Материалдар / Ашық сабақ Химиялық элементтердің периодттық жүйесінің құрылымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Химиялық элементтердің периодттық жүйесінің құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық элементтер
Авторы:
30 Қаңтар 2024
179
11 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Педагогтің аты-жөні:

Хасенова.А

Күні:08.01.2024


Сыныбы:8а


Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы

(33-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.1.1 -топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

-топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

І. Ой толғау.

Неге атомдық массасы 126.90 болатын иод химиялық элементі периодтық кестеде атомдық массасы 127.60 болатын теллур химиялық элементінен кейін орналасқан?


Күтілетін жауап Периодтық кестеде химиялық элементтер атомдық массасының өсу ретімен орналасқан. Алайда химиялық элементтер топқа элементтердің қасиеттерінің ұқсастығы қағидасы бойынша біріктірілген. Иод қасиеттері мен атом құрылысы бойынша галогендерге жатады, сондықтан 17-топта орналасқан және 16-топта орналаспайды.

Ынталандырушы сұрақ жауаптарын талқылау кезеңінде мұғалім оқушылардың білу және түсіну дағдысын бағалайды; жауап беруге қиналатын оқушыларды белгілеп алады

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Жаңа сабаққа кіріспе


ІІ.Жаңа тақырыпты оқып меңгеру.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру


Бұл материалды 7-сыныпта өткендіктен олар талқылау барысында дұрыс жауап беруі мүмкін.

Тапсырма: Химиялық элементтердің қандай жіктелуінің Д.И. Менделеев жіктеуімен көп ұқсастығы бар?

Күтілетін жауап Химиялық элементтер жіктеуінің оқып білген теориясынан Дж. Ньюлендс теориясының Д.И. Менделеев теориясымен көп ұқсастығы бар. Себебі Дж. Ньюлендс химиялық элементтер үшін «реттік нөмір» ұғымын енгізді және оларды қасиеттерінің ұқсастығы бойынша топтарға орналастырды.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

Оқушыларға тапсырмаларды орындату керек

Төмендегі Периодтық жүйеде келесі иондарды, олар түзілетін элементтерге арналған ұяшықтарға жаз.

Li+, O2-, F-, Na+, Mg2+, Al3+, S2-, Cl-, K+, Ca2+, Br-, Rb+, Sr2+, I-

Иондардың заряды және олардың периодтық жүйедегі орны туралы не байқадың?


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс

Топтық жұмыс

6 мин


Периодтық жүйедегі алғашқы 20 элементтің электрондық құрылымын ұяшықтарға толтыруын қадағалау

Периодтық жүйедегі алғашқы 20 элементтің электрондық құрылымын ұяшықтарға толтырыңыздар


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс

5 мин

Төмендегі Периодтық кестеге қажетті мәліметтерді жаздыру


Төмендегі Периодтық кестеге:

а) жоғарғы жағына топ нөмірлерін жаз,

б) металдар мен бейметалдар арасына бөлу сызығын жүргіз

в) ұяшықтардың жоғарғы жағына алғашқы 36 элементтің атом нөмірін жаз


Келесі элементтердің иондары қандай зарядқа ие болар еді?


цезий (Cs) ……….


барий (Ba) ……….


астат (At) ……….




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!