Материалдар / Ашық сабақ "Химия өнеркәсібі" 9сынып

Ашық сабақ "Химия өнеркәсібі" 9сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы сабағымда тақырыпты меңгерту үшін жаңартылған білім мазмұны бойынша тәсілдерді тиімді пайдалануға тырыстым.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспарлау.

Пәні: География Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Химия өнеркәсібі.


Мектеп: С.Қожанов ЖОМ

Мұғалім: Тажибаева М.

Күні:05.12.2018

Сынып: 9 Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Қазақстанның химия өнеркәсібінің салаларын және құрылымын таныстыру.


Сабақ мақсаттары:

Қазақстанның химия өнеркәсібін сипаттау.Қазақстанның химия өнеркәсібінің құрылымын таныстыру.


Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Қазақстанның химия өнеркәсібін сипаттайды.

Тіршілік үшін химия өнеркәсібінің маңызын біледі

Қазақстандағы химия өнеркәсіп салаларын сипаттайды

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология: Қазақстанның химия өнеркәсібі.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:Кен химия,негізгі химия,полимер химиясы.


Оқылым: Мәтінді оқи отырып, Қазақстандағы химия өнеркәсібін зерделейді.

Тыңдалым: Оқушылардың өзара пікір алмасуы.


Айтылым,жазылым :Оқушылар Қазақстандағы химия өнеркәсібін ауызша және жазбаша сипаттайды.


Құндылықтарды дамыту

Құндылықтарды дарыту топтық,жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих,биология пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда жүзеге асады.

Алдыңғы оқу: Қазақстанның су қорын қорғау.


Жоспар.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Оқыту ресурстары

Басталуы

(Кіріспе):

10 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, жұмысорнының сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

2.Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу- кен химия,полимер химиясы,химимя-фармацевтика болып 3 топқа бөлінеді.

3.Үй тапсырмасын пысықтау:»Серпілген сауал»

«Полиглот» әдісі. Әр топқа 5 химиялық элемент беріледі,қазақша,орысша,ағылшынша айтылады.



А4 парағы, маркер

Ортасы

Негізгі бөлім

5 минут



5 минут


2 минут


5 минут











10 минут




















Жаңа сабақ:

4. Топтық жұмыс- «Бірге ойланайық»: 1-топ: Кен химия, негізгі химия.

2-топ: Полимер химиясы

3-топ: Химия-фармацевтика.

Қазақстанның химия өнеркәсібі жайлы бейнетаспа.


Сергіту сәті


4.Картамен жұмыс- Қазақстанның химия өнеркәсібін картадан көрсету.




5.»Түймедақ» әдісі



6. Жаңа тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Химия өнеркәсібі қанша салаға бөлінеді?

2.Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән.Оларды ата.

3.Еліміздегі негізгі химиясын «төрт таған» өндірісі құрайды.Оларды ата.

4.Қазақстандағы пласмасса зауыты қай қалада орналасқан?

5.Фармацевтика өнеркәсібі орналасқан қалаларды ата.

6.Қазақстандағы өнеркәсіптердің ішіндегі ең лас саласы?




Оқулық, кеспе қағаздар, А4 қағаздары, флипчарт, маркерлер


Интерактивті тақта





Суреттер үлестірме

















стикерлер

Аяқталуы

Қорытынды

3 минут

7.Кері байланыс



8.Критерийлер арқылы бағалау қорытындысын жасайды. Топтық бағалауды топ бағалаушысы қояды.Әр дұрыс жауапқа бір жетоннан беріліп отырады.Сабақ соңында балалардың балы таныстырылады.

Үй тапсырмасы: Кескін картаға Қазақстанның химия өнеркәсібін түсіру.


Стикерлер үлестірме

Қосымша ақпарат:


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Оқушыларға кез-келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап,талдай білу дағдысын белсенді дамыту.Қабілеті жоғары оқушыларға басқаларға қарағанда тақырыбы күрделі,тапсырмалар беру




Оқушылардың жеке тапсырмаларды орындау барысында мен оқушының оқуы қай сатыда және де жоғары нәтижеге қол жеткізу керек,білімін толықтыру үшін не істеу керектігі жайында тиімді кері ьайланыс беріп отырамын.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Рефлексия:

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?









Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе ең табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?













































Бөлім 3 Физикалық география

Бөлімше : 3.1 Гидросфера

Мектеп: С.Қожанов атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімдер: Ибраева Г.А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы

Дүниежүзілік мұхиттың құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақ -саттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.3 –Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды

Сабақ мақсаттары

Дүниежүзілік мұхит туралы ақпарат алу

Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін анықтау

Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын сипаттау

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық және сапалық ақпараттармен жұмыс істей алады;

Дүниежүзілік мұхиттың құрамдас бөліктерін анықтай алады;

Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын сипаттай алады;

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Сабақ барысында кездесетін тапсырмаларда сөздің мағынасын ажырату, түсіну немесе мәтінді оқу арқылы эссе жазу.

Мұхит...................................................................................Теңіз......................................................................................Шығанақ...............................................................................Арал.......................................................................................Бұғаз....................................................................................... Түбек ......................................................................................

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен судың үш түрлі жағдайында байланысады

математика пәнімен есеп шығару барысында байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім

Су ресурстары, гидросфера

Сабақ барысы

кезеңдер



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы

0-5 мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері» сабаққа жұмылдыру, топқа бөлу: теңіз, бұғаз бен шығанақ, өзендер, көлдер бойынша.

  • Бейне материал көру арқылы

сабақтың мақсатын анықтау;


  • Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу

  • 1.Су ресурстары дегеніміз не?

2.Ол гидросфераның қанша пайызын алады?

3.Су ресурстары Жер аумағында қалай таралған?

4.Су ресурстарымен ең жақсы қамтамасыз етілген елдер?

5.Гидросфераның 97%-ын не алып жатыр?

«Мұхиттар қалай пайда болды» бейнебаян






5-10 минут













































10-15 минут

























15-25 минут





























































25-35 минут

Мәтін беріледі немесе оқулықты оқыту

Дүниежүзілік мұхит - гидросфераның негізгі бөлігі. Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған. Аумағы 361 млн. км2, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы).

 Дүниежүзілік мұхитқұрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр.

Тапсырма 1 . Дұниежүзілік мұхит туралы ақпараттардағы сандық мәліметтерді өңдеу,яғни дөңгелек диаграмма бойынша дайындау. Мәліметтер туралы өз ойларын жазғызу.

Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық және сапалық ақпараттармен жұмыс істей алады;


1

Дүниежүзілік мұхит туралы сандық ақпараттарды географикалық түрде бейнелей алады.



2

Дүниежүзілік мұхит туралы сапалық сипаттама жаза алады.





Бағалау: Жұмысын қорғаған жолдасын оқушылар өзара дескриптор арқылы бағалайды.

Тапсырма 2 –

Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс.

  • Мұхит –

  • Теңіз –

  • Шығанақ –

  • Бұғаз –

  • Арал –

  • Архипелаг немесе топарал–

  • Түбек -

Оқушылар жоғарыда берілген терминдердің анықтамасын табады. Әрқайсысына 5-10 нысан номенклатура жазады.

Дескрипторлар:

- Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдердің анықтамасын жаттап, бір-бірінен ажырата алады.

3 тапсырма. Суретпен жұмыс: «Жүгіртпе шынжыр әдісі»

Оқушылар стикерде жазылған гидросфераның құрамдас бөліктерінің атауларын тиісті мұхиттың жанына орналастырып шығады.Ортаға Тынық,Атлант,Үнді, солтүстік Мұзды мұхиттардың суреттері ілінген:
Кариб теңізі, Араб теңізі, Жерорта теңізі, Лаптевтер теңізі, Жапон теңізі,Бенгал шығанағы,Гвинея шығанағы,Аляска шығанағы, Ботник шығанағы, Мадагаскар аралы, Гавай аралы, Жаңа Жер аралы,Куба аралы. Скандинавия түбегі, Аппенин түбегі, Араб түбегі, Таймыр түбегі, Сомали түбегі,Үндістан түбегі.





Қосымша 3- кестені толтыруды үйге беремін.



Мұхит атаулары

Мұхиттың құрамдас бөліктері

1

Тынық


2

Атлант


3

Үнді


4

Солтүстік Мұзды


Дескрипторлар:

- Оқушылар суретпен жұмыс жасауда мұхиттардың құрамдас бөліктерін дұрыс орналастыра біледі



4 тапсырма топтық жұмыс- «Бірге ойланайық»

Оқушылар 4 топқа біріктіріледі. Төрт топқа арал, теңіз, шығанақ, бұғаз атаулары беріледі. Олар осы нысандарды географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды.



Теңізді сипаттау жоспары

  • Теңіздің аты- Саргасс теңізі;

  • Орналасқан мұхит;

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Теңіздің тереңдігі;

  • Теңіздің алып жатқан климаттық белдеулері;

  • Қандай бұғазбен, теіңзбен/мұхитпен біріккен?

Аралды сипаттау жоспары

  • Аралдың аты- Гренландия аралы;

  • Орналасқан мұхит немесе теңіз

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Аралдың ауданы; (палетка әдісімен картадан анықтап алуға болады)

  • Аралдың алып жатқан климаттық белдеулері;

  • Арал қандай мемелекеттің иелегінде?

Бұғазды сипаттау жоспары

  • Бұғаздың аты- Мозамбик бұғазы;

  • Қосатын екі мұхиты немесе екі теңізі ;

  • Материктерге катысты орналасуы; Ажыратып тұрған екі құрлығы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

Шығанақты сипаттау жоспары

  • Шығанақтың аты-Мексика шығанағы;

  • Орналасқан мұхит;

  • Материктерге катысты орналасуы;

  • Меридианға қатысты орналасуы; (шығысы немесе батысы)

  • Экваторға қатысты орналасуы; ;(солтүстік н/е оңтүстігі)

  • Көршілес теңіздер мен басқа нысандар;

  • Шығанақтың ауданы;

Дескрипторлар:

- Дүниежүзілік мұхиттағы обьектілердің географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттай алады.



Мәтін



























































Терминдер



































































Жоспар, флипчарт, маркер















































Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақты бекіту: Кері байланыс

Өте аздап аздап сенімдімін өте сенімдімін

сенімсізбін сенімсізбін сенімдімін



Бағалау. Әр тапсырманың жауаптары бойынша өзін-өзі бағалау.





Үй жұмысы:

§ 26 оқып келу. Дүние жүзілік мұхиттарды кескін картаға түсіріп келу (әр мұхитты әр түрлі түспен), мұхиттардағы нысандарды кескін картаға түсіріп, жаттап келу.















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

  • Географиялық обьектілерді сипаттауда байқалды

Қабілеті орта оқушылар:

  • Мәтін оқудағы «Түртіп алу» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;

  • «Жүгіртпе шынжыр» әдісінде белсенділік танытады

  • Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар-терминдермен жұмыс;

  • Мұғалімнің қолдауы;

Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.







Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Оқу мақсаттары дұрыс қойылған,өйткені оқушылардығ барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді деп ойлаймын.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды,тек «Жүгіртпе шынжыр»әдісінде 4 оқушы ғана шығып үлгерді.Қабілеті жоғары оқушылар көбін көшбасшылық міндет атқарады,топтық жұмысты ұйымдастырады.













САБАҚ:

7.1.1.2. География ғылымының дамуы.

Мектеп:С.Қожанов атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің есімі:Ибраева Гүлшат Абдуллаевна


СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтау және сипаттау.


Сабақмақсаттары

Барлықоқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

  • Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттайды.

Оқушылардыңбасымбөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбіроқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалаукритерийі

Оқушы

  • Саяхатшылар, зерттеушілердің жүру маршруттарын карта арқылы анықтайды;

  • Географияның дамуына ортағасырлық саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлестерін талдайды;

  • Қазақ Географиялық Қоғамының жұмысына баға береді.


Тілдік құзіреттілік


Мәтінмен танысады, оны оқиды және сол арқылы саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттайды. Бір-бірінің пікір ұсыныстарын тыңдайды және үлестірмемен жұмыс істейді. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді.

Пәнге қатысты сөздік қор, терминдер: География дамуы тарихының кезеңдері, Эратосфен,Страбон,Марко Поло,Герард Меркатор,Фернан Магеллан,Христофор Колумб,А.Гумбольдт,Миклухо-Маклай Н.Н. ,Шоқан Уалиханов,В.В.Докучаев,Жак Ив Кусто.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар , топтық тапсырмалар, кері байланыс парағы,өзін-өзі бағалау парағы, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Сен маған ұнайсың, өйткені...» әдісі «Жауаптар эстафетасы»,«Суреттер сөйлейді»әдісі,«Әлемді шарлау» әдісі, «Сұрақтар шеңбері», Картамен жұмыс,Өзін-өзі бағалау, Кері байланыс.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих, картография.

Алдыңғытақырып

7.1.1.1. Географияны зерттеу нысандары

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланғанжаттығулар (төменде

жоспарланғанжаттығуларменқатар,

ескертпелердіжазыңыз)

Ресурстар

Басталуы3 минут





«Жауаптың эстафетасы» әдісі (4минут)


Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сергіту сәтін «Сен маған ұнайсың, өйткені...» әдісімен ұйымдастыру. Таулар,өзен-көлдер,өсімдік, жануарлар суреттері бойыншатөрт топқа бөлу.

«Жауаптың эстафетасы» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру, жұптық және жеке тапсырмаларды орындау:

1.География нақты нені зерттейді?

География  «жерді сипаттау» деген мағына береді: гео — «Жер» және графо — «сипаттап жазу», «суреттеу» — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым.

2.Гографиялық зерттеулердегі басты мәселе қандай?

3.Географиялық қабық дегеніміз не?

4.Табиғат компоненттеріне не жатады?


География ғылымының дамуы туралы тапсырмаларды орындауға бағыт беру

4. Видеокөрсетілім-2 минут

5.Үш тұғырлы тіл-дәптермен жұмыс: 1.Жер ғаламшары – планета Земля- earth- land 2.Географиялық зерттеулер – географические исследования – geographical exploration 3.Саяхатшы- путешественник - tourist

4. ғалым – ученый - scientist

5.Қазақстан Республикасы-Республика Казахстан- Republic of Kazakhstan


Үлестірмедегі сурет бойынша топтарға бөлінеді.


«Жауаптың эстафетасы» әдісі









Видеокөрсетілім қарайды

www.youtube.com


Дәптермен жұмыс



Ортасы 20 минут

Топтарға тапсырма:

(Суреттер мен үлестірмелерді тарату)

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу


Қолдану 8 минут «Суреттер сөйлейді»:


Үлестірмеге әйгілі географ- ғалымдар мен саяхатшылардың жасаған еңбектері, алғаш ашқан жерлері жазылады.

Оқушылар сурет пен үлестірмедегі жұмыстарды сәйкестендіреді.

«Әлемді шарлау» әдісі (3 минут ) арқылы әр топ бір-бірін тексереді.







Оқушылар сурет пен үлестірмедегі жұмыстарды сәйкестендіреді.





Әр топ келесі топтың жұмысын тексереді.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

«Картадан көрсет» әдісі- атласпен жұмыс:

Қазақстан,Америка,Азия,Еуропа,Африка,Тынық мұхиты, Аустралия,Үндістан,Атлант мұхиты,Үнді мұхиты,Кариб теңізі, Солтүстік Мұзды мұхиты.

Ф.Магелланның жолын сипатта

Ш.Уалихановтың жолын сипатта


Ф Магелланның жолын көрсетіңдер

Ш.Уалихановтың зерттеу жолын сипатта


«Сұрақтар шеңбері » әдісі

Оқушылар бір-біріне «Кім?», «Не?» сұрау есімдіктерін пайдаланып сұрақтар қояды. Географ-саяхатшылардың суреттерін пайдалануға болады. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері немесе басқа топ мүшелері де көмектесе алады:

    1. «Жер өлшемі туралы»трактат жазған кім?

    2. 17 томдық «География» кітабының авторы кім?

    3. Ең алғашқы қазақ географы кім?

    4. Герард Меркатор не жасады? Т.б.


Географиялық обьектілерді картадан көрсетеді



«Он сұрақ» әдісі

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз? «Әлемді шарлау» әдісінде қабілеті жоғары оқушылар қатені бірден табады.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Өзін-өзі бағалау парақшасы.


Дескриптор


Шәкіл

Географиялық зерттеу нысандарын білемін

2


Әйгілі географ саяхатшыларды білемін

2


Әйгілі географ саяхатшылардың еңбектерін білемін

2


Саяхатшылардың жүріп өткен бағытын картадан көрсетемін

2


«Қазақ география қоғамын» сипаттай аламын

2



Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіругекөмектесетін не білдім?




28 Қаңтар 2019
1388
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі