ашық сабақ Ии дыбысы және әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ Ии дыбысы және әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
сауат ашу сабағынан 1 сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:05.12.2017

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 3

Қатыспағандар саны:

Бөлімі: Мен және табиғат .

Сабақтың тақырыбы: И и дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік: Ит – собака – dog (дог)

Итмұрын – шиповник - rosehip Инелік – стрекоза –dragonfly(драгонфлай)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

И әрпіне суреттер

Буындар, маркерлер, А3

Сабақтың басы Ұйымдастыру кезені

3 тілде амандасу

Сәлеметсіздерме балалар----------Сәлеметсізбе мұғалім,мұғалімдер

Здравствуйте дети------------------Здравствуйте , учитель, учителя

Ағылшынша------ гудмонинг чилдринг----- гудмонинг тиче

Шаттық шеңбері:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Бір — бірлеріне күлімсіреп қарау. Көңіл – күйлерің сұрау.

Бүгінгі сабақта орманға саяхатқа барамыз. Немен баратынымызды анықтап алайық.

Өткен сабақты пысықтау: ненің суретін көріп тұрсындар(жүк көлігі)



Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық? (ү әріпі)

Саяхатқа баратын көлігімізде өткен сабағымызда танысқан әріпіміз барма, сөздің қай жерінде тұр?

Жүк деген сөзді буынға бөлеміз

Жақсы балалар, келесі ойын.

Доппен ойын

«Доты қағып ал»әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)

Әріп деген не? (көреміз, жазамыз)

Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)

---- ү дыбысы ,қандай дыбыс?(дауысты)

------ Ү әріпі сөздің қай жерінде жазылады?(басында, ортасында)

------ отбасы мүшелерін ата (ата, әже , әке, ана, ).

Жақсы , балалар, жолымызды әрі қарай жалғастырайық.

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып

Орманға кіру үшін алдымызда кедергі тұр, ол не екен балалар?

Иттің суреті

Ит – собака – dog (дог)

Дұрыс балалар, ит деген сөз қандай дыбыстан басталады? (и дыбысы)

Сонда біз бүгін қандай әріппен танысамыз ?

И дыбысын дыбыстың қай түріне жатқызамыз,неге, қандай үйшікке саламыз?

Бағалаймыз бармақ әдісімен

Әрі қарай жүреміз

Алдымызда не көріп тұрмыз, қандай жемістің суреті? (итмұрын) Итмұрын – шиповник - rosehip

Итмұрын деген сөзді буынға бөлеміз. Неше буыннан тұрады?(3 буыннан)

Бағалаймыз

Орманға кірдік, орман іші қандай керемет.Неше түрлі ағаштар, гүлдер, жәндіктер бар .

Балалар мында қарандар, сендерге тағы орман ішіндегі бір тапсырма бар екен. Әдемі гүлдерге әдемі бір жәндік қонып тұр,ол қандай жәндік? Инелік – стрекоза –dragonfly(драгонфлай

Инелік сөзі қандай әріпптен басталады? Гүлдегі сөздерді оқып , буынға бөлеміз.

Жақсы , балалар . осымен табиғатты тамашаладық ,и әріпі сөздің қай жерінде жазылады?

(басында, ортасында, соңында)

Сергіту сәті:

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Дәптермен жұмыс

Әріпті жазу

Оқулықпен жұмыс

Сөздерді оқу бағалау

2тапсырма айырмашылығын табу

ТShape2 Shape1 иін тиын

Shape3

І ы



Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз жұмысымен бірге басқа балалардың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі