/Ашық сабақ/


Рисунок 13 Picture 2 Picture 2






Сынып: 8

Пән:Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Сәлімқызы Жанат


2018ж

Жариялаған:
Сәлімқызы Жанат
03 Ақпан 2019
783
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі